Хром қоспасымен жуу. Хром қоспасы ең тиімді жуғыш заттарға жатады. Бірақ оны дайындау мен қолдану - өте абайлық пен ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сусызданған хром қоспасының теріге және сілекей қабатына әсері сұйытылған күкірт қышқылыныкінен де қауіпті болады. Органикалық сұйықтармен хром қоспасы кейде қопарылыс бере реакцияласады. Бұндай қопарылыс сирек жағдайда ғана болғанымен, олар аса қауіпті, өйткені хром қоспасының шашырандысы көзге түссе өте ауыржарақат береді. Хром қоспасында түзілетін CrO3 хром тотығы - ұшқыш, күйдіргіш зат.