Иодталған көмірді дайындау. 100г активтелген көмірге құрамында 10г иоды және 20 г калий иодиді бар 200 мл сулы ерітіндіні құяды. Массаны қарқынды шайқайды. Ерітінді түссізденгеннен кейін көмірді сүзіп алып, 100-120С температурада 2 сағат кептіреді. Қалған калий иод ерітіндісін иодты ерітуге қайтадан пайдалануға болады.
Иодталған көмірдің сыйымдылығы марганец диоксидіне қарағанда әлдеқайда төмен, бірақ дайындалуының қарапайымдылығына қарай оны ұсынуға болады.
Силикогельді жұтқышты дайындау. Жұтқыш әзірлеу үшін силикагельдің 0,5-1,0 мм өлшемдегі бөлшектері жарамды. Түйіршектелген силикагельді уатады да, елеуіш арқылы керекті фракциясын елеп алады. Бұдан соң сұйытылған тұз қышқылының (11) 3мл мөлшерін 1г силикагель мөлшеріне есептей, оны қайнатып өңдейді, одан кейін сүзіп, дистилляцияланған жылы сумен Cl¯ ионының жоқтығын көрсететін реакцияға дейін жуады. Силикагельді 100-110С-та кептіреді, 700-750С-та муфель пешінде қыздырады, одан соң суытып, тығыз тығыны бар склянкаға салады да, ыстық қаныққан калий перманганаты ерітіндісін құяды, мұқият араластырып болғаннан кейін оны төгіп тастайды. Силикагельді вакуумда қыздырусыз кептіреді және тығыз тығыны бар склянкада сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |