2 жүргізуші: Ақынның беріліп, шабытпен кең жырлаған тақырыбы- махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды, адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, екіншісі сүймеген, біреуі адал, екіншісі опасыз сияқты құлап-жығылу сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне, әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның махаббат лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық.
1 жүргізуші: Тыңдаушының сезімін баура, аққу арманның үніндегі, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды.
(Махаббат туралы 4 өлең: Б.Калиакбаровна; Г.Болатовна)
Ән «Білмеймін» Динара мен Асланның орындалуында
Достарыңызбен бөлісу: |