Әдеби поэзия кеші Тақырыбы: «Өлең, мен сені аялап өтем!»



Дата08.09.2017
өлшемі110,78 Kb.
#30340
«№ 236 орта мектебі» КММ

Әдеби поэзия кеші

Тақырыбы:

«Өлең, мен сені аялап өтем!»

(Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойына арналған)



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.С.Молдабаева

Шуақ ауылы

2010-2011 оқу жылы

Әдеби поэзия кешінің тақырыбы: «Өлең, мен сені аялап өтем!»

Кештің мақсаты: Ақын шығармашылығының мұрат-мақсатын айқындай отырып, ақын-Фариза, алты алаштың аяулысы – Фаризажан, халық үшін мәңгілік Фариза қыз екендігін таныту арқылы оқушылардың ой-пікіріне бағыт-бағдар беру және елін, жерін сүйген ақын еңбектерін үлгі ете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ақын өмірі туралы слайд, ақын туралы ойлар, портрет, өлеңдер жинағы.

Әдісі: Поэзия кеші

Барысы:

Баяу музыка ойнап тұруы керек. Сахна сыртынан анық дауыспен жүргізуші жігіт былай деу керек: - Тіл өнерін адам болмысымен пара-пар қойып келген халқымызда атышулы ақындарын жинап, жыр жарысын өткізетін дәстүрі болған екен дейтін аңыз бар. Сонда ең әуелі бас төреші Абыз былай деп сөйлейді екен:



  • Халқымның қаймағы сендерсіңдер, ақындарым! Жақсылықтың бастауындай бұл күні көңілдеріңде тұнған сырдың тума бұлағын ағытыңдар! « Ақыны патшасын іздесе – көргені елдің сор болар, патшасы ақынын іздесе – бақытты халық сол болар» деген екен бір данышпан.

Енді бір сәт бүгінгі ұрпақтың үніне құлақ қойып, жас толқынның

шабысын байқайық! Жүректерінен шыққан өз жырларын тыңдайық!



( Оқушылар өз өлеңдерін оқиды )

Абыз: - Мақтадыңдар болашақты, мақтадыңдар олармен. Бірақ көзім анық жетпей сене алмаспын құр сөзге. «Сүйікті ақыны жоқтың рухани жақыны жоқ» деуші еді. Бүгінгі ұрпақ ақындардан кімдерді сүйіп оқиды, білсем деп ем осыны?

1- оқушы: - Абыз ата, сұрағында салмақ жатыр тым ауыр,

Дегенмен де, жауабым да тұр әзір.



2 – оқушы: - Өстік біздер жаттап дана Абайды,

Көрдік одан асқақ рухты арайлы.



3 – оқушы: - Болмасақ та тырыстық біз ұқсауға,

Әркім өзін Махамбет деп санайды.


4 – оқушы: - Мағжан, Сәкен жырларына кетер кейде тым деңдеп,

Мұқағали, Жұмекенненжырлар оқу ғанибет.



5 – оқушы: - Осылардың ізін басқан бір ақын қыз бар еді,

Фариза деп, ақын қыз деп сыйлайтын жұрт құрметтеп.


Бәрі кілт тоқтап, жүздерін көрермендерге бұрып: Фариза, Фариза... Оңғарсынова. Осы кезде Мұқағали Мақатаевтың «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» әні айтылады. Ән айтылып біте бере, сахнаға жүргізуші қыз бен жігіт шығады.

1-Жүргізуші: - Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

2-Жүргізуші: - Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар!

1– жүргізуші: - Өлең сөздің мұхиты Мұқағали ардақты қазақтың ақын қызының асыл бейнесін осы бір жолға сыйғызып кеткен. Ақын – Фариза, алты алаштың аяулысы – Фаризажан, халық үшін мәңгілік Фариза қыз.

2 - жүргізуші: Осы ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

1– жүргізуші: «Өмір – үлкен мектеп» дегендей Фариза апамыздың өмір мектебінен 7 «А» сынып оқушысы Әуесханова Гүлім сыр шертеді.

2-Жүргізуші: - Ақындық жаратылыстың адамзат баласына берген айырықша сыйы. Ай, жұлдыз, жусанды дала, қарағайы, тал-қайыңы тербелген қара орманы, таулары аманда ақындық өнерінің өлмесі, жырдың жазыла берері сөзсіз. Табиғатты жырға қоспаған ақын жоқ. Соның бірі – Фариза. «Сексен көл – сексен сұлу қадалғандайә 5»А» сынып оқушысы Құлжатаева Меруерт.

1 – жүргізуші: Кез-келген ірі тұлға сияқты Фаризаның да қыры көп. Ең бағалы қырларының бірі: оның болмысында жасандылық жоқ.

Фаризаның поэзиясы өршіл, патриоттық сезімге толы. «Қазақстан» 6«А» сынып оқушысы Ерғалиева Дария, Қыдырханов Ербол.



2– жүргізуші: Фариза – биік сезімнің ақыны. Фариза өлеңдері өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл адамзаттың арман – мүддесімен біте қайнасып жатады. «Туған жер»,

«Сәлем саған, Торғайдың топырағы» Күлтеренова Анар, Мұратбекова Назерке 7 «А» сынып оқушыларының орындауында.

1 – жүргізуші: Фариза – поэзияның хас таланты. Оның поэзиясында жыр әлеміне тән құбылыстың бәрі бар. Бірде Атыраудың ақжол толқынды айдынындай аспанға ақ көбігін ата шапсысы, енді бірде ой мен мұңның түпсіз тұңғиығына шым батқан түнгі аспандай адам қиялын алысқа, тым алысқа жетелеп алып кететін сиқыры мен сыры мол, оты мен мұзы, жалыны мен сызы қатар өріледі. «Мұрагер», «Бірлік туралы жыр!» Шаяхметов Мейір, Мауенова Нұршат 6«А» сынып.

2– жүргізуші: Фариза кешегі – Тұмар ханымнан бастап, Әлия мен Мәншүкке дейінгі ұлтымыздың қаһарман қыздарының поэзиядағы қайталанбас көрінісі. Оның жасындай жарқыраған өр рухты өлеңдері жылағанды жұбатты, қамыққанды қуантты. Оның жырларына Махамбеттің асқақ рухын, Мұрат ақынның түпсіз терең мұңын, Құрманғазының кемерінен асып төгілген шалқар шабытын жаздай танисыз. «Ән қандай, ән болмысты қыздар қандай», «Тағдыр жайлы, ел жайлы, қаза жайлы» Омарова Назым, Тұрсынова Назым 7«А» сынып.

1 – жүргізуші: Фариза – күрескер, Фариза – қайраткер, Фариза – азамат. Маған оның поэзиясындағы рухы, мінезі ұнайды – деп Еңбек ері Кәмшат Дөненбаева айтса,Фариза өзі:

Достарым менің жырларым,

Құштарлық қысқан кеудемнен,

Бұрқырап жатқан бір жалын – деп жырлайды.



«Достық Отаны» Хасырова Жанбота 5 «А» сынып.

2– жүргізуші: Фариза – ақын, халықтың ұғымында үлкен әріппен, алтын әріппен жазылатын ақын. Оны ақын Оңайгүл Тұржан өз өлеңінде былай деп жеткізеді. «Тыңдасаңыз – бір өзі бір ғалам – дүр».

1 – жүргізуші: Әр қадамы халқының көз алдында биіктеп бара жатқан Фариза оңғарсынова туралы қысқа лебізімізді түйе келіп, замандасы, ұлы тұлғалардың бірі Мұқағали Мақатаевтың «Жігітінен қазақтың дос таба алмай, қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын» деуіне қарап, тұлпарды тұлпар танитынына, сұңқарды сұңқармен қанаттас болатынына көз жеткізгендей боламыз.

2 – жүргізуші: Қазіргі кезде әдебиетімізде үлкен тұлғаға айналған ақын – Фариза, қоғам қайраткері – Фариза, саясаткер – Фариза туралы сөз қозғау кімге болса да оңай шаруа болмаса керек. Белгілі бір жасқа келіп, өмірдің ащы-тұщысын татқан тағдырдан талай теперішті көріп, тауқыметін тартқан,

соған төзе білген, соны жеңе білген қандай адам болса да мадақ – мақтанға тұрарлық. Себебі ол саналы ғұмырында өмір үшін күн сайынғы күрестің жеңімпазы.



Ән: «Жайықтың толқындары» Фариза Оңғарсынова.

1 – жүргізуші: Фариза – кең тынысты, жілікті жүйрік, сан қырлы талант. Бүгінгі кеште оның жүрдек журналистігіне, жанарлы жазушылығына, ақберен ақындығына көзіміз анық жеткендей.

2 – жүргізуші: «Күніне бір өлең оқыған адам – ақын. Айына бір өлең оқыған адам – адам» депті бір данышпан. Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанмен, адам болу парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Олай болса, осы кеште Фариза Оңғарсынова жырлары сіздердің жандарыңызды жылытып, жүректеріңізді тербетеді деген ойдамыз. Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет, қош, сау болыңыздар!

«№ 236 орта мектебі» КММ



Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы:

«Көктем»

(Ашық сабақ)

Өткізген: Э.С.Молдабаева

Шуақ ауылы

2006-2007 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:

Көктем туралы мағлұмат беріп,әңгімелеу. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау арқылы өткен сабақты қайталау.



Ә) Тәрбиелік:

Оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, ақылды болуға, «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге», әдепті әрі кішіпейіл болуға тәрбиелеу.



Б) Дамытушылық:

Оқушыларды тіл мүкістігін болдырмауға, мәдениетті сөйлеуге, мәдени сауаттылыққа үйрету. Сөздік қорлары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, перфокарталар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ( амандасу, түгендеу )

II.Үйге берілген 2, 3 тапсырмаларды сұрау ( 110 беттегі)

III. Сабақтың мақсатын айту.

Кіріспе сөз:

Көктем – жыл мезгілдерінің бірі. Көктем мезгіліне наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады. Көктем шыққан кезде далада жатқан қар ериді, ауа райы жылына бастайды. Жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, жер бетінде ең алғашқы гүл – бәйшешек гұлі шығады. Көктемде күн ұзарып, түн қысқарады, малдар төлдейді, жер беті жасыл көрпеге оранады, яғни жер бетіне жасыл шөптер шығады.

а) Поэзия минутын өткізу. ( Қазақтың ақын хазушыларының көктем туралы айтқан өлең шумақтарын жатқа айту.) 5 минут

ә) Сурет бойынша жұмыс. (Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында өткен сабақта үйден көктем мезгілінің суреттері салып келуге берілген. Сол салған суреттері бойынша әңгімелеу.)

б) Оқулықпен жұмыс.

1- тапсырма. Сызбалар бойынша жұмыс.

Жауап үлгісі:

Мен бүгін барамын. Мен кешке ойнаймын. Мен ертең оқимын. Мен таңертең жазамын. Мен күндіз ұйықтаймын. Мен қазір беремін. Біз әрең келдік. Біз осылайша айтамыз. Біз тез аударамыз. Біз бірталай орындаймыз. Біз үнемі дайындаламыз. Біз орта әкелеміз.



IV. Үлестірмелі қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс жасау.

В) Терме диктантын өткізу. (дәптерлерінің бір бетіне кесте сыздыртып, бес бөлікке бөлгізу, берілген сөйлемдерді оқып, оның ішінен үстеудің түрлерін кестеге теріп жазу.)

Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Қалың да емес, қыстың орта кезі болса да, биыл қар жұқа болатын. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді піскен екен. Өміртайдың жылағаны онша білінбейді. Күн көзі жер анаға емін-еркін қызуын төге бастады. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Мүмкін мұнда аң да, құс та жоқ шығар. Алеша басқышпен төмен түсіп келе жатып, бір жас баланың жылаған дауысын естіді. Аққасқа ізді көріп, біраз иіскелеп алған соң, тұмсығын ізден алмай отырып, жонды адырға қарай шауып жөнелді.



Жауап үлгісі:

Мезгіл

Мекен

Сын-қимыл

Мөлшер

Күшейткіш

Бүгін

Мұнда

Ақырын

Онша

Өте

биыл

төмен

Емін-еркін

Біраз

Мүлдем













аса

Г) Сөзжұмбақ шешу. «Көктем»

  1. Құстың аты 4. Сөз табының бірі

  2. Түстің аты 5. Үстеудің түрі

  3. Үстеудің түрі 6. Көктем мезгіліне жататын ай аты.




К

ө

к

е

к




К

Ө

к







К

ү

ш

е

й

т

к

і

Ш




Е

т

і

с

Т

і

к
















М

Е

з

г

і

л
















м

а

м

ы

р

V. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасау.

- Балалар, біз бүгін қандай жыл мезгілін өттік?

- Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?

- Осы мерекелер қалай өтеді?



VI. Үйге тапсырма: 2,3- тапсырмаларды орындау,

«Көктем табиғаты», «көктемгі еңбек», «Наурыз мейрамы» деген тақырыптардың біреуін таңдап алып, әңгіме жазып келу.



VII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет