Әдеби тіл деп нені түсінеміз? Әдеби тілдің өмір сүру формасы қандай? Әдеби тілге не енеді?



бет3/3
Дата19.02.2022
өлшемі13,46 Kb.
#132459
1   2   3
Байланысты:
Әдеби тіл деп нені түсінеміз Әдеби тілдің өмір сүру формасы қан-melimde.com

Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.

Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік
бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.



3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет