Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


Көркем туындыдағы тартысқа қатысты



бет48/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Көркем туындыдағы тартысқа қатысты


терминдер және олардың сипаты

Көркем туындыдағы конфилкт қазірде “конфликт”, “коллизия”, “ситуация” сияқты терминдермен белгілі дәрежеде байланыстылығымен танылады.


Конфликт және коллизия бір-біріне тым жақын аталуымен қатар, ең басты екі тенденция ретінде де айқын аңғарылады. Олар – бұлардың толық бір-бірімен үндестігі және толық қарама-қарсы қойылатындығы. Бұл жерде маңызды еңбек қатарындағы “Әдебиет теориясы: Тарихи негіздегі маңызды мәселелер” кітабындағы айтылған пікірді ескермей кетуге болмайды. Конфликт мен коллизияның байланыс негіздері былайша көрсетіледі: Бұл екі термин бір-бірін ауыстыра алады, олардың біріншісі “сәл тарлау мәнге ие” және “эстетикалық көзқарас тұрғысынан нақтылық жағы кемшін”. Нағыз “кең” түрдегі және спецификалық-эстетикалық көзқарасты анық танытатын термин “коллизия”.
“Эстетикалық” өлшем тұрғысынан “коллизия”, “конфликт” терминдері “коллизияның” пайдасына қызмет ететіндей көрінеді. Бұл концепцияны алғаш айтушылардың қатарындағы А.Бочарев конфликтіні нысанаға алынған өмірлік материалдар ауқымында мүмкіндігі аз деуге болады дейтін тұжырымға келеді. Әңгіме мынада: коллизия “өмірлік ситуация” үшін нақты әрі бір қырлы мәнге ие. Бұл жерде А.Бочаров В.Кожиновтың дәлелдеу тәсілдерін қайталайды: “Коллизия” терминін “өмірлік ситуациямен” ауыстыруды ұсына отырып, жаңа мәселелерді көтереді. Егер “коллизия” туындыдағы өмірлік ситуацияны бейнелесе, мұндай жағдайда ситуацияның өзі эстетикалық тұрғыдағы көркемдік ойлау болып табылады.
Аталған терминдердің өзіндік сипаттары мен өзара тығыз байланыстылығы оларды қарастыруда күрделі жағдай туғызады. Бұлардың қолданылу кеңістігіндегі айырмашылықтарды көре білу белгілі дәрежеде қиындық та туғызады. Әрқайсысының алдында шығарманың құрылымы мен ұйымдастырылуында атқаратын өзіндік жеке міндеттері бар. “Ситуация”, “коллизия”, “конфликт” өзара байланысу әрекеттерінде өзіндік тарих пен даму заңдылығына ие. Біріншіден бұл дамудың көп аспектілері Гегельде қарастырылған.
Гегель тұжырымы бойынша, ситуация туындыдағы коллизияны тарқататын, анықталған хал-жағдай. Ол ситуацияны конфликт тудыратын, “өзіне әлемнің қозғалыссыз халін сіңіру” және “өзіне нақты әрекеттің акциясы мен әсерін жасыру” аралығындағы өтпелі кезеңі деген диалектикалық көзқарасты негіздеді. Гегельдің пікірінше, ситуация осы екі басты жағалауға қатысты бола отырып, өзіне екеуіне де тән сипатты да жинақтайды. Бізше айтқанда “бір белдеуден екінші белдеуге өтеді”.
Ситуацияның әрбір түрін Гегель “тұрақтылық”, “әрекет” сияқты белгілермен түсіндіреді.
Ситуацияның бірінші түрін философ “ситуациядан тыс ситуация”, басты белгісі “өз ішіндегі бұлыңғырлық”, “жалпылық” ретінде сипаттайды. Гегельдің айтуынша, бұл жол, мұнда толық анықталған сипат және тұрақтылық болғанымен, суреткердің даралық тұлғасының қалыптасуына аз ықпал етеді.
Ситуацияның екінші түрі “жалпылықтан арылған кезде пайда болады,” мәні нақтыланып, өзіндік дара сипатқа ие болады. Гегель оны бастапқы кезеңде “тұрақты қарапайымдылық қалыпта болатынын анықталған ситуация”, яғни “ешкімге, ешнәрсеге қатыссыз тыныш ситуация” деп көрсетеді. Яғни, характерлі сипаты бар болып табылатын өзінің анықталғанына, нақтылығына қарамастан өз ішінде дифференциялық әрекеті жоқ және қарама-қайшылыққа ыңғай бермейтін ситуация. “Бұл алғашқы даралық белгі әрі қарай жалғасын таппайды, сонымен бірге, ешқандай дұшпандық қарама-қайшылықта болмайды, қарама-қарсы жауап әрекетін танытпайды, өзімен өзі болады”, деп түсіндіреді Гегель.
Ғалым өз ойын ежелгі грек скульптурасына /мысалы, Милос Венерасына/ сілтеме жасай отырып, барынша таныта түседі. Яғни қаһарман не құдайдың ерекше характеріне емеурін жасаса да оны басқа құдайлармен байланыстырмайды, және олармен қарама-қайшылыққа түсірмейді.
Қандай жолдар арқылы ситуациядан коллизия туындайды? Егер ситуация өзімен бірге “қозғалыс сәтін” жарияласа, онда бұл жерде қайсыбір кезеңде оның ары қарай нығая түсетінін және екіге жіктелетінін, өз тараптарынан шұғыл түрде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетінін түйсінуге болады.
Көрсетілген екіге бөлінудің диалектикалық негізін Гегель өзінің “Логика ғылымында” былайша түсіндіреді. “Ешнәрсе де ғұмырлық емес, тек ол өзінің жағымды жақтарын анықтаса, сол сәтте жағымсыз белгілерін де танытады, бір-бірін сүйемелдейді, егер олар өздігінен қарама-қайшылық сипатқа ие болмаса, онда негіз де, әрекет те, қарама-қайшылық та жоқ болады”. Бұл ойлар, байқап отырсақ, өмірлік жалғасы бар болып табылатын ситуацияға жетелейді (егер ол коллизияға байланысты болса).
Сонымен, коллизия, Гегель түсіндіруінше, анықтылықтан екіге жіктелу дәрежесіне дейін жететін ситуациядан туындайды. Тәртіп бұзған ситуация сияқты, коллизия өзінің сапасын сақтап қала алмайды.
Ситуация туралы Гегель пайымдауындағы ұстаным жете үңілуге тән, бұл оның шығармашылық дамуының жалғасы. Кейінгі уақытта гегельдік “ситуация” терминінен бөлек түсіндіру бой көрсетті. Бұл бағыттың басында Р.Ингарден тұр. Ол эстетикалық ситуацияны туындаған және енді туындайтын құбылыс арасындағы байланыс, шығарманы “тудырушы” мен оны тұтынушы – оқырман арасындағы байланыс негізінде қарауды ұсынады. Ұқсастыра түсіндіру әдеби талдауды бөгде көзқарасқа алып кететінін ескерген жөн.
Ситуацияға қатысты гегельдік ұстаным сюжеттің кез келген сәтінде әрекет иелері арасындағы қарым-қатынас пен байланысты қадағалауда жақсы нәтиже беруі екіталай. Мұндай жағдайда ситуация міндетті түрде сюжетпен және персонажбен ара қатынаста болады. Ол сюжетсіз туынды сияқты бола алмайды. Ситуациялар арасын “статикалық” және “сюжеттік” деп айыру олардың бір-біріне тәуелділігіне қатысты тұрғыда немесе сюжеттік-композициялық құрылымның басқа қырынан келгенде де тым шартты.
“Сюжетті ситуация” сондықтан да үнемі біркелкі қалпын сақтай бермейді, одан нығайып, жетілген ситуацияға тезірек бұрылу мүмкіндігі бар. Ол болашақта конфликтінің өрістеуіне жол ашады.
Даму үстіндегі ситуация “конфликт” категориясымен тығыз байланыса алады. Егер бұл пікірмен келіссек, ситуация әрекетін бағамдау бағытында алдыңғы орында оның өз дамуындағы кезекті кезеңдермен байланысы тұрады. Яғни, жалпы түсінікті тиянақтайтын сюжеттік-композициялық және характерлік белгілер кейін ысырылады. Г.Н.Поспелов пікірінше, ситуация – бұл “қандай да бір жете түсінетін және жоғары талғамды жазушы үшін әлеуметтік характерлер ара қатынасы”.
Конфликт қаншалықты дәрежеде ситуацияның екіге жіктелуінің көрінісі ретінде сипатталса, онда ситуацияның “өмірдегі және өнердегі драмалық конфликт дамуындағы жағдай мен себептердің айқын жиынтығы екендігі” нақты дәлелдеуді қажет етеді. Әдебиетке үйлестіре қарағанда ситуация – бұл суреткердің көркем туындыда жаңғыртуындағы себеп пен жағдайдың, коллизия тудыруға мүмкіндігі бар позициялардың (оның негізі – конфликт) жиынтығы. Байланыс тәсілдеріне тән жаңа коллизия мен конфликт тудыру мүмкіндігі бар ситуацияны “тарамдалып кетуден” алдын-ала сақтандыру орынды.
“Конфикт” және “коллизия” терминдерін қарастыруда, ситуацияны мейлінше түсіндіруге ұмтылған Гегельдің көмегі мейлінше аз екенін айтуға болады. Бұл жерде Гегельдің “конфликт” мен “коллизияның” ізіне түсіп, тереңдей зерттелмегенін еске алған жөн. Ғалым коллизияның негізінде бұзушылық, бұзушылық болғанда “сол бұзушылық қалпын сақтап қалуға қабілетсіз, жойылып жоғалуға бейім” бұзушылық жатқанын белгілеп көрсетеді. Мұндай дәлелдеме “коллизия” терминінің өз бетінше әрекет етуін болдырмайды. Гегель “бір ғана коллизияның өзі әлі де әрекет емес, ситуацияға тән әрекеттің қарапайым сылтауы ғана” екенін алдын ала ескертеді. Бұл жерде келесі терминді түсіндіруге дайындық айқын аңғарылады.
Философтың төменде келтірілген тұжырымдарын салыстыра келгенде, ізденіс бағытындағы келіспеушіліктің туындайтынын көруге болады:
1. “Драмалық әрекет қаншалықты белсенді түрде әрі қарай сол конфликтіні туындата түсетін ситуациямен тоқайласатын айқын коллизияны негіздейді”.

  1. Шығармадағы “коллизия” күрес пен тартысты, екіге бөліну, оқиға-

лардың жанды қақтығысын ашып көрсетеді.
Сол сияқты Гегельдің терминологиялық зерттеудегі айнымалы пікірін біресе екі терминнің сәйкес тұстарын қамти қарастырып, біресе сапалы-дистанциялық айырмашылықтарын көрсете отырып, “коллизия ” және “конфликт” терминдерінің неғұрлым дәл түсініктемесін беруге ұмтылуымен сипаттаймыз.
Қазіргі ғылымда да бұл екі терминді ұқсастыра қарастыру басым, ішінара олардың өзіндік мазмұнын түсіндіруге талпыныс жасау да аз емес. “Коллизия” концепциясы әдебиет кеңістігі, ал “конфликт” өмір кеңістігі. Бұл пікір А.Зисьтің “Өнер және эстетика” кітабында айтылады. Және де олардың қарама-қайшылық сипаттары бар, яғни “коллизия” – шындықтың көрінісі, “конфликт” – көркем туындының компоненті деген пікір А.Карагановтың “Характер және жағдай” кітабында келтіріледі.
М.Суркин анықтаудың мына жолын ұстанады: Коллизия - әсерлі драматизмнің көрінісі, ал, конфликт “үстем драматизм”, “коллизияның шешімі”.
С.Владимировтің пайымдауынша, “конфликт” - коллизия дамуының ұштала түскен дәрежесі.
“Конфликт” тартыстың ең жоғарғы шегінде туындайды. Ол сол тартысқа байланысты болады және оны ситуациядан дамып шығатын айқын коллизияға дайындайды. (Туындыдағы коллизияның алғы шарт ретіндегі қызметін бұл жерде тағы айта кеткен жөн). Әр ситуация өз ішінде өнімді, өз дамуына жол ашатын динамикалық әрекетте негізделген туындыдағы коллизияның алғы шарты қызметін атқаратынын атап көрсеткен жөн. Ситуация өзінің жіктелуіне, қозғалысына, қақтығысына көп немесе аз әсерлі “дүмпуі” ерекше белгісі туындыда сезіле бастағанда, коллизияға айналады деп айтуға болады. Дәл осы уақытта ситуация ретінде коллизия – жағдай мен шарттың жиынтығы, өзіне даму сипатын жинақтаушы, сонымен бірге, екіге жарылу, қозғалыс, пішіннің дамуы және жаңалық ашу.
“Коллизия” туындыда ситуациядан бастау алып, қозғалысқа түсетін және әрекет етуші қарама-қайшы идеялардың, характер мен оқиғаның, көзқарас пен сезінудің, пікірдің бейнелі түрдегі көрінісі.
В.Шкловский осы сипаттарды талдай келе былай деп жазады: “Дәл қазіргі көркем туындының міндеті – жақсы ойластырылған ситуациядан, тапқыр коллизиядан алғашқы конфликт әрекеті көмегімен зерттеуге көшу”.
Бәрінен бұрын келесі пікірді қуаттау дұрысырақ: “Коллизия” – бұл дамудың қайшылығы, қарама-қарсы қоюшылық, сонда “конфликт” ретінде шегіне жеткен шиеленіс, күрес. Принципті түрде конфликтінің ұқсас түрлерінің күшеюуі оның жеке сипатқа ие болған бір түрі ретінде жиі көрініс береді.
Біздің алдымызда жете баға берілмей қалған мәселелер мыналар – эстетикалық көп мәнді “көркем конфликт” категориясынан қалатыны өте аз: алдыңғы қатарда ұсынылатын толғаныс, сезіну және “қорқынышпен күресу” сияқты тек сыртқы схема.
Бұдан басқа конфликтінің тікелей қақтығысытарымен тоқтаусыз ара-қатынасы, шегіне жеткен өткірлік өзіне тағы бір қауіпті туындатады: мәселенің шиеленісуіне жағдай туғызады, егер көзге ұрып тұрған конфликт тасада қалса, онда шынымен конфликтілі туындыдан бас тарту керек болады. Мұндай жағдайда қазіргі әдебиетте “конфлитісіз сектор”, яғни “ішкі үнді тұншықтыру” тенденциясы айтарлықтай бел алар еді. Дәл осы жағдайда конфликтіні анық қызған сәтінде қабылдайтын зерттеушілер тұжырымдарын келтіруге болады.
“Конфликт – бұл тартыс диалектикасы, бір-біріне әсер етуші күштердің бірлігі мен күресі”.
“Конфликт – адамдардың көзқарасы мен сезімдерінің, мақсаты мен қызығушылықтарының ширыққан қақтығысы”. Бұл тәрізді ұқсас терминологиялық күрделі пайымдардың ғылыми талапқа толық сай келуі екіталай.
Туындаған қайшылықтардан шығудың жолы ретінде келесі пікір ұсынылады: көркем шығармадағы “конфликт” категориясына әр қырынан келу керек. Бір жағынан, дұрыстықты мойындау, коллизия мен конфликт арасындағы айырмашылықты түсіндіру, конфликтіні “үстем драматизм”, “шиеленісу дәрежесі” сияқты тұжырымдар аясында қарастыру. Екінші жағынан, бұл тар ойлау шеңбері жалпының бір бөлігі, өзіне эстетикалық сипатты кең түрде жинақтайтын көркем конфликтіні толық мінездеп бере алмайды. Көркем конфликт өте-мөте “конфликтілі” болып қана қоймай өзінің “коллизиялық” түрін іске асыруы керек.
Сонымен, “коллизия” мен “конфликтінің” ситуацияға қатысы туралы тар ойлау шеңберінен шықсақ, мәселе айқындала түспек. Нәтижесінде мынадай тұжырымға тірелеміз: “коллизия” “конфликтіні” даярлайды оны анықтайды, “конфликт” көрінісіндегі ең маңызды түр болады. Әрбір коллизияның жеке конфликтілік ширығуды танытуы міндетті емес. Кейбіреуі конфликтінің әлі тарамдалмаған түрін көрсетуі мүмкін. Коллизия, сонымен бірге, конфликтіні анықтап, нақтылай танытады, егер автор алдына осы мақсатты қойып, шешуге рұхсат етсе, оны күшейтіп, өрістетеді.
Көркем конфликт – бұл коллизияда тарқатылатын (идеялық-бейнелілік құрылым тұрғысынан), идеялар, характерлер, оқиғалар мен көзқарастар, сезімдер қайшылығынан туындайтын, идеялық-бейнелілік көпқабатты компонент. Көркем конфликтіні қабылдаудағы осы түсінік бірден-бір дұрыс түсінік ретінде әдебиеттің даму тарихын нығайта түсері сөзсіз.
Конфликтінің теориялық аспектілерін зерттеудің әлсіздігі “ситуация”, “коллизия”, “конфликт” терминдеріне қатысты, дәл сипаттама беруде анық аңғарылады. Тартысқа қатысты аталмыш терминдер әлі де болса терең, жан-жақты қарастыруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет