Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет77/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ ТІЛІ МЕН СТИЛІ


И.В. Гете
Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль

Тума дарыны бар суретші алғашқы кезде көзі мен қолын мектеп үлгілерінде жаттықтырып алып табиғатты бейнелеуге кіріскенде ықылас, пейілмен тұлғалармен бояуларды көшіріп дәл түсірсе, ондай суретшіні әрқашан құрметтеу керек, өйткені оның еңбегі шындықтан алыс жатпайтын сенімді, қуатты және көпмағыналы дүние болып шықпауы мүмкін емес.


Бұл жағдайды пайымдағанда шектеулі дарыны бар адамның өзі нысанды әжептәуір көрсете алатынын байқайсың.
Мұндай нысандар әрқашанда көз алдыда болу керек, оларды ықшам түрде салқын сабырмен, сеніммен, бейнелеу керек.
Сөйтіп, мұндай бейнелеу - әдістеріне сабырлы, ынсапты, қанағатшыл адамдар кірісіп, өлі және жылжымайтын нысандарды көрсетеді ләзім. Өз табиғатында бұл тәсіл биік шеберлікке жетуге шідер салмайды...
Бірақ мұндай тәсіл суретшіні қымсындырады, толық разы ете алмайды. Бір картинаға – сиғызуға болатын көптеген заттардағы келісімнің жеке бөлшектерін түсіріп тастап табиғаттың ұлы әліппесінің жеке әріптерін қалдырып кеткеніне өкінеді, сөйтіп талай рет салған, тіпті көрмеген, ұмытылған нысандарды өзі тапқан ыңғайда, өзі шығарып алған тілмен бейнелеп береді.
Сонда өзін-өзі ұрымтал көрсететін тіл пайда болады. Әрбір ойлы жан адамгершілік турасында жеке пікір толғайтыны секілді. Мұндай бағыттағы әрбір суретші де дүниені өзінше көріп, қабылдап, қайта бейнелеп, құбылыстарды сергек оймен ұғынып, терең де жан-жақты көрсетеді.
Біз бейнелеудің бұл тәсілі ұсақ бөлшектерден тұратын ұлы нысандарды көрсетуге лайық деп білеміз. Нысанды толымды айқындау үшін майда-шүйдені қуып кетпеу керек. Мәселен, бір атырапты /ландшафты/ бейнелеген суретші ұсақ-түйекті шұқыламай, толық елестетуге күш салады...
Табиғатқа еліктеу, өзіндік тіл табу, нысанды дәл және жан-жақты зерттеу арқылы заттардың барлық қасиетін біліп алып, өнер бейнелер байланысын анықтап, санқилы тұрпаттарды дәл көрсете алатын деңгейге көтерілгенде адамзаттың ең үздік рухани сатыларының бірі – стиль қалыптасады.
Егер жай еліктеу салқын түрде, ыждағатпен көрсетсе, мәнер – дарынды қолдың шабытынан шықса, стиль – дүние табиғатын ашатын терең білім беретін, көз алдыңа түс, мұрныңа иіс, құлағыңа дыбыс әкелетін бейнелерге толы туындылар жасайды...
Cонымен, жай еліктеу стильге дейін қызмет етеді. Еліктеуші неғұрлым көргенін салқын қабылдап сабырмен бейнелеп, тиянақты, тыңғылықты болса, көлденең ойға берілмей, ұқсас, әртүрлі нәрселерді екшеп жинақтап берсе, көп нәтижеге жетеді.
Егер бұдан кейін мәнерге ден қойсақ, ол шырқап шыққанда, жай еліктеу мен стильдің ортасында тұра алады. Неғұрлым еліктеу тәсілдері дәлді болып, заттардың етене белгілерін дөп түсіріп берген кездерде мәнердің қуаты арта береді.
Суретші табиғаттан қол үзіп, бос қиялға берілсе, өнер тамыры суалып, еліктеуден де, мәнерден де айрылып, стильден жұрдай болып, айдалада қалады.
Мәнер сөзін биік және қастерлі мағынада қолданатынымызды қайталамай-ақ қояйық. Өнердің жеткен, жететін ең биік тұғыры – стиль, сондықтан ол сөзді ерекше құрметпен айтамыз. Шеберліктің бұл биік сатысын ұғу, білімпаздармен ол игілік туралы әңгіме-дүкен құру қандай рахат сезім десеңізші, әрқашан сол күйді кешу қандай ғанибет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет