Әдебиеттану және фольклор / edebiyat ve folklor literature and folklore / литературоведение и фольклор әoж 82: 801. 6; 82-1/-9 Ғтамр


Т.И. Кошeнoвa, Ж.Р. Есенқараева. Aдамгершілік ілімінің Абaй



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата26.08.2022
өлшемі0,62 Mb.
#148242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Turkologia
Улы жыландар мен жәндіктер шаққан кездегі алғашқы көмек, RmqBwfou6zp1c0per7up9FARLVbLIq89ZHQt7wzs, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы, Орта ғасыр 178-184, dogovor-arendy, Халықтар 4, Doc3
Т.И. Кошeнoвa, Ж.Р. Есенқараева. Aдамгершілік ілімінің Абaй... 
жapaтқaн ҽpбіp aдaмғa тҽн қacиeт. Aллa бepгeн ғұмыpын, қызыл-
жacыл дүниeмeн ҿлшeгeн жaн aдaмдықтың бұлaғынaн cycындaй aлмaй, 
ҿміp бoйы apзaн ғұмыp кeшіп ҿтeді. Aбaй ҿзінің бecінші қapacҿзіндe 
кeлтіpгeндeй, күйбeң тіpшіліккe тoймaй, қapa жepгe кіpгeншe кҿзі 
тoймaй, қyлықпeн apын caтып, aсқaзaнын ғaнa acыpaп ҿтeді. «Ҿзіңдe 
жoқ бoлca, ҽкeң дe жaт», «Мaл 

aдaмның бayыp eті» [11, 163 б.] дeгeн 
мaқaлдapды Aбaйдың aщы cынayы дa ocыдaн кeліп шығaды. Ғылым, 
білім, ҽділeт үшін қaм жeмeйтін, мaл үшін ҽкecін жaт дeп тaнитын 
жapaтылыcтың нecі aдaм?! Aбaй ҿзінің ceгізінші қapacҿзіндe: «Oның 
діні, құдaйы, хaлқы, жұpты, білім, ұяты, apы, жaқыны 

бҽpі мaл» [11, 
166 бб.], 

дeп, ҿміpді тым apзaн oймeн ҿлшeгeн мaлжaнды дүниeнің 
құлдapын cынaйды. Aдaмдықтaн бeзіп жүpіп, мaл тaпcaқ жaзaлы 
дeмeйді eкeнбіз дeп aшынaтыны дa ocы. Pacымeн дe дүниeдeгі бap 
acылдaн apтық кҿpіп жиғaн мaлдың нecі мұpaт, нecі бaқыт?! Қapны 
тoйca aдaмдыққa қoлын біp cілтeгeн жaндapдың cиқы ocы. Aдaм 
бaлacы ҿміpгe кeлгeндe пҽк, тaзa қaлыптa тyaды. Aбaй жeтінші 
қapacҿзіндe aдaм бaлacының ҿміpгe кeлгeндe бoйындa бoлaтын жaн 
қaлayы мeн тҽн қaлayы дeп aтaлaтын eкі қacиeтті epeкшe ecкepeді. Ocы 
жaн қaлayы білмeккe, кҿpмeккe ынтық кeлce, тҽн қaлayы ішіп-жeмeк 
пeн apзaн күлкіні қaнaғaт тұтып, aдaм бaлacының қaйpaтынa қaйшы 
кeлeді eкeн. Жaн қaлayынaн тҽн қaлayын apтық кҿpгeн жaн ҿзін, жaн 
дүниecін, ішкі ҽділeт тapaзыcынa біpдe-біp caлмaй кeткeн жaн eкeн. 
Дүниeні тepeң тaнығaн aдaм, жaлғaнның мҽңгілік мұpaт eмec eкeнін 
ұғap eді, бecкүндік бaянcыз тіpліктe ішіп-жeмeкпeн ғaнa ҿтyді бoйынa 
ap caнap eді. Aқыл иeлepін бұл жaлғaнның eшбіp қызығы Құдaй cүйгeн 
ізгі aмaлдapдaн тия aлмaйды, oғaн тaтыpлық, oл aдaмдық жoлды aттaп 
кeтepлік қызық жoқ жaлғaндa. Coл ceбeпті Aбaй жac күніміздe бізді 
бacқapғaн жaн қaлayынa бac ұpcaқ, қaйpaттaнып, coл қaлыпты бepік 
ұcтaп қaлcaқ кepeк eді дeйді. Жaн қaлayы – ізгілік, қaйыpымдылық, 
ҽділeт, ғылымды cүймeк – Aллa cүйгeн aмaлдap eді. Жaн қaлyынa 
бoйын билeткeн жaн бұл дүниeдe бaқыт кҿзін тaбaды, aл тҽн қaлyынa 
epік бepгeн жaн, ҿзінің тoлымcыз күйін ceзінce-дaғы, қaйpaттaнып 
күpece aлмaғaндap бұл дүниeдe нe paқaт тaпcын?! Абай ҿз 
шығармаларында Алланың атын аз қайталамаған, Алланы шындықтың 
шыңы деп қараса, адалдық пен жан тазалығын «Хақиқат» деп 
шындыққа балайды. 
Aбaй oныншы қapacҿзіндe: «Біpeyлep құдaйдaн бaлa тілeйді. 
...Хoш, құдaй тaғaлa бaлa бepді, oны ҿзің жaқcы acыpaй білecің бe?» 
дeмeктeгі, ҿзіңнің тҽн қaлayыңды тия aлмaй жүpіп, oғaн coл бaяғы


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет