Әдебиеттануға кіріспе



бет25/27
Дата27.11.2022
өлшемі89,83 Kb.
#160056
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Тапсырмалар: Психологизм категориясы жайлы конспект жазыңыз. Синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жасалу жолдары.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
7 СӨЖ тақырыбы: Көркем шығарманың тақырыбы.
Тапсырмалар: Көркем шығарманың тақырыбы және идеясының маңыздылығын зерделеңіз. Проблематика мәселесі жайлы ойтаразысын жасаңыз.
Әдебиеттер: 1,3,7,9, 10,17,20, 22, 23, 24, 25.
8 СӨЖ тақырыбы: Мазмұн мен пішін.
Тапсырмалар: Мазмұн мен пішін жайлы конспект жазыңыз. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы мазмұн мен пішіннің зерттелуін қарастырыңыз.
Әдебиеттер: 1,3,7,9, 10,17,20, 22, 23, 24.
9 СӨЖ тақырыбы: Көркем шығарманың тілі.
Тапсырмалар. Троп және фигураның бөлшектері. Көркем шығармадағы әдеби тілдің қызметі.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
11 СӨЖ тақырыбы: Сюжеттік - композициялық құрылым. Көркемдік деталь, оқшау эпизод, лирикалық шегініс, штрих, эпилог, пролог. Қ.Ысқақтың прозасы.
Тапсырмалар: Сюжеттік - композициялық құрылым жайлы конспект жазыңыз. Қ.Ысқақтың шығармаларынан көркемдік деталь, оқшау эпизод, лирикалық шегініс, штрих, эпилог, пролог секілді көркемдік айшықтауларды табыңыз.
Әдебиеттер: 7,9, 10,17,20, 22, 23, 24.
11 СӨЖ тақырыбы: Қазақ өлеңінің алғашқы зерттеушісі.
Тапсырмалар: Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі қазақ өлеңінің зерттелуі. Ғалымның шығармашылық зертханасына үңіліңіз.
Әдебиеттер: 1,3,7,9, 10,17,20, 22, 23, 24, 25.
12 СӨЖ тақырыбы: Тек пен түр. Әдеби жанрлар.
Тапсырмалар. Жанр туралы оның даму жайлы конспекті жасаңыз. Әдеби тек туралы ғылыми еңбектерді қарастырыңыз.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
13 СӨЖ тақырыбы: Әдеби үрдіс.
Тапсырмалар. Әдеби процесс туралы конспекті жасау.Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы, проблемасы жайлы ойтаразылау.
Әдебиеттер: 1,3,7,9, 10,17,20, 22, 23, 24, 25.
14 СӨЖ тақырыбы: Романтизм мен реализм.
Тапсырмалар.Романтизм және қазақ әдебиеті деген тақырыпта конспект жасаңыз. Ә.Кекілбаев шығармашылығындағы реализмді талдаңыз.
Әдебиеттер: 1,3,7,9, 10,17,20, 22, 23, 24, 25.
15 СӨЖ тақырыбы: Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық.
Тапсырмалар. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесіне назар аударыңыз. Әдебиетші ғалымдардың еңбектерін қарастырыңыз. Абай поэзиясының ұлттық әдебиетке тигізген әсерін оқыңыз.
Әдебиеттер: 1,4,8,10,17,20, 22, 23, 25.


13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары


Рефераттар тақырыптары:
1. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері.
2. Романтизм табиғаты. (М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы).
3. Абай реализмі.
4. Мағжан шығармашылығы және символизм.
5. Ұлттық әдебиеттанудағы әдеби-теориялық көзқарастың зерттелуі.
6. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жалғастық.
7. Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» туындысындағы психологизм.
8. Абайдың ақындық дәстүрі.
9. Қазақ тарихи романдары және архетип мәселесі.
10. Қазақ өлеңінің құрылысы.
11. Қазақ поэзиясындағы ұлттық идея.


Бақылау жұмыстар тақырыптары:
1.ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы.
2.Сөз өнері хақындағы эстетикалық таным.
3. Поэтиканың зерттелуі.
4. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі.
5. Прозалық жанрдың ерекшелігі.
6. Сюжет және тартыс мәселесі.
7. Қазақ өлең құрылысының зертелуі.
8. Композицияның негізгі мәселелері.
9. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернистік ізденістер.
10. М.Әуезов әңгімелеріндегі тартыс.
11. М. Мағауин шығармаларындағы көркем шындық.
12. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм.


Курстық жұмыстар тақырыптары
1. Әдебиет теориясы және эстетика.
2. Көне грек ойшылдарының сөз өнері хақындағы ой-пікірлері.
3. Абайдың ақындық мектебі.
4.А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі термин мәселесі.
5.Эпикалық жанрлардың генезисі.
6.Сюжеттің көркем шығармадағы қызметі.
7.З.Ахметов және қазақ өлең құрылысының зертелуі.
8. Қазіргі әдебиет теориясының өзекті мәселелері.
9. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернистік ізденістер.
10. Абай өлеңдеріндегі сыншыл реализм.


Пайдалануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы, 1995.
2. Атымов М. Идея және композиция. - Алматы, 1970.
3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973.
4. Абай мұрасы - тілдік өрістің негізі. Халықаралық ғыл.- теор. конф. материалдары. – Алматы, 2005.
5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - Алматы. 1959.
6.Ахметов.К.Әдебиеттануға кіріспе.- Қарағанды,-2004.
7. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы, 1986.
8. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы,-1989.
9. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989.
10. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.
11. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім.- Алматы, 1991.
12. Дүйсенов М.Әдебиеттегі мазмұны мен форма. – Алматы, 1964.
13.Мақпыров.С.Адам тану өнері.-Алматы,2009.
14.Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы. 1960.
15. Ісімақова.А.Асыл сөздің теориясы.-Алматы,2009.
16. Шапай.Т.Шын жүрек-бір жүрек.-Алматы,2000.
17. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – 2003.
18. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1982.
19.Мұқаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы. Алматы, 1959.
20.Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы, 1982.
21. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы, 1968.
22. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы, 1996.
23. Нұрғалиев Р. Әдеби теориясы . – Астана,2001.
24. Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы, 1991.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет