Әдебиеттануға кіріспе



бет4/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Әдебиет тарихы – жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр халықтың көркемдік даму сапарын (ауыз әдебиетінен жазба әдебиетке дейінгі) саралайды, сын көзімен сұрыптайды. Сонымен қатар әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай болмаса, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілерге ең басты талап дәл осы тұрғыдан қойылады.

Мысалы, ежелгі әдеби нұсқалардың эстетикалық құны мен ғылымдық мәнін бағалау үшін тек тарихтық тұрғы, яғни көне мұраға деген тарихи көзқарас керек. Орхон жазуындағы жырларды бүгінгі биік талғаммен өлшесек, олардың эстетикалық құны, әрине, мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, таным тарапындағы мәнін, ғылымдық маңызын бағаласақ (ежелгі дәуір жыры – ХҮ ғ. Доспамбет толғауы – ХІХ ғ. Махамбет өлеңі – ХХ ғ. Мұқағали өлеңі), қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз.

Бұл – қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің бірі ғана. Әдебиеттің барлық қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап, түсінуде әдебиет тарихының атқарар қызметі зор.

Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет