нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.
«Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа: Қара жерге қар жауар
Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар Қанды көр де, бетім көр,-
деп тақапақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, - деп жазған жақсы жолдары шендестірудің үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |