Әдебиетті оқытудың әдебиеттанумен байланысы



Дата01.11.2022
өлшемі27,01 Kb.
#155934
Байланысты:
Мәдина тіл эстетика


Әдебиетті оқытудың әдебиеттанумен байланысы.
Әдебиеттану мен әдебиетті оқыту әдістемесін өзара байыту. Әдебиет сабағында көркем шығарма поэтикасын оқытудың мәселелері мен болашағы. Жоғары оқу орнында әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін өтуде оның әдебиеттану ғылымымен байланысы басты орында қаралады. Студенттерге әдеби білім беру арқылы оларға ақын-жазушылардың еңбектерін терең түсініп оқи білуде, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін ажырата, талдап ұғуда әдебиет теориясынан мағлұматтар жүйелі түрде беріледі. Студенттер сол арқылы жалпы шығарманың композициясы мен идеясын, жазушының стилін таниды, әр жазушының өзіне ғана тән ерекшеліктерін ұғынады. Бұл – жазушының өзіне тән шығармашылық ерекшелігін анықтауға жол ашады. Жазушының сөз қолданысын, шығарманың көркемдік дәрежесін бағалауда, талдау жұмысының ғылыми шешімін табуда әдебиеттану ғылымының көмегі зор. Әдеби теориялық білім шығарманы оқып – үйрену барысында, сол туынды бойынан шығарылып игеріледі. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері, шығарма құрылымы, әдеби жанр түрлері, ақындық тіл туралы ұғым түріндегі түсініктер қалыптастырылады. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.
Әдістемені ғылым деп танудан көрі жеке дарын, өнер деп бағалаушы көзқарас үстемдік етіп келді. Әр пәнді оқытуда жоғары нәтижеге жету сол пәнді оқытушы мұғалімнің жеке дарынына, қабілетіне сол пәнді білу дәрежесі мен түсінуі, түйсінуі, жанымен сүюіне қатысты деп білді. Оқылатын білімнің ӛзін жете білмей тұрып, сол пәнді оқыту әдістемесімен бар істі тындыруға болмайды деп түсінді. Бұл көзқарас негізсіз де емес. Себебі оқу процесінде мұғалімнің рөлі үлкен. Солай бола тұра, айтылған пікір бір жақты. Тек педагогикалық талант пен тәжірибе білімнің сапалы болуын қамтамасыз ете алмайды. Бір де бір мамандық тек талантқа ғана сүйеніп дамып, өркен жая алмайды. Бұл туралы әдіскер - ғалым А.С.Макаренко: «Разве мы можем положиться на случайное распределение талантов? Сколько у нас таких особенно талантливых воспитателей? И почему должен страдать ребенок, каторый попал к неталантливому педагогу? Нет. Нужно говорить только о мастерстве, то есть о действительном знании воспитательного процесса, о воспитательном умении. Я на опыте пришел к убеждению, что решает вопрос мастерство, особенное на умении, на квалификации» - деген ұтымды ой білдіреді. Бұл тарапты айтылған пікірлердің барлығы әдістеме ғылымының бірнеше негізге сүйенетіндігін анықтай түседі. Солардың бірі әдебиеттану ғылымы. Әдебиетті оқытуда негізгі оқу материалы әдебиеттің өзі. Мектеп оқулығында ұсынылған, сыныпта, сыныптан тыс оқылатын шығармалардың барлығы да «әдебиеттану» деген үлкен ғылымның жемістері. Әдебиеттану ғылымының проблемалары әдебиеттің тарихилығы, әдеби кезеңдер, оқылатын шығармадағы тарихи кезең немесе, керісінше айтқанда, тарихи кезеңнің әдебиеттегі көрінісі, әлеуметтік көзқарастардың көрінісі, әдеби бағыттар, олардың белсенді кезеңдері, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, тарихи-әдеби үрдіс, жазушы стилі, қазақ әдебиетінің ұлттық және әлемдік әдебиеттегі орны туралы кең ой қалыптастыру керек. Әрине, әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиеттану ғылымының негізгі қағидалары мен негізгі бағыттары жетекші рөл атқарып отырады. Әдебиеттану ғылымдарының заңдылықтары мен даму бағытын дұрыс бағдарлау арқылы ғана әдебиетті өз мәнінде оқыту мүмкіндігі туады. Әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі мәселесі әдебиет пәнін оқытудың да негізгі арқауы болып отырады. Әдеби шығарманы талдауда да, көркем шығарманың образдар жүйесін талдауда да мазмұнмен форма бірлігі негізгі басты ұстаным болып есептеледі. Мазмұн мен форма тұтастығы көркем шығарманың басты тірегі болуы себепті кӛркем шығарманы жанжақты тану, талдау үшін әдебиеттанудың негізгі ұстанымына жүгінуге тура келеді. Көркем шығармадағы кейіпкерлер, образдар, характерлер, типтер мәселесі де терең тануды, танытуды қажет етеді. Әдебиеттану ғылымдарының түсіндіруі бойынша тип пен типтендіру мәселесі қалай астасып отырады, талдаудағы шығармада алынған тип, характер сол шығарманың өзіндік ерекшелігі ме, жоқ болмаса сол әдеби кезеңге, әдеби үрдіске тән ерекшелік пе мұны да әдебиеттану ғылымы түсіндіріп бере алады. Әдебиет пәні мұғалімі әдебиеттану ғылымдарынан терең білім алу арқылы, сөз өнерін жете түсінуі, жете білуі арқылы өзі де сөз зергері, сөз шебері ретінде көркем шығарманы терең танып, талдай алады, әдеби ұғымдарды, шығармаларды, құбылыстарды, образдарды, детальдарды – жалпы айтқанда көркем шығарманың барлық компоненттері мен табиғатын салыстырып, саралап, салғастырып оқушысына да мазмұнды білім қалыптастыруға мүмкіндік алады. Көркемсөз шеберінің бұл қасиеті суретшінің сан түрлі түстердің ерекше үйлесімін тауып, әсем өрнек жасағаны сияқты немесе шебер орындаушының домбыра пернелерінде саусақтарын құйқылжытқан қимыл әрекеті сияқты десе де болады. Көркем шығарма тұтастай алғанда антропоцентристік құрылым болып танылады. Әр кӛркем шығарманың өзегінде тілдік құрылым өрнектелген. Бұл күрделі құрылымның негізінде мәдени құндылықтардың жүйесі, адам мен оның эстетикалық бағдары, адамгершілік тұғыры жатыр. Әдебиетті оқыту әдістемесі осы күрделі құрылымды әрекетке түсіруші, іске қосушы рөл атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі де — антропоцентристік жүйе. Барлық іс-әрекет пен мақсат адамға бағытталған. Адамның адамгершілік, эстетикалық, танымдық әрекеттерін жүйелі ұйымдастыруға бағытталған. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні, әлеуметтану ғылымдарына қатысы. Жеке тұлғаны, болашақ қоғам адамын қалыптастыру жолында әдебиетті оқыту әдістемесі қоғамнан тыс әрекет жасай алмайды. Әдістеме ғылымы тікелей қоғам өмірі мен оның қажеттілігін, ортаның әлеуметтік мәселелерін қоса қамтиды. Себебі мұғалімдік кәсіп әлеуметтік мамандыққа жатады. Ең әуелі, әдебиетті оқыту әдістемесін ғылым ретінде қабылдай отырып, болашақ ұстаз қоғамға, әлеуметтік ортаға қызмет етеді. Белгілі бір орта мүддесін қарастырады, мүддеге сай әрекет етеді. Сол халықтың өз ұрпағын жаңа мазмұнда халықтың өзіне қайтарады. Ендеше, өскелең ұрпақ та, ұстаз да әлеуметтік топтың мүшесі; екіншіден, әдебиетті оқыту әдістемесі өзінің материалы – көркем шығарманы қарастыру барысында да қоғамның тынысын оқушыға жеткізуші. Әдебиет пәні мұғалімі көркем шығарма негізіне өрілген қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді таныта отырып, өмірдің өзін танытады, ортаны танытады. Қоғамның игілігіне әрекет етеді. Осы тұрғыдан келгенде әдебиетті оқыту әдістемесі әлеуметтік ғылым. Соңғы жылдардағы әдістемелік зерттеулердің әдіснамалық негізіне әлеуметтік ғылымдар (социология) ғылымы тірек болуы осыдан. Әлеумет ұғымын –халық деген түсінікпен қабылдаймыз. Социология ғылымының негізінде де «социюм» - халық сөзінің мағынасы жатыр. Ал әдебиеттану ғылымы да, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының өзі де халықтан тыс өмір сүре алмайды.

1. Сүйіншәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері». Алматы, 1969


2. Кенжебаев Б. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері». Алматы, 1973



3. Жұмақаева Б. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі». Алматы, 2015

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет