Әдебиеттік оқу
(3-сынып)
Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын ашқыза отырып, негізгі ой қандай мәселеге құрылғанын тапқызу.
Дамытушылығы: Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту.
Тәрбиелігі:Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақта қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ACTIVote тестілеу жүйесі, ACTIVstudio бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Қызығушылықты ояту»
- Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және топбасшы сайлау;
- Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік)
ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық)
ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі-мейірімді)
Көңіл күйімізді көтерейік:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
“Алпамыс батыр” жырынан үзіндіні жатқа сұрау.
ІІІ. Өтілген сабақты бекіту
Тест түрінде өтілген сабақты бекіту.
1. Қобыландының аты?
А) Құлагер
Ә) Тайбурул
Б) Ақ боз ат
2.Тайынбай найза салысты,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі
Біраз жерге барысты.
Қай жырдан үзінді?
А) «Қобыланды батыр» жырынан
Ә) «Алпамыс батыр» жырынан
Б) «Сағыныш сазы»
3.Алпамыстың ғашығының есімі кім?
А)Қарлығаш
Ә) Аналық
Б) Гүлбаршын
4. Байбөрінің асырап алған ұлының аты кім?
А) Ұлтан
Ә) Алпамыс
Б) Ер Тарғын
5. Батырлар жырын айтушылар, жеткізушіліер кімдер?
А) Ақын, жазушылар
Ә) Жыршылар
Б) Батырлар
ІҮ. Сабақтың мақсатын қою
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу.
Мәтін бойынша сұрақтарға жүйелі жауап беруге үйрету.
Мәтін мазмұнына байланысты ой қортындылай білуге баулу.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру
Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттадды.
Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.
Мәтінмен жұмыс.
а) Іштей оқыту.
ә) Тізбектеп оқыту.
б) Мәтінді бөлікке бөліп оқыту.
Сөздік жұмысы
Төтелей жүру-ең қысқа жолмен жүру
Қазан құлағын көтеру- құрметті қонаққа қазанға ет асу, ас дайындау.
Он екіде бір гүлі ашылмаған- жас бала
ҮІ. Жаңа алынған білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс
Мәтіндегі оқиға:
а) ертегі
ә) болған оқиға
б) аңыз екенін дәлелде
Шығармашылық тапсырма:
1) Қонақжайлылық тақырыбында әңгіме жазу
2) Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу
3) салт-дәстүр туралы мақал жазу
ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Ой қозғау.
-Әңгімеде ертедегі қазақ ауылы қалай суреттелген?
-Баланың ауылына келген қонақ қандай адам еді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып , түсінігін айтып келу.
Оқушыларды бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Не үшін?
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\Өлеңді дауыста,түсініп,мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
ә\ Өз елін,жерін сүюге,құрметпен қарауға, тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландырып жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,салауаттану.
Әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.
Түрі:аралас
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.
ІІЖаңа сабаққа дайындық.
а)Сіздер қай елдің азаматысыздар
ә)Қазақстан азаматы екендеріңді немен дәлелдеуге болады?
б)Туған жеріміз туралы не білесіздер?
Сергіту сәті.Саусақ гимнастикасы «Саусақтар үйренді»
Маған саусақтарды алып жүру қиын.
Тура жол арқылы.
Оған алақанда тығылғысы келеді.
Мен оны қорқытамын, қорқытамын, мен оны ұялтамын, ұялтамын.
Саусақтар ұялып, үйреніп алды.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме.Қазақстан Республикасының әнұраны ,ел таңбасы ,туы туралы әңгімелету.
1.Туған ел туралы қандай өлең білесіңдер?
2.Сурет бойынша әңгімелеу?
а)Мәтінмен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Диалог түрінде оқу.
-Мәтінде не туралы айтылған?
- Адам айналасындағыларға қандай жақсылық жасай алады?
3. Диалогтің не екендігі туралы түсінік беру.
б) Ұйқасын тап:
Іздеп-іздеп не керек,
Таптым бір гүл к-----т.
Гүл дегенім бірақта,
Болып шықты -----------.
Сергіту сәті «Қадамдар»
Балалар тұрады. Команда бойынша балалар «ұзын»дегенде ұзын, ал «қысқа» дегенде қысқа қадам жасайды.
IV. Сабақты бекіту.
1.Туған жерге арналған өлеңдер оқыту.
2. Бақытты өмір сүру үшін не істеуіміз керек?
V. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.
VI. Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Аманат
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі:мәтінің мазмұнын аша отырып, өсиет туралы ойларын ортаға салу.
ә\Тәрбиелілігі:үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу. б\Дамытушылығы:өлеңді мәнерлеп оқыта отырып,ой -өрістерін дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс: дүниетану,сурет.
Әдісі:баяндау,ой-түйіндеу.
Түрі:аралас сабақ.
Көрнекілігі:жыл мезгілдерінің суреті,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді жатқа айту.
2. Отан туралы мақал-мәтел
3. Сөздік жұмыс.
Сергіту сәті «Үлкен, кішкентай»
Қонжық «үлкен» сөзін айтқанда, балалар аяқтарының ұштарымен жүреді, ал «кішкентай» сөзін айтқанда, балалар иілген аяқтарымен жүруі керек.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
а)Жазғы мезгіл туралы әңгімелеу.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрау
2.Жаңылтпаш.(Жатқа айтқызу)
Көк тырна,
Көп тырна.
Тыраулап тен,
Көп тұрма.
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Ұшады – ұшпайды»
Әдістемелік нұсқау: егер мен құстарды атасам, балалар қолдарын көтеру керек, ал егер басқа заттарды атасам, онда балалар қолдарын алдына қоюлары керек.
3.Оқулықпен жұмыс.
а)Мәтіңді мәнерлеп оқу.
ә)Тапсырмалар мен сұрақтар.
- Аманат дегенді қалай түсіндін
- Дәлмырза атаның аманаты орындалды ма?
- Балалардың ойының қианат деуге бола ма?
IV.Сабақты бекіту.
1.Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.
Ата-балағы сыншы.
Көз жетпегенге сөз жетеді.
2. Жаңылтпашты жатқа айт.
Анау өскен изен бе екен, жусан ба екен?
Қойды солай қусам ба екен?
Қарсы болмас қусам көкем.
V. Үйге тапсырма.
Мәтіңді оқып, мазмұнын айт.
VI. Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя.
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі:Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы түсінік бере отырып,өмір жолымен таныстыру.
ә\Тәрбиелілігі:Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, жеті атасын білуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Балалардың ойын,зейінін,сөздік қорын
дамыту.Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі:дәстүрлі.
Көрнекілігі:Бауыржан Момышұлының суреті, әдет –ғұрыптар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Мәтіннің мазұнын айту.
2.Дәлмырзаның өсиет сөзін тауып оқу.
3.Сөздік жұмыс.
4.Неліктен «аманатқа қиянат жасауға болмайды» дейді?
Сергіту сәті. Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)
Қолдарымызбен ұқсас қимылдарды келтіреміз:
- Біз орамжапырақты шабамыз! (2 рет) –түзу, күштенген алақандармен балтаның қимылын келтіру: жоғары, төмен.
- Біз орамжапырақ кесеміз! (2 рет) – энергиялық қимылмен түзу алақанмен алға-артқа .
- Біз орамжапырақ тұздап жатырмыз! (2 рет) – саусақтар жиналған «шымшым» - орамжапырақты тұздаймыз.
- Біз орамжапырақты қысамыз! (2 рет) – энергиямен саусақтарымызды жұдырықтап түйіп, бір уақытта екі қолмен, немесе кезектесіп қысамыз.
- Біз сәбіз тереміз! (2 рет) бір қолымызды жұдырықтап, басқа қолымыздың алақаны арқылы жоғары-төмен қимылмен ритмді жасайды. Сосын қолымызды ауыстырамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
- Б.Момышұлының өмір баянымен таныстыру.
- Жазушының шығармашылық еңбегі туралы айту.
2.Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді оқып беру,түсіндіру.
ә\Оқушыларға тізбектей оқыту.
б\Түсініксіз сөздермен жұмыс.
в\ Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Мәтіңде қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы айтылған?
- Сендер қандай әдет-ғұрыпты білесіңдер?
- Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле?
Сергіту сәті. Аз қимылды ойын «Кім жылдамырақ жинайды»
IV.Сабақты бекіту.
1.Б.Момышұлы туралы не білдің?
2.Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
V. Үйге тапсырма.
1. Б.Момышұлының фотосуреттерін жинап, альбом құрастыру.
2. Жеті аталарын біліп келу.
VI. Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Сіз», «Біз» деген – жылы сөз.
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі:Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқуға,мазмұнын әңгімелей алуға үйрету,сыйластықтын адам өміріндегі маңызы туралы айту.
ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту. Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Пән аралық байланыс:дүниетану,салауаттану.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі:аралас сабақ.
Көрнекілігі:Ө.Тұрманжановтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
1.Қазақша жыл қайыру.
2.Салт-дәстүрлердің түрлерін атау.
3.Жеті аталарын атау.
Сергіту сәті. Саусақ ойындары «ҚАЙЫҚ»
Екі алақаныңыз қабырғаға қойылған және қосылған «ожау сияқты», үлкен саусақтарым алақанымда қысылған.Кішкентай қайық өзенде жүзіп келеді,қайық балаларды серуенге апарады.
ІІІ. Жаңа сабақ дайындық.
Сұрақтар:
1.Сыйластықты дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Мәдениетті сөйлеудің түрлерін атандар?
IV. Жаңа сабақ.
1.Өлеңді оқып беру.
2. Іштей оқыту.
3.Сұрақ қою арқылы мазмынын талдау.
а\Өлеңде не туралы айтылған?
ә\Ө.Тұрманжанов жастарға қандай өсиет айтқан?Өлеңнен тауып өқы.
б\Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
в\Кімдерге жанашырлық сезімдерінді білдіресің?
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Меннен кейін қайтала».
V.Сабақты бекіту.
1.Нақыл сөздер
Аз жақсылық жасағанға да көп рақмет айту – парыз. (Ж.Баласағұн)
Адамға – адам, сөзге – сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.
(Ғ. Мүсірепов)
VI. Үйге тапсырма.
Мәнерлеп оқыту
Мазмұнын әңгімелеу.
VII. Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Өзін-өзі жеңген бала.
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру.
ә\Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың ой өрісін ,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Пән аралық байланыс:дүниетану,салауаттану.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі:аралас сабақ.
Көрнекілігі:суреттер,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді жатқа айту.
2.Сұрақ арқылы бекіту.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
-Осы өлеңді қандай мақалмен қортындылар едің?
Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алу дамуына арналған жаттығу «Шарик, ұш»
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту.
а\Өз бойларындағы жақсы қасиетті айту.
ә\Жақсы қасиеттер -
2.Абай атаның өсиет өлеңін еске түсіру.
Негізі бөлім.
1.Мәтінді түсініп оқыту.
2.Іштей оқыту.
3.Мазмұнын ашу.
4.Мақал-мәтелдер айтқызу.
5.Сөздік жұмыс.
6.Сұрақтар мен тапсырмалар.
а\Жазушы мақтаншақтықты неге теңейді?
ә\ Арман бойындағы жаман әдетті қалай жеңді?
б\Сен ұялғанда қандай күйде боласын?
Сергіту сәті. Қолдың буындарына массаж жасау.
IVСабақты қортындылау
1. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
Әдептілік, ар-ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат –
Надандықтың белгісі. (Абай)
2. Жаңылтпаш айту.
V Үйге тапсырма.
1. «Мен мақтаныш етемін» деген тақырыпқа эссе жазу.
2.Жағымды қасиет туралы мақал-мәтел жинау.
Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Екі дос
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты:
а\ Достық туралы түсінік беру.Достықтың маңыздылығын ұғындыру.
ә\Достықты қадірлей,қастерлей білуге,адал дос болуға тәрбиелеу.
б\ Қоршаған ортаны танып білуге деген қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Пән аралық байланыс:дүниетану,музыка.
Әдісі:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Түрі:аралас.
Көрнекілігі:мақал-мәтелдер,суреттер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1Жоспар бойынша әңгімелеу.
2Сұрақтарға жауап алу.
а)Нанды неге алтыннан да қымбат дейміз?
б)Дәнді дақылдарды ата.
Сергіту сәті.Саусақ гимнастикасы «Достар»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
1.Алтынға нені айырбастауға болмайды?
2. Достық дегенді қалай түсінесің?.
Оқулықпен жұмыс.
а)Мәтінді түсініп оқу.
ә)Іштей оқыту.
б)Жұппен жұмыс (балалар мәтінді оқып, бір-біріне сұрақ қояды)
-Мұндай батырлардан жаулар неге қорықты?
-Сен достықты қалай түсінесің,құрметтейсің?
-«Төс қағыстырып ,дос болыпты »дегенді қалай түсінесің?
3.Суретпен жұмыс. «Достық көмек»
Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/
IV.Сабақты бекіту.
1.«Мен қандай доспын»тақырыбына эссе жазу.
2.Аңыз мазмұнын қай мақал ашып тұр?
1.Досы көпті жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
2.Жақсы дос үшін жан пида.
V. Үйге тапсырма.
1.Мәтіннің мазмұнын айту.
2.«Досым саған рахмет!» тақырбына эссе жаз.
VI. Бағалау.
Сарыбастау орта мектебі КММ
Сынып жетекшісі З.Ш.Дюсюпжанова
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |