Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Арсылдаған ит ызалана тап-тап береді. Шарбақтың басында бір кішкентай мысық бүрісіп отыр. Иттен қорыққанынан арқасын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарады.
Анадай жерде оқиғаның соңын күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны терезеден көрген бір әйел сыртқа жүгіріп шықты.
– Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына қарады. Әйел қолындағы таяғымен итті қуып жіберді.
– Біз не істедік? –деп таңданды екі бала. – Біз жай ғана қарап тұрмыз ғой.
– Міне, ең жаманы осы, – деді әйел зілденіп.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген
Бейтаныс әйел балаларға неліктен ашуланды? __________________________________
Балалар неліктен қарап тұрды деп ойлайсың? __________________________________
Кейіпкерлердің қайсысының іс-әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?
бейтаныс әйелдің балалардың
________________________________________________________________________
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _______________________
________________________________________________________________________
Мәтінге ат қой. ___________________________________________________________
[5]
Жазылым
Достарыңызбен бөлісу: |