Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары І нұсқа



Дата27.12.2016
өлшемі139,22 Kb.
#5862
Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары І нұсқа
1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды, - деген өлең жолы кімнің қай өлеңінен алынған?
А) С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Ә) А. Құнанбайұлы «Қыс»
2. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден өтті»?
А) 1894 – 1937 Ә) 1893 – 1938 Б) 1894 – 1938
3. Ауылдың терістігінде үлкен Жайдақ, кіші Жайдақ аталатын екі өзен бар. Бұлардың басталуы бөлек болғанымен, аяғы қосылып, Құйған аталады да, Ертіске құяды..., деген үзінді қай әңгімеден алынған?
А) Қызыл түлкі
Ә) Төрт тілекБ) Тәуелсіздік күні
4. Тәуелсіздік күні қай күн? _______________________________________________________________________
5. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар кімдер?

_______________________________________________________________________


6. Мұхтар Шаханов қай жылы дүниеге келген?
А) 1941 жылы Ә) 1942 жылы Б) 1940 жылы
7. «Желтоқсан тағылымы» өлеңінің авторы?
А) Мұхтар Шаханов
Ә) Абай Құнанбайұлы
Б) Сәкен Сейфуллин
8. Қазақстан Республикасының астанасы – ___________________________________
9. «Қызыл түлкі» әңгімесіндегі «түлкіні жаяу соққан бала» атанған бала кім?

10. Жыл мезгілдерін жаз.


1___________________________________
2. __________________________________
3.___________________________________
4. __________________________________
11. «Төрт тілек» әңгімесіндегі төрт тілек тілеген баланы жаз. ________________________
12. «Мейірім» әңгімесіндегі балаларды жаз:

13. Қыс көлігі:


А) шана
Ә) Арба
Б) Велосипед
14. Жаңа жыл мерекесінің негізгі кейіпкерлерін жаз:

15. Көркем әдебиеттегі суреттелген табиғат көрінісі қалай аталады?


А) Пейзаж Ә) Портрет
Оқушының аты – жөні: ________________________________________________

Ұпайы: _____ Бағасы:_____


Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары ІІ нұсқа 2 «А» сынып


1. Мен – сенің көктемің,
Нұрыңмен көктедім
Сол үшін өзіңе
Алғысым көп менің – деген өлең жолы қай өлеңнен алынған?
А) «Мұнайшы»
Ә) Мұғалім
Б) «Омарташы»
2. «Ұйқы қайдан табылады?» атты мәтіндегі баланың аты?
А) Асан
Ә) Хасен
Б) Арман
3. «Әкесі алты гектар жер алған. Сол – ақ екен, қауырт жұмыс басталды де кетті» - деген жолдармен басталатын мәтін?
А) «Еңбек жемісі»
Ә) «Күн күлше»
Б)»Еңбекпенен ел көгерер»
4. «Күн күлше» әңгімесіндегі кейіпкерлерді жаз.
Бала: ______________________ Әжесі: _________________________
Әкесі: ______________________________________
Қырман күзетшісі:___________________________
5. «Аспан, аспан – арайлым,
Саған жиі қараймын», - деген өлең жолдары қандай өлеңнен алынған?
А) «Мұнайшы»
Ә) «Мен ғарышкер боламын»
Б) «Омарташы»
6. «Маңғыстауым мұнайлы
Маған сондай ұнайды», - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Мұнайшы»
Ә) «Мен ғарышкер боламын»
Б) «Омарташы»
7. «Бармағынан бал тамған
Ол – еңбекқор дарқан жан», - деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Мұнайшы»
Ә) «Мен ғарышкер боламын»
Б) «Омарташы»
8. «Еңбекпенен ел көгерер» қандай шығарма түріне жатады?
А) Аңыз
Ә) Ертегі
Б) Мәтін
9. «Ертең мен бүгін» қай елдің ертегісі?
А) Қазақ ертегісі
Ә) Орыс ертегісі
Б) Малайзия ертегісі
10. «Көйлекті маған кім берді» мәтінінен: Дүкенге көйлек қайдан келді?
А) Қоймадан
Ә) Тігін фабрикасынан
Б) Мата тоқитын фабрикадан
11. «Жалқаудың ертеңі бітпейді» деген мақал қай ертегіде айтылған?
А) «Ертең мен бүгін»
Ә) «Еңбекпенен ел көгерер»
Б) «Еңбек жемісі»
12. « Кім болсам екен?» мәтінінде қандай мамандықтар туралы айтылды?

13. «Еңбекпенен ел көгерер» ертегісіндегі жалқау үш балаға халықтың қойған аттары қандай?


1. Ең үлкен жалқау:________________________
2. Екінші жалқау бала:______________________
3. Үшінші жалқау бала:______________________
14. «Еңбекпенен ел көгерер» ертегісіндегі кенже бала қандай бала?
А) Кер жалқау
Ә) Еңбекқор
Б) Ақылсыз
15. Үлкен... боламын,
Боламын десем боламын!
А) Ғалым
Ә) Әнші
Б) биші

Оқушының аты – жөні: ____________________________________


Ұпайы: ______ Бағасы:_____

Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары. ІІІ нұсқа


1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі?


А) Орыс тілі
Ә) Қазақ тілі
Б) Ағылшын тілі
2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңіндегі үш бақытты жаз.
Ең бірінші бақытым –..... менің,
Ал, екінші бақытым –...... менің
Бақытым бар үшінші –.... деген
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жаз.
1.______________________
2.______________________
3.______________________
4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
А) Ақмола
Ә) Алматы
Б) Астана
5. Төрт түлік пірлерін жаз.
Жылқы (құлын) пірі ___________________
Сиыр (торпақ) пірі ____________________
Қой (қозы) пірі _______________________
Ешкі (лақ) пірі ________________________
Түйе (бота) пірі _______________________
6. Теріден жасалған үшбұрышты кішкентай қапшықтан жасалған, ішінде жусаны бар тұмар не деп аталады?
А) Бойтұмар
Ә) Алқа
Б) Сырға
7. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы, қай күні ғарышқа ұшты?
А) 1991 жылы 3 – қазанда
Ә) 1991 жылы 2 – қазанда
Б) 1991 жылы 4 – қазанда
8. Ә. Табылдының әңгімесіндегі Ардақ ағай Асанға не сыйлады?
А) Жер шарын
Ә) шарды
Б) доп
9. С. Оспановтың жаннатты жерісің
... қаласы – деген өлең жолы қай қала туралы айтылып тұр?
А) Астана
Ә) Ақтөбе
Б) Алматы
10. Қазақтың ғұлама ғалымы?
А) Әлкей Марғұлан
Ә) Абай Құнанбаев
Б) Нұрғасыр Тілендиев
12. «Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар! – деп қаскөйлерге қаймықпай қарсы тұрып, соңғы сөзін айтып кеткен желтоқсан құрбаны кім?
А) Ербол Сыпатайұлы
Ә) Ләззат Асанқызы
Б) Қайрат Ноғайбайұлы
В) Сәбира Мұхамеджанқызы

Оқушының аты – жөні: ______________________________________________________


Ұпайы:_____ Бағасы: _____

Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмалары VІ нұсқа 2 – тоқсан

1. Ы. Алтынсариннің «Талаптың пайдасы» әңгімесіндегі бала даңқы шыққан кім болып шығады?
А) Жазушы
Ә) Суретші
Б) Биші
В) Әнші
2. Н. Бөкейхановтың «Ақылды көмекші» әңгімесі электронды есептеуіш машиналардың қай түріне байланысты?
А) Компьютер
Ә) Телефон
Б) Сирена
В) Теледидар
3. Ж. Алмашевтың «Адамның досы» әңгімесіндегі адамның досы деп не туралы айтылған?
А) Кітап
Ә) Қалам
Б) Қарындаш
В) Мектеп
4. Өзін білікті, ақылды санап жүрген бір кісінің теріс қылығын көрген жұрт қатты ренжіді. Оның әрекетін айтып, өзара дауласып қалады да, бір шешім қабылдай алмайды. Осы жайға түсінік беруін өтініп, кімге барып жүгінеді?
А) Әбу Насыр
Ә) Абай
Б) Ыбырай
5. «Тау, Қаңбақ, және Бүркіт» әдеби жанрдың қай түріне жатады?
А) Аңыз
Ә) Әңгіме
Б) Мысал
В) Ертегі
6. «Көңілді ғарыш әткеншегі» ертегісінде ана қоян қай планета болды?
А) Шолпан
Ә) Жер
Б) Меркурий
В) Марс
7. Жерден ауыр дегенім – _________________
Судан терең дегенім – ____________________
Оттан ыстық дегенім – ____________________
Көктен биік дегенім - _____________________
8. «Керемет баға» әңгімесіндегі Айжарық бақылау жұмысынан қандай баға алды?
А) Үштік
Ә) Бестік
Б) Төрттік
Ә) Екілік
9. Ж. Аймауытовтың «Құштарлық» әңгімесіндегі кітап оқуға деген құштарлығы мол бала кім?
А) Айжарық Ә) Балғын В) Қартқожа Б) Айгүл
10. – Мына сөз... – деді ол, әжесі мен апасына әліппесіндегі «мектеп» деген сөзді көрсетіп. – Дәптерге сыймай жатыр, - деген үзінді қандай әңгімеден алынған?
А) Тасымал
Ә) Құштарлық
Б) Керемет баға
В) Адамның досы
11. Тәуелсіздік күні қай күн?
А) 30 – тамыз
Ә) 25 – қазан
Б) 16 – желтоқсан
В) 22 – наурыз
12. Біздің мемлекеттік тіліміз?
А) Орыс тілі
Ә) Неміс тілі
Б) Қазақ тілі
В) Ағылшын тілі
13. Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр алап,
Іздерінен қар ұшып, - деген үзінді қандай өлеңнен алынған?
А) «Он алтыншы желтоқсан»
Ә) «Көңілді қыс»
Б) «Еңбектің бәрі мамандық»
В) «Мұғалім»
14. Мен – сенің көктемің,
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе
Алғысым көп менің – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) «Он алтыншы желтоқсан»
Ә) «Көңілді қыс»
Б) «Еңбектің бәрі мамандық»
В) «Мұғалім»
15. Күнде шынығып, таза жүретін Асанды анасы еркелетіп қалай атайды?
А) Аппақ бала
Ә) Аппағым
Б) Еркем
В) Құлыным

Әдебиеттік оқу. Тест тапсырмалары (2 сынып) ІІІ тоқсан


1. Спандияр Көбеев кім?
а) жазушы, ұстаз ә) ақын б) суретші
2. Спандияар Көбеевтің қандай әңгімелерін оқыдың? Жазып көрсет.
3. Бәрі таппаған ақылды кәрі табады деген нақыл сөз қай ертегіде айтылған?
а/ «Шал мен балалар»
ә/ «Мысық пен тышқандар»
б/ «Атасы мен немересі»
4 «Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы
а/ Ыбырай Алтынсарин
ә/ Бауыржан Момышұлы
б/ Қайқаус
5. Ананың мейірімі, алақаны, сүті туралы қай өлеңде жырлаған?
а/ Ф. Оңғарсынова Жылу
ә/ Ф Оңарсынова Әже
б/ Мағжан Жұмабаев бесік жыры
6. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі не деп аталады?
А/ диалог ә/ рөлге бөлу б/ оқу
7.«Әлди бөпем» деген сөздері бар жыр қалай аталады?
а/ Батырлар жыры ә/ Наурыз жыры б/ Бесік жыры
8. «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңінің авторы
а/ Мұзафар Әлімбай ә/ Жәнібек Кәрбозин б/ Ескен Елубай

9. Шона Смаханұлының «Тәкаппар» шығарманың қандай түріне жатады?


а/ ертегі ә/ әңгіме б/ мысал
10. Оқиғасы «Тазалық - денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата.
а/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?» ә/ Ы. Алтынсарин. «Салақтық»
б/ Е. Ерботин. «Даңғой»
11.«Ұйқышылдық - жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?
а/ Ж. Кәрбозин «Жиырма тиын» ә/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»
б/ Ы. Алтынсарин. «Салақтық»
12«Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда» деген жолдары қай мәтіннің қорытынды ойы?
а/ Е. Ерботин «Даңғой» ә/ Ш. Смаханұлы «Тәкаппар»
б/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»
13.«Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата
а/ ұйқышыл ә/ салақ в/ тәкаппар
14. «Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата.
а/ мақтаншақ ә/ салақ б/ еріншек
15. М. Гумеровтің әңгімесіндегі көк кептерді атқан кім?
а/ Аймаған ә/ Нүсіпбек б/ балалар
Ана тілі 3 сынып Тест тапсырмалары
1. «Баланың айласы» әңгімесінің авторы
а/ Ы. Алтынсарин ә/ Абай б/ Ш. Уәлиханов
2. «Азықсыз адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деген ақыл сөз қай мәтінде кездеседі?
а/ «Таза бұлақ» ә/ «Бір кесе меруерт» б/ «Нағыз адам»
3. Абайдың баласының аты кім?
А/ Жақия ә/ Мұхтар б/ Әбдірахман
4. Балалар жазушысын тап
а/ Мұхтар Әуезов ә/ В. Сухомлинский б/ Сапарғали Бегалин
5. «Мейірім» мәтінінде кім туралы айтылған?
а/ Абай ә/ Әбдірахман б/ Шоқан
6. «Достық өлкесінің заңы» өлеңінің авторы
а/ Мұхтар Шаханов ә/ Сапарғали Бегалин б/ Бердібек Соқпақбаев
7. «Есіңде ме, сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой... Мен оны терезеден көріп тұрғанмын» деген үзінді қай мәтіннен алынған?
а/ В. Сухомлинский «Ақ шаш» ә/ Ғ. Орманов «Ана» б/ С. Бегалин «Мейірім»
8. Нақыл сөздің жалғасын тап:
«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі.
..........................................................................
9. Алаша дегеніміз не?
а/ сүйекпен өрнектеп жасаған төсек ә/ қой жүнінен тоқылған төсеніш б/ тігістің түрі
10. Динаның Құрманғазы атасына ойнап берген күйі қалай аталады?
А/ «Жеңіс» ә/ «Көбік шашқан» б/ «Жұмыр қылыш»
11. Медеу Сәрсекенің «Рәсім» әңгімесінде қандай салт - дәстүр айтылған?
а/ амандасу ә/ қыз ұзату б/ көрісу
12. «Мектепке», «Амангелді», «Жас Абай» суреттерінің авторы және аса талантты қазақ суретшісі кім?
а/ Қаныш Сәтпаев ә/ Әбілхан Қастеев б/ Әміре Қашаубаев
13. «Ынтымақтастық» және «ала ауыздық» туралы қай мәтінде айқын көрсетілген?
а/ «Құстар айтысы» ә/ «Мейірім» б/ «Ақ шаш»
14. «Көктем сәні» шығармасы халық ауыз әдебиетінің қандай түріне жатады?
а/ аңыз ә/ жұмбақ б/ ертегі
15. «Тіршіліктің арқауы алдымен – тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды - жансыз бәрінің талас - тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдар қай мәтіннен үзінді
а/ Қ. Мұқышев «Көктем» ә/ М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
б/ І. Жансүгіров «Жазғытұры»
16. Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:
«Ой мен қырдың шалғыны
... жасырсын.»
а/ Егіннің көгін ә/ Жатқан малды б/ Айдын шалқарды
17. «Туған өлке»
Қондым кеп көгалыңа баяу ғана.» деген жолдар қай өлеңнен алынған?
а/ Олжас Сүлейменов «Тұңғыш космонавт» ә/ Қасым Аманжолов «Көктем»
Бейімбет Майлин «Жаңбыр»
18. «Көктем сәні» ертегісіне сүйене отырып, көктем сәнін жазып көрсет.
19. «Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңе бар дертіңді қашырады.» жолдары қай өлеңнен алынған үзінді?
а/ Абай «Жазғытұры» ә/ Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
б/ Ілияс Жансүгіров «Жазғытұры»
20. Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдың? Жазып көрсет.




Ана тілінен тест І тоқсан қазан

1. Т. Жароковтың «Кемедей кешіп комбайн


Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!» деген өлең жолдарында күздің қай кезі суреттелген?
а) Күздің басы б) Күздің соңы
ә) Күздің ортасы в) Күздің табиғаты
2. Т. Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен...
а) Уылжып б) Албырап
ә) Қызарып в) Балбырап
3. Бөлімдегі оқиғасы «Ас атасы - нан»деген мақалға құрылған мәтінді ата:
а) І. Жансүгіров. Малта б) И. Бази. Жеміс бағында
ә) Ә. Табылдиев. Күздің кереметі в) Егінші мен қасқыр
4. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
а) Ә. Табылдиев. Күздің кереметі б) И. Бази. Жеміс бағында
ә) Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері в) Т. Жароков. «Ауыл күзі»
5. «Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылышты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?
а) Қоян ә) Тиін б) Мысық в) Түлкі
6. «Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт - жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
а) Пайымдау ә) Хабарлау б) Сипаттау в) Түсіндіру
7. «Борсық - қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
а) Пайымдау ә) Хабарлау б) Сипаттау в) Түсіндіру
8. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын жазған кім?
а) И. Крылов ә) И. Бази б) В. Сухомлинский в) Р. Василек
9. И. Крыловтың «Шегіртке меент құмырсқа» мысалын есіңе түсір.
«Қарағым, жылыт, тамақ бер»деген ненің сөзі?
а) Құмырсқаның ә) Шегірткенің б) Баланың в) Қыздың
10. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?
а) Өре ә) Күрке б) Қора в) Сөре
11. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн ә) Өрнек б) Қыран в) Жұлдыз
12. Елтаңбадағы «Отан от басынан басталады»деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
а) Тұлпар ә) Шаңырақ б) Жұлдыз в) Күн
13. Қазақстан Республикасы Әнұранның әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов ә) Ж. Нәжімеденов б) Н. Назарбаев в) М. Әлімбаев
14. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата.
а) Бостандық таңы атты ә) Мен елімді сүйемін
б) Туған ел в) Туған тілім
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты»мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап:
а) Бірлік ә) Қазағым б) Еркіндік в) Елім
16. Д. Әбілевтің «Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!»деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.
а) Туған тілім – адам тілі - өз тілім!
ә) Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
б) Туған тілде сыры терең жаным бар,
в) Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
17. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел ә) Ә. Кекілбай. Туған ел
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
18. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) Үш бақытым ә) Туған ел б) Туған тілім в) Бостандық таңы атты
19. М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл в) Әке, ана, бала
20. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
а) Т. Айбергенов ә) Д. Әбілев
б) М. Жұмабаев в) М. Мақатаев

Ана тілі І тоқсан қыркүйек


1. «Алма бағындағы жұмыс»Бұл қай шығармадан алынған?
а) Жеміс бағында б) Күзгі орманның көріністері в) Ауыл күзі
2. Ықтыру сөзінің мағынасы:
а) айдау, қудалау б) тапал в) жем беру
3. «Күмән» мәтінінде терезе сындырған кім еді?
а) Рақила б) Дәуіт в) Боранбай
4. Корректор не істей алады?
а) өлең жазады б) газет қатесін түзейді в) газет шығарады
5. М. Әлімбайдың мамандар туралы жазған өлеңін тап:
а) Шахтер мен космонавт б) Мұғалима в) Сылақшы апай
6. Жезқазғаннан не шығады?
а) бидай б) көмір в) мұнай
7. М. Жұмабаев қай ауданда туған?
а) Жаңаарқа б) Қызылқоға в) Булаев
8. Мына өлеңнің қайсысы Абайдың өлеңі?
а) Оқуға шақыру б) Үш бақытым в) Адам болам десеңіз
9. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата:
а) Мектеп, кітап б) Мектеп, мұғалім в) Білім, оқу
10. Ұршық, өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
а) Мұғалима б) Кім жүйрік? в) Жақсылардың жақсысы
11. «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
а) Абай б) Шәкәрім в) Ахмет
12 « Мұздай болат киінген, батпан қару үйірген» жолдарында кім суреттелген?
а) Батыр б) Бала в) Ұшқыш
13. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін»деген кімнің сөзі?
а) Шоқанның б) Абайдың в) Ыбырайдың
14. «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
а) өлең б) жұмбақ в) мақал
15. «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы кім?
а) Мағжан б) Шәкәрім в) Ыбырай
16. «Түн ұйқысын төрт бөліп»- деген жолдар кім туралы айтылған?
а) әке б) бала в) ана
17. Егінді қай уақытта жинайды?
а) қыста б) күзде в) көктемде
18. Ең алғаш мектеп ашқан кім?
а) Абай б) Ахмет в) Ыбырай
19. Әнұранның әнін жазған?
а) Асқар Тоқмағанбетов б) Шәмші Қалдаяқов в) Жадыра Дәрібаева
20. Шық қай кезде түседі?
а) күзде б) жазда в) қыста

Ана тілі І тоқсан қараша


1.«Бітім» сөзінің мағынасын тап:
а) келісім, тоқтам б) баласы жоқ в) сұлтаны, төресі
2. Қабанбайдың шын аты:
а) Дарабоз б) Нар бала в) Ерасыл
3. Қазақтың қалың қолына 30жасында қолбасшы болған батырды ата:
а) Ағыбай б) Қабанбай в) Бөгенбай
4. «Мәміле» сөзінің мағынасын тап:
а) пікірлесу б) келісім в) шарттасу
5. «Махамбет пен Жақия» әңгімесін жазған авторды тап:
а) Қ. Жұмалиев б) М. Әбсемет в) Н. Байғанин
6. Жолдасы, үйі, бүтін, кірсіз киімі жоқ, жалғыз басты адам:
а) кедей б) бай в) батыр
7. «Күлпаш» әңгімесінде Мақтым мен Күлпаш неліктен жылады?
а) қуаныштан б) қайғыдан в) байлықтан
8. Б. Майлин қай жылы дүниеге келген?
а) 1894 б) 1938 в) 1850
9. Жақия кімнің баласы?
а) Махамбет б) Амангелді в) Исатай
10. «Езілген қазақ елінің, бағы үшін туған ер» - өлең жолдары қай батырды суреттейді?
а) Исатай б) Амангелді в) Алпамыс
11. Жәңгір ханның әскерін тас - талқан еткен 14 жасар батыр:
а) Ерасыл б) Жақия в) Исатай
12. «Азаттық жолында» мәтіні кім туралы?
а) Тоқаш Бокин б) Сәкен Сейфуллин в) Қайрат Рысқұлбеков
13. Тоқаштың шешесінің аты:
а) Ақбала б) Ақбалтыр в) Дәметкен
14. Қайрат Рысқұлбеков туралы айтылған мәтін:
а) Нұркен б) Қажымұқан в) Ол ақын болар ма еді?..
15. Рейхстагқа ту тіккен кім?
а) Нұркен б) Рақымжан в) Бауыржан
16. Ту қай мезгілде тігілді?
а) 6 сағат 30 минут б) 5 сағат 30 минут в) 7 сағат 30 минут
17. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
а) 1942 б) 1945 в) 1941
18. 1986 жылы қандай оқиға болды?
а) Ұлы Отан соғысы б) Желтоқсан оқиғасы в) Ашаршылық
19. Ә. Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі:
а) Бауыржан б) Гриша в) Мойсеев
20. Несіпбек Айтов қай өлеңнің авторы?
а) Нұркен б) Амангелді батырым в) Туған тілім

Кері қайту

Бастауыш сыныптарын арналған тест тапсырмасы


3 – сынып. Ана тілі. ІІ тоқсан
1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн
ә) Өрнек
б) Қыран
в) Жұлдыз
2. М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым
ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл
в) Әке, ана, бала
3. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел
ә) Ә. Кекілбай. Ауыл таңы
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
4. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) М. Мақатаев. Үш бақытым
ә) С. Сейфуллин. Туған ел
б) Д. Әбілев. Туған тілім
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
5. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов
ә) Ж. Нәжімеденов
б) Н. Назарбаев
в) М. Әлімбаев
6. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер
Қалың қазақ елінің
Кегің қанмен жуған ер.
Ол кім?
а) Махамбет
ә) Исатай
б) Амангелді
в) Нұркен
7. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген жолдардағы негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
а) К. Табей. Ол ақын болар ма еді?
ә) Ә. Нұршайықов. Музейдегі зеңбірек
б) Н. Айтов. Нұркен
в) Т. Кәкішев. Мәңгі жасар өмір
8. Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды»
деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
а) Малшыны
ә) Жас баланы
б) Кәрі шалды в) Жас жігітті
9. «Қызыл шұнақ тіркесіне» қатысты сөзді ата.
а) Күн
ә) Қар
б) Аяз
в) Қыс
10. С. Шаймерденов «Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
а) Көбелекті
ә) Қар ұлпаларын
б) Жаңбырды
в) Жапырақты
11. «Кеуек» сөзінің мағынасы не?
а) Құстың ұясы
ә) Қоянның іні
б) Ағаштың діңі
в) Аңның ізі
12. «Шидем мен тон қабаттап киген...» кім?
а) Шал
ә) Малшы
б) Бала
в) Жігіт
13. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп... келер
а) Қыс
ә) Жаз
б) Көктем
в) Күз
14. «Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. «Көктем сәні - хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
а) Қасқыр
ә) Ит
б) Ақбөкен
в) Аю
15. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «... қорада шу»
а) Көбелек пен құстар да
ә) Түйе боздап, қой қоздап
б) Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті
в) Ел ешкісін қырқыпты

3 – сынып. Қазақ тілі ІІ тоқсан


1. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
а) 6
ә) 2
б) 4
в) 5
2. Тиісті баяндауышты қой: Қыста қар...
а) айналады
ә) отырады
б) жауады
в) піседі
3. «Ара гүлге қонды» сөйлеміндегі ара сөзінің мағынасы:
а) құрал
ә) жәндік
б) жабайы аң
в) гүл
4. Жалаң сөйлемді тап:
а) Сәуле сабақ оқыды.
ә) Сәуле суда жүзді.
б) Сәуле жазды.
в) Сәуле жүгіріп келеді.
5. Нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Асыл... астан, ақыл... астан
а) б, ж
ә) т, ж
б) қ, с
в) м, н
6. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем қайсы?
а) Дана ойнады
ә) Күз
б) Сара үйді жинады
в) Күн суық
7. Қаратпа сөз дегеніміз не?
а) тұрлаусыз мүше
ә) біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
б) етістік
в) хабарлы сөйлем
8. Бастауыштың сұрақтарын тап:
а) не істеді? не қылды?
ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер?
в) қанша? неше?
9. Жалқы есімді тап:
а) ажарлы
ә) Іле
б) алма
в) сабырлы
10.»Ашулану» сөзіне қарсы сөз:
а) ренжу
ә) серуендеу
б) сақтау
в) қуану
11. Тұрлаусыз мүшелер:
а) толықтауыш
ә) пысықтауыш, баяндауыш
б) анықтауыш
в) анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш
12. Жалғау жалғанған сөз:
а) балалы
ә) баламен
б) балпақ
в) бала
13. Түбір сөзді тап:
а) кілемдер
ә) домбырашы
б) білімді
в) шахтер
14. Мәндес сөзді тап:
а) қала
ә) жақсы, жаман
б) таяу, ұзақ
в) әдемі, көрікті
15. Мағынасы қарама - қарсы сөзді тап:
а) алыс, қашық
ә) ұзақ
б) кең, тар
в) сұлу, көркем

3 – сынып. Математика ІІ тоқсан



1. Көбейтумен алмастыруға болатын амалды тап:
а) 6+3+4+2
ә) 6+6+6+6
б) 8 - 8 - 8+8
в) 9 - 2+4 - 2
2. 3+3+3+3+3 амалымен алмастыруға болатын сандар көбейтіндісін белгіле:
а) 3*4
ә) 5*5
б) 3*3
в) 3*5
3. Сандар бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні деп аталатын амалды көрсет:
а):
ә) *
б) +
в) –
4. Егер бір дәптер 7 теңге тұрса, 3 дәптердің бағасын тап:
а) 21 тг
ә) 10 тг
б) 15 тг
в) 4 тг
5. 4 люстрада 20 лампа бар болса, 1 люстрада неше лампа болады?
а) 16 л
ә) 24 л
б) 4 л
в) 5 л
6. х: 9=3 теңдеуіндегі х - тің мәнін тап:
а) х =3
ә) х =27
б) х= 12
в) х= 6
7. Тура теңдікті тап:
а) (7*9)- 7= 14
ә) 10: 8 - 6= 15
б) (19 - 9)+6= 4
в) 24: 6+2= 6
8. Кез - келген санды 0 – ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) санды 0 - ге көбейтуге болмайды
9. Кез - келген санды 1 - ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) 10
10. Асханада 27 бала тамақтанды, ал олардан 3 есе аз ересек адамдар тамақтанды. Асханада тамақтанған ересектердің санын есепте:
а) 27: 3=9(ер)
ә) 27 - 3= 24(ер)
б) 9*3= 27(ер)
в) 27+3=30(ер)
11. Қалдықпен бөлуді орында: 66: 8
а) 8(қалд 2)
ә) 7(қалд 3)
б) 15(қалд 4)
в) 12(қалд 2)
12. Палетканы не үшін қолданады?
а) ұзындықты өлшеу үшін
ә) массаны өлшеу үшін
б) уақытты өлшеу үшін
в) ауданды өлшеу үшін
13. 20 - ның оннан бір бөлігі --- тең
а) 2
ә) 10
б) 5
в) 15
14. 5 ашық хатқа 25 теңге төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?
а) 20тг
ә) 30тг
б) 5тг
в) 15тг
15. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ал ені 2 см болса, оның ауданы - см 2 тең болады?
а) 6
ә) 8
б) 2
в) 9

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет