Едилбаева Арай
Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды. Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.
Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.
Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері табылады.
Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:
- валюталық бағам;
- ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;
- құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;
- валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.
Реттеу түрлеріне өзін-өзі реттеу бөлімінде айтсақ болады.Өзін-өзі реттеу институты бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік билік органдарының тиімді өзара әрекеттесуі үшін құрылған. 2016 жылы күшіне енген «Өзін-өзі реттеу туралы» заңда аталған күрделі процестің базалық қағидалары жазылған. Өзін-өзі реттеу деген не? Бірінші кезекте, бизнестің салалық ережелерді және бизнесті жүргізудің стандарттарын өз бетінше енгізуі. Бұл шара тауарлар, жұмыс және қызмет түрлерінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Өзі-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің мүлікті жауапкершілігін кепілдендіру институты түпкі тұтынушыларды қорғайтын болады. Басқаша айтқанда, тиімсіз және ауыртпалықты мемлекеттік реттеуден, бизнеске әкімшілік қысымнан, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуынан бас тарту. Біздің комитет өз жұмысын 2018 жылдың қыркүйегінен бастады. Комитет мүшелері қоғамдық бастамаларда жұмыс істейді. Алдымызда өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелерінде тұжырымды әдістерді әзірлеу, сонымен қатар осы саладағы мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар қойылған.
Міндетті өзін-өзі реттеу барлық артықшылықтар мен шығындарды талдағаннан кейін тек заңдармен енгізіледі, әдетте, мемлекеттік реттеудің орнына. Қазақстанда міндетті өзін-өзі реттеу бағалау қызметі және заңгерлік кеңесшілер қызметіне енгізілген, тиісті заңдар былтыр қабылданған. «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң күшіне енгеннен бастап ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесін шамамен 30 ұйым алды. Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік өзін-өзі реттеумен қатар жұмыс істейді, бұл жерде мемлекеттік қызметтер берілмейді. Осы ретте ерікті өзін-өзі реттеуде мемлекеттік талаптардан жоғары стандарттар мен ережелер болуы керек, сондай-ақ мен айтып өткенімдей, ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдарында мүліктік жауапкершілігі жоғары. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет өнім (тауар), өндіріс және өткізу процестеріне талап қойған салалар, сонымен қатар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығымен байланысты салаларда міндетті өзін-өзі реттеу механимзін енгізу мүмкін емесе. Бұл – мемлекет құзіретіндегі қызметтер. Елімізде өзін-өзі реттеудің бірығңғай тізілімі жоқ. Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша, ерікті өзін-өзі реттеуге денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі, экологиялық аудит, өнеркәсіпктік қауіпсіздік және техникалық реттеу, оңалту және банкроттық салалары ауысқан.
өзін-өзі реттеуге кезең-кезеңмен өту керек. Бастапқыдан нарық субъектілерін шоғырландыру керек, анағұрлым жауапты кезең – міндетті өзін-өзі реттеуге өту үшін жан-жақты дайындық жұмысын жүргізу керек. Нарық субъектілері қауымдастықтарының өзін-өзі реттеу белгілеріне сәйкес келуінің нақты өлшемдерін белгілеу маңызды. Осы ретте салалық коммерциялық емес ұйымдардың өзін-өзі реттеу белшілеріне сәйкес келуды алдын ала бағалауды жүргізу жұмысын ҰКП-ға беру дұрыс деп санаймыз, осылайша өзін-өзі реттейтін ұйымдардың сапалы құрамын қалыптастырудағы шашыраңқылық орын алмайды. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының 2020 жылға дейінгі ережелері орындалып қойғанын ескеретін болсақ, жаңа бағдарламалық құжат – Қазақстанда өзін-өзі реттеуді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мақсатты деп топшылаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |