Әдісі: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік



Дата20.12.2021
өлшемі10,62 Kb.
#103887
Байланысты:
Практика тәрбие сағаты 3 сынып


Тәрбие сағаты.
Мақсаты: 
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Ендігі кезекте балалардың Отанымыз жайлы өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1-оқушы: 
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан-қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата-анамды,
Мені өсірген елімді.
2-оқушы: 
Отан деген -атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
3-оқушы: 
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Өмір сүріп келеміз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз-Қазақстан. Әрбір адамның өзінің туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласы болады.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас,-дегендей өз Отанымыздан жақсы жер табылмасы анық. Олай болса, Отан туралы, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.

2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Отан оттанда ыстық.

4. Отан үшін-отқа түс күймейсің,

Арың үшін алыссаң өлмейсің.


Қорытынды:

Біздің Отанымыз,біздің еліміз сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Арайлы күннің астында, тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан жалынды қазақтың ұрпақтарымыз. Сондықтанда осындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқандығымызға шексіз қуануымыз қажет. Қаншама ата-бабамыз, апа әжелеріміз осындай бейбіт күннің астында өмір сүруді армандап кеткен. Олардың ерен еңбектері зор, осы күнге дейінгі тәуелсіздікпен күрес жолында өшпестей із қалдырды. Отанымыздың тарихы тереңде, талай қиын күндерді бастан кешіріп бүгінгі еліміздің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Менің Отаным-менің Қазақстаным!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет