Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарды көрсетіңіз



бет74/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

3 3 1 Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарды көрсетіңіз.

Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:

1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

  1. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.


  2. Шығарманы оқу.


  3. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.


  4. Шығарманың жоспарын жасау.


  5. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар


Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады.ақыл-ой жұмысын зерттеу барысында эмоциялық қозғаушы күштің мәнін И.П.Павлов: «Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері- оның ұзақ уақытқа шоғырлануы»-деп жазады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: « - Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар...» деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. А.Г.Ковалевтың берген анықтамасы бойынша «қызығушылық бұл маңызды өмірлік мәні мен эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасы». Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбінесе әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі .

Мысалы, М. Әуезовтің атақты «Абай жолы» романынан кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта «Бүлдірген тере барғанда» тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп, көрген – көремегендері жөнінде әңгіме өткізеді . Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Бүлдірген тере барғанда» шығармасының мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.

Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндліруде ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады- ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндерін аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.

Шығармашылыққа қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады Г.И.Шукинаның жазғанындай балалар шығармашылығының көрінуіне жататын танымдық, қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетіндегі сипаты оның даму деңгейін бағалайды.

Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздермен ұйымдарды түсірудің мақсатында жүргізіледі. «Мәтін өзін құрайтын бірліктер және оны құру кезінде пайда болған тұлғалардың өзара тығыз байланысы арқылы іштей ерекше ұйымдасқан жүйе ретінде белгілі бір ақпаратты жеткізудегі автор көзқарасын білдіруге бағытталады»-деген пікір бар . Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты –балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:

а) Оқушылардлың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында баларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әғңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ. Мұстафиннің « Қырман үстіндегі ту » әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған – болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.

С. Мұқановтың «Сең үстінде» әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы туралы әңгімелесуге болады.

ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, « Сырым батыр», «Тарас Шевченко» мәтіндерін оқымас бұрын бұл мәтіндердегі оқиға қай кезде болғанын Сырым батырдың немесе Тарас Шевченконың кімдер екенін айтып, түсінік беру керек.

Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.

б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға и қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады.



в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын , мұғалімнің әңгімесі болсын – қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, баплаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулықтағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол.

г)Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С. Мәуленовтің «Қыс келбеті» өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен «Қысқы ойын», «Қыс » тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді.

д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Гере оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта лингвистиканың сөйлемнен тыс объектілерді зерттеуге бағыт бұрганына байланысты жеткізейін деген ойдың жалғастығын, мағыналық байланыстылығын іске асыратын мәтінішілік синтаксистік көріністер туралы айтылып жүр. Олар синтаксистік тұтастық бірліктерін жеке дара емес, жазушының айтпақшы ойын, оның парадигмалық бағдарын тілдік көрсеткіштердің жұмсалым ыңғайымен байланыста қарайды.

Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, экскалатор тағы сол секілділер. Сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалалардарды дұрыс қабылдай алмайды, олар елес тумайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет