Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.