Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код – белгілі бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.
Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.
Азаматтықпатриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.
Азаматтық қоғам -өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.