Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


Курстық жұмысты рәсімдеу ережелері



бет4/12
Дата02.11.2022
өлшемі362,04 Kb.
#156184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ТРП курс.жум каз 2021

5. Курстық жұмысты рәсімдеу ережелері

5.1 Курстық жұмыстың ғылыми жетекшісі ретінде профессорлар, доценттер, аға оқытушылар тағайындалады.


5.2 Курстық жұмыс А4 қағазына жазылады. Курстық жұмыстың беттік көлемі 15-20 беттен тұруы тиіс және ол үш бөлімнен тұрады. Бұдан кем немесе асық (көп) болмауы керек.
Мұқаба беті, стандартты толықтырылуы тиіс. Курстық жұмыс компьютерде терілсін және білімгердің қол жазбасы бойынша да қабылданады. Қолданылатын сия түрі қара немесе қою көк түсті сиямен жазылады. Сонымен қатар А4 қағазы бойынша беттің стандарттық шекаралары сақталсын; беттің параметрлері: жоғарыдан – 20 мм, төменнен – 25 мм, сол жақтан – 30 мм, оң жақтан – 10 мм, жол арасы – 1 интервалдан аспауы керек. Әр беттер өз ретімен реттік белгімен көрсетілуі тиіс. Беттің реттік нөмері үстіңгі оң жақ шегіне қойылады. Әдебиеттер тізімі 10-нан кем болмауы керек.
Курстық жұмыстың ішінде бір рет таза түрінде тігілуі тиіс, бұған тексеру кезіндегі кейбір кемшіліктер немесе ескертулер жазылады.
5.3 Әрбір курстық жұмыс таңдалған тақырыбының өзектілігін, қажет болса объект құрылуы мен қайта құрылуын немесе ғылыми зерттеулерін негіздеуі тиіс. 6В06119 – Бағдарламалық инженерия, 6В06116-Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау, 6В06118- Ақпараттық жүйелер және технологиялар мамандықтары бойынша негізгі тақырыптан С++/С# тілінде бағдарлама құру келесі кезеңдерден тұрады: а) бағдарламаның бастапқы мәтінін дайындау; ә) бағдарлама компиляциясы (объектті кодты алу) сұрақтары ашылуы тиіс.
5.4 Курстық жұмысының мазмұны кіріспе, бөлім реттік нөмірлері мен барлық тараулар, тараушалар атаулары, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімін, қосымшаларын қамтиды. Тізбелік нөмір тараулар және тараушалардың атаулары басталатын беттері көрсетіліп жазылады.
5.5 Кіріспе бөлім курстық жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалын бағалаудан, сонымен қатар курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін, міндеттерін зерттелу объектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен курстық жұмысының практикалық базасын құрайды.
5.6 Курстық жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерінің қорытындылары келтіріледі. Курстық жұмысының негізгі бөлігі, ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлу ұсынылады. (тараулар және параграфтер).
5.7 Курстық жұмыста, тапсырмаға сәйкес, басқару жүйелердің заманауи перспективті теориялық және тәжірибелік жеке сұрақтары қарастырылуы тиіс. Зерттеу жұмыстары теориялық немесе тәжірибелік зерттеу өткізуге, процесті моделдеуге, параметрлерді оңтайландыруға бағытталады: қолданылатын әдістерді, құралдарды және алгоритмдерді таңдау және негіздеу, бағдарламалардың алгоритмдік схемаларын өңдеу
5.8 Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімі тапсырманы іске асыру пункттерін құрайды: жасалған алгоритмдермен бағдарламаларды өңдеу және жөндеу, құрылғылардың принципиалды схемаларын өңдеу және оларды компьютерме модельдеу, құрылғы макетін жасау және оны жөндеу, есептеу немесе өңделетін бұйым сипаттамалары бойынша тәжірибелік деректерді алу және олардың бастапқы мақсатта қойылған талаптарға сәйкестікгін анықтау.
5.9 Қорытынды бөлім курстық зерттеудің қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұрады.
5.10 Пайдаланған әдебиеттер тізімі курстық жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
5.11 Қосымшаға курстық жұмыстың зерттеуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
5.12 Курстық жұмысының бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет