Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Анимация мен ауысу



бет138/164
Дата26.10.2023
өлшемі2,08 Mb.
#188410
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   164
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (1)

29-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Анимация мен ауысу

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
4-бөлім. «Презентациялар» (ортақ тақырыбы: «Су – өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Анимация мен ауысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.2 слайдтар арасында ауысуды қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Слайдтар арасында ауысулар қолдануды үйренеді

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Бірлік» әдісі
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
/Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.

Топтастыру:

Топтастыру
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып үш топқа бірігеді.
І топ: «Бірінші», ІІ топ: «Екінші», ІІІ топ: «Үшінші»
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Елімізде орналасқан қандай су қоймаларын білесің?

  • Бұл су қоймалары не үшін салынады?

(1-сурет)

  • Осы тақырыпта қандай презентация жасау идеясын ұсынар едің?

Ойыңды ортаға сал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет