Әдістемелік нұсқау



бет24/160
Дата13.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#191282
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   160
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау-emirsaba.org

ІІІ топ: Жасыл түс
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.


(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,


суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
  • Кейіпкерлерді қозғалысқа келтіретін қандай командалық блоктарды айта аласың? Есіңе түсір.


  • 1-суретке назар аудар. Не бейнеленген?


  • Осы суреттер бойынша қандай оқиға желісін немесе ойын идеясын ұсынған болар едің?







Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті


тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері


Жаңа сабаққа дайындық


Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Сабақтың ортасы
(26 мин)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет