Әдістемелік нұсқау


Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»



бет56/163
Дата08.10.2022
өлшемі408,19 Kb.
#152228
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   163
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • «Көрініс» ұғымын қалай түсінесің?

  • 1-суретке назар аудар. Екі суретте де көрініс берілген. Олардың қандай айырмашылықтары бар? Ойыңды ортаға сал.


Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!
Тамаша! Керемет!
Талпын!

Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.


Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы
(26 мин)


ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі
Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Жаңа сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

  • оларға қиын болып көрінген және алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет