Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «Тізбектей оқу» әдісі
Топта оқушылар оқулықта берілген жаңа білім айдарындағы мәтінді кезектесіп, бірінен соң бірі тізбектей оқиды. Әрбір оқушы өзінің оқыған мәтіні бойынша топта өзара талқылау жасайды. Бір-біріне және мұғалімге сұрақтар қойып, өздерінің білімін толықтырады.
|
|
Топтық жұмыс: «Постер қорғау»
әдісі
1-тапсырма
Төмендегі заттардың бірін таңдаңдар. Заттың жарнамасын дайындаңдар (постер құрау).
Жарнамаларыңды сыныптастарыңның алдында қорғаңдар.
|
Дескриптор
Берілген заттардың бірін таңдайды.
Заттың жарнамасын дайындайды.
Жарнамаларын сыныптастарының алдында қорғайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |