Барлық оқушы үшін: Мерекелік көңіл күйді, қуанышты сәттерді фотоға түсіру үшін қандай цифрлық құрылғы қолданатыны туралы әңгімелейді.
Фотосуретті компьютерде өңдейтін программаларды біледі.
Фотосуреттерді өңдейтін программаны пайдалануды үйренеді.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт ақырындап көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда, биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін ... (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар ... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.