Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы



бет83/163
Дата17.10.2023
өлшемі419,98 Kb.
#186275
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (2)

17-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптары: «Өнер», «Атақты тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Word мәтіндік редакторы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін пернелерді пайдалану; 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2.1.3. мәтінді өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.
Оқушылардың көбі үшін:
Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру. «Достармен кездесу уақыты» әдісі







Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі менікіне ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. І топ: сағат 9
ІІ топ: сағат 12
ІІІ топ: сағат 15
IV топ: сағат 18
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет