3.5-тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып жолдастарыңызды, туыстарыңызды тойыңызға шақырыңыз және құттықтау жазыңыз. Туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.Сөйлесім үлгілері: - Мерекеңіз құтты болсын! -Рахмет, бірге болсын! - Мейрамыңызбен! - Құтты болсын! - Бүгін маған қонаққа келіңіздер. - Жақсы, сағат нешеде? - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын. - Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін! Рахмет. Айтқаныңыз келсін.
2-тапсырма. Мына етістіктерге көсемшенің –ғалы/-гелі жұрнағының бірін қосыңыз [1,390-б. 17-жаттығу]. Жазу, бару, көру, ашу, біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу.
3-тапсырма. Мына етістіктерге көсемшенің –а/-е/-й жұрнағының бірін жалғаңыз және жекеше түрде жіктеңіз [1, 404-б. 14-жаттығу]. Біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, бару, көру, ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |