8.2-тақырып: Менің мамандығым.
1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Сөздік минимум: Институт атаулары, кафедралар атауы, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар. Сөйлесім үлгілері: Сіз қай институттансыз? Мен журналистика институтынанмын. Институтыңызда қандай мамандыққа дайындайды?
2-тапсырма. «Менің мамандығым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
9.1-тақырып: Журналистика терминдері, сөздері мен сөз тіркестері. Кәсіби терминдердің қазақша - орысша сөздігін жасау. Мақала жасаудың негізгі принциптерін үйрете отырып, арнайы мәтіндермен жұмыс жүргізу. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Синтаксис туралы түсінік. Сөйлем, оның түрлері. Жай сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Сұраулы сөйлем, оның жасалу жолдары. [2 ] 178-бет, 92-93-жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |