2 Әдістемесі
Ылғалды қаныққан будың құрғақтылық дәрежесін х тәжірибелік түрде анықтау әдістемесінің негізіне будың конденсациалау әдістемесі салынған. Калориметрге құйылған суық су арқылы ылғалды буды өткіземіз. Бұл жағдайда бу конденсация кезінде суға жылу саның Qп, Дж береді:
Qп = m ылғ. (i x – i 2 ), (6.1)
мұнда m ылғ. – ылғалды қаныққан будың конденсацияланған массасы, кг;
ix – ылғалды қаныққан будың энтальпиясы, Дж / кг.
I2 – парды өткізгеннен кейінгі калометрдің судың энтальпиясы, Дж / кг.
парды өткізгеннен кейінгі калометрдегі судың энтальпиясы келесі теңдеу арқылы анықталады:
(6.2)
Мұнда – судың орташа меншікті изобаралық жылу сыйымдылығы, Дж/(кг·К), Ср = 4187 Дж/(кг·К).
t2 – буды конденсациялаудан кейінгі калометрдегі судың температурасы, оС.
Ылғалды қаныққан будың энтальпиясы ix келесі формуламен анықталады:
ix = i’ + r· x, (6.3)
мұнда r –будың пайда болудағы жылулығы, Дж/кг
Бумен берілген QБ жылудың саның жылу балансының теңдігінен анықтауға болады:
QБ = QС + QКАЛ + QЖШ, (6.4)
QКАЛ – калометрдің қабырғаларын және мүшелерін қыздыру үшін кететін жылу саны, Дж;
QЖШ – қоршаған ортаға кеткен жылу шығыны, Дж.
Калометрдегі сумен қабылданған жылу саны келесі жолмен анықталады:
, (6.5)
Мұнда тс – калометрдегі алғашқы су массасы, кг;
t1 – калометрдегі алғашқы су температурасы, оС.
Калометрдің қабырғаларын қыздыруға жұмсалған жылу саның келесі формуламен анықтайды:
QКАЛ = с (t2 – t1), (6.6)
Мұнда с – калометр тұрақтысы, Дж/К (с = 400 Дж/К).
(6.2), (6.5), (6.6) теңдіктерін есепке ала отырып, (6.1)теңдігін жылу балансының теңдігіне қоямыз:
. (6.7)
(6.3) теңдігін в (6.7) теңдігіне қоямыз,одан біз аламыз:
. (6.8)
Достарыңызбен бөлісу: |