(қолы) (аты-жөні)
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
Пән бойынша қарастырылатын тақырыптар
Дәріс, семинар, өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар семасиологияның өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттердің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлеледеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз.
1- тақырып: Семасиология ғылымы, зерттеу нысаны.
1 Семасиология – тіл білімінің бір саласы;
2 Семасиологияның зерттеу әдіс-тәсілдері.
3 Семасиологияның зерттелуі;
Сабақтың мақсаты: Семасиология ғылымы туралы жалпы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіл білімінде снмасиология ғылымының зерттеу аясы, зерттелу жайында толық мәлімет беру.
Пайдаланылатын әдебиеттер
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері. Алматы, 1982
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1993.
Бибеков Қ.Т. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 2007
2-тақырып: Сөз және оған тән белгілер
1 Сөз лексикалық бірлік;
2 Сөздің фонемадан ерекшелігі;
3 Сөздің морфемадан ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |