ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
eduschool.kz порталын қолданушыларға
арналған нұсқаулық
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Мазмұны
1. Басты бет ............................................................................................................................ 3
2. Порталға тіркелу ................................................................................................................ 4
3. Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш жіберу..................................................................... 6
4. Менің өтініштерім ........................................................................................................... 11
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
1. Басты бет
http://eduschool.kz/ru/сайтын ашқан кезде келесі бет жүктеледі (1.1 – сурет)
Бұл бетте 1 сыныптарға байланысты босайтын және бос орындарды көруге болады ол
үшін жоғарыда көрсетілген «Бос орындар» бөліміне кіріңіз немесе «Толығырақ..» деп
басыңыз
1 .1– сурет. Басты бет
Келесі бетте, өз елді мекеніңізді дұрыс таңдаңыз, шыққан кесте арқылы бос және
босайтын орындарды көре отырып, бос орыны бар мектептерге өтініш бере аласыз
(1.2 – сурет)
1.2– сурет. Бос орындар
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
2. Порталға тіркелу
Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш жібермес бұрын, ең алдымен сіз, порталға оқушының
заңды өкілі ретінде тіркелуіңіз қажет. Ол үшін осы бетте «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
(2.1 – сурет)
2.1 – сурет. Тіркелу
Келесі бетте, төмендегі көрсетілген нысандарды толтырыңыз да, «Тіркелу» батырмасын
басу арқылы әрекетті растаңыз.
Ескертеу: «Логин/Электронды почта» деген нысанға өзіңіздің қазіргі таңда жұмыс жасап
тұрған эл.почтаңызды көрсетіңіз, себебі ол көрсетілген почтаға тіркелуді аяқтау үшін
арнайы сілтеме келеді! (2.2– сурет)
2.2– сурет. Тіркелу
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Тіркелу сәтті жасалса, сізге басты бетте хабарлама шығады да, тіркелуді аяқтау үшін
тіркелу барысында көрсеткен эл.почтаңызға арнайы сілтеме келеді. Эл.почтаңызды
тексеріңіз. (2.3– сурет)
2.3– сурет. Хабарлама
Эл.почтаңызға келеген осы сілтеме арқылы өтіп, логиніңізді және құпия сөзіңізді жазып,
жеке кабинетіңізге кіресіз (2.4– сурет).
2.4– сурет. Сілтеме
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
3. Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш жіберу
Жеке кабинетіңізге кіріп, «Қызметтер» бөлімін таңдау арқылы өтініш бере аласыз.
(3.1– сурет)
3.1– сурет. Жеке кабинет
«Қызметтер» тармағын басып, кейін өтініш беру типін таңдаңыз, яғни «Бірінші сыныпқа
қабылдауға өтініш жіберу» (3.2 – сурет)
3.2– сурет. Қызметтер мәзірі
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Бұл бетте оқушының қажетті құжаттар тізімі көрсетілген. Осы бетте өз қалаңызды немесе
ауданыңыз бен ауылдық округыңызды таңдаңыз да, «Өтініш жіберу» батырмасын
басыңыз. (3.3– сурет)
3.3– сурет. Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш жіберу
Келесі бетте, ата-ана немесе заңды өкілі туралы мәліметтерді толтырып «Алға»
батырмасын басыңыз. (3.4– сурет)
3.4– Ата-ана туралы мәліметтер
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Келесі бетте бала туралы мәліметтерді толтырып, мектебін көрсетіңіз, жалпы білімдік
мектепті таңдау міндетті, ал егер гимназиялық сыныпқа өтініш беретін болсаңыз,
гимназиялық сыныбы бар мектепті де, таңдау қажет. Мектептерді таңдағаннан соң, пайда
болған кестеге мән беріңіз, өтінішті тек бос орыны бар мектептерге ғана бере аласыз!
Мәліметтерді толық толтырып болған соң «Алға» батырмасын басыңыз.
(3.5– сурет)
3.5– сурет. Бала туралы мәліметтер
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Келесі бетте, қажетті құжаттар тізімін жүктеңіз де «Алға» батырмасын басыңыз. (3.6–
сурет)
3.6– сурет. Құжаттар жүктеу
Толтырылған мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Егер толтырылған мәліметтерде
қате болған жағдайда, артқа батырмасын басыңыз да мәліметтерді дұрыс толтырыңыз, ал
егер барлығы дұрыс толтырылса, өтінішті жіберу батырмасын басып, өтінішті жіберуді
растаңыз. (3.7– сурет)
3.7 – сурет.Толтырылған мәліметтерді тексеру.
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
Келесі бетте өтініш сәтті жіберілгені туралы хабарлама шығады, өтініш «Қаралуда»
статусында тұрады. (3.8– сурет)
3.8 – сурет.Сәтті жасалған өтініш.
ЖШС "Benediximus"
ТОО "Benediximus
4. Менің өтініштерім
Гимназиялық сыныбы бар мектептің, гимназиялық сыныбына түсу үшін, сұхбаттасуға
немесе тестілеуге шақыруы керек және сол тестілеуден өту арқылы қабылданады. «Менің
өтініштерім» бөліміне кіріп, өтініштердің ішінен тауып, кестеде көрсетілгендей мектеп
статусы арқылы көре аласыз. (4.1– сурет)
4.1 – сурет.Менің өтініштерім.
Ал қай мектепке қабылданғанын, осы бетте статустың өзгергеніне қарай біле аласыз. (4.2–
сурет)
4.2 – сурет.Менің өтініштерім.
Достарыңызбен бөлісу: |