Мал азығының протеин арақатынасы
Белоктың мал азығы ретінде маңызы зор. Ол барлық органдар мен ткандердің негізгі құрамы болып саналады.
Жемшөпте 0,5-ден 90 процентке дейін белок бар. Өсімдік тектес азықтар ішінде ең белокқа бай күнжара шроты (30-45 процент), бұршақ пішенінде (12-15 процент), ал астық тұқымдас дәнді азықтарда (8-10 процент), пішен сабанында(4-6 процент), тамыр жемістерінде (0,5-1,0 процент). Ет ұны мен кептірілген қан азығында белоктың мөлшері (70-90 процентке) жетеді.
Протеин дегеніміз – күрделі органикалық белок пен аминен, амидтен(белокты және белоксыз азоттан) тұратын коректі зат.
Белок дегеніміз – күрделі органикалық белок азотынан тұратын коректік зат.
Протеиннің мөлшері әдетте азықтардың түріне, ботаникалық құрамына, өскен жеріне, дайындау тәсіліне, сақталыуына байланысты. Негізінде азықтар құрамындағы шикі қорытылатын протеин мөлшері процент, я болмаса грам өлшемімен есептеледі. Протеин 20 амин қышқылдарынан тұрады, яғни азықтармен бірге мал организміне енетін амин қышқылдары, ал қалған 10-ы организмде түзелетін амин қышқылдары (глицин, балапандар үшін ауыстырылмайтын цистин,жартылай ауыстырылмайтын амин қышқылдары).
Амин қышқылдары 1 кг азық құрамында грамм, протеинде – процент есебімен өлшенеді. Азықта аминқышқылдары болмаса, яғни жетіспесе мал организімінде зат алмасу процесі бұзылады, жас малдың өсуі тежедеді немесе тоқтап қалады, сақа малдан алатын өнім кемиді.
Амин қышқылдары қажетті мөлшерден кем болса, ондай белок құнсыз белок деп саналады.
Амидпен белоктың ара қатынасы 1:3 болғаны жөн. Белоктың молшерін протеинен амидтің мөлшерін алу арқылы табады. Бос амин қышқылдары күйіс қайыратын малдардың үлкен қарнында инфузория мен бактериялардың тамағына айналып, олардың денесінің белогын құрайды.
Нитраттар, нитриттер, амиактар қанға сінгенімен, оларды барлық малдар тиімді түрде белок алмасу процесіне қолдана алмайды, тек бұны күйіс қайыратын малдарға ғана пайдаланады. Мысалы: күйіс қайыратын малдардың үлкен қарындағы микрофлоралар нитратты нитритке айналдырып, одан аммиак түзеді, ол қант мөлшеріне байланысты амин қышқылдарын және белок құруға жұмсалады.
Егер нитраттың аммиакқа айналу процесі толық жүрмесе, я болмаса нитрит күйінде көп уақытқа созылса, онда нитриттер каротиннің А витаминіне айналуын тежеп, сонымен қатар ол қанға сіңіп оксигемоглобин құрамындағы темірдің валентісін өзгертіп, белсендігі азайған метоглобин түріне ауысады. Метогемоглобин көміртегін қосып алған соң оны шығарып, мал өкпесінің альвиоладағы ауадан оттегні қосып алуы өте қиынға түседі. Егер қан құрамында 75 процентке дейін метоглобин түзілсе, мал тұншығып (ауа жетпей) өледі. Нитриттің азық құрамында молаюның себебі тыңайтқыш қолданудан. Рациондағы құрғақ заттың 0,4 проценті (нитрат калий KN3 ) болса дені сау бұзаулар уланып ауруға шалдығады, ал ауру, әсіресе өкпесі ауыратын бұзаулар өліп кетеді, егер қозыға шөпке қосып 0,5 г нитрат берсе үш сағаттан кейін өледі. Нитраттың және нитриттің уландырғыш қасиетін жою үшін малға А витамин-препаратын береді.
Азықтардың протеиндік белоктарының негізгі сапасын зертеу тәсілінің бірі - биологиялық тәсіл. Бұл тәсіл арқылы жас малдардың тірідей салмағының өсуі нәтижесінде байланысты рацион құрамында белоктардың биологиялық құндылықтарын анықтайды. Яғни, малдар тірідей салмағын көбейтсе, онда рациондағы белоктық биологиялық құндылығы мол деп, ал тірілей салмағы аз болса, аз деп атайды.
Күйіс қайыратын малға арнап жемшөп өндірген кезде оның құрамындағы протеиннің суда, тұзда және сілтіде еритін фракцияларының мөлшері мен ара қатынасына назар аударған жөн. Әдетте нашар еритін протеин нашар қорытылады және осыған керісінше болады. Соған орай протеиннің ерігіштік дәрежесі амин қышқылдарын малдың организмінде жақсы сіңіруге септігін тигізетін факторлардың бірі болып табылады.
Сақа ірі қара малдарға протеин жетіспесе, олардың рационына жасанды азот заттарын (мочевина, сульфат, диаммонифосфат т.б. аммоний тұздарын) қосады. Жемшөптің құрамында протеинмен белгілі бір қатынаста қант пен крахмалдың болуы мал азығының сапасы мен құндылығын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Протеинмен канттың ара қатынасы 1-1,5 крахмалдікі 1,5-2 есе болып келсе, бұл мөлшер ең қолайлы үйлесімді ара қатынас болғандығын көрсетеді.
Дәріс №6. Мал азығының қоректілігін бағалау әдістері және мал организміндегі заттар мен энергияның тепе-теңдігі
Достарыңызбен бөлісу: |