Тойкова Жұлдыз
Егер мен алтын балық ұстап алсам...
/әңгіме/
Егер мен алтын балық ұстап алсам...
Иә, қармағыма ма, жоқ әлде, құрған ауға ма, тіпті тосыннан түсіп жүрген су ішінен алтын балықты ұстап алдым делік... Ол маған:
Сұлу қыз, мені босатшы, қалауыңды орындаймын! – деді.
Жоқ, маған ештеңе керек емес, сенің өзің алтыннан жаралғансың.
Ендеше сен менің бүкіл өміріме жететін қазынасың! – деп қуандым.
Ол көзін төмен салып тұрып қанаттарын қозғалтқысы келді. Менің
қармауымнан шығып кеткісі келіп тұр ма, қалай? Сосын мен күлімсіреп едім, осы сәтті пайдаланғандай алтын балық маған:
Өтінемін, сұлу қыз, мен сусыз қалай өмір сүремін?!. Жер бетіндегі
басқа адамдардың да қалауын орындауым керек қой, сен мені босатшы, – деп жалынды. Аяп кеттім де:
Жарайды, бірақ менің бір емес, жеті қалауымды орындайсың ба? – дедім.
Әрине, айтыңыз, сұлу қыз, қазақтар жеті санын жақсы көресіңдер, ә! – дейді
алтын балық. Оған саусағымды санамалап тұрып:
қазақша сөйлететін арнайы құрылғы орналастыр. Екінші қалауым: 2017 жылы Қазақ жерінде өтетін ЭКСПО көрмесіне менің атымнан дүйім жұртты тамсандыратын нысан ойлап тап. Үшінші қалауым: Жер бетінде мүлдем соғыс болмайтындай жағдай туғыз. Төртінші қалауым: төрткүл дүниені табиғаттың ең сұлу әсеріне бөле, ыстық жаққа сәл салқындық бер, суық жаққа жылу бер, шөлдерге су жібер, вулкан мен тасқындарды, жер сілкінісін тоқтат, табиғтты менің қалауымша өзгерт. Бесінші қалауым: ауру деген мүлдем жойылсын. Алтыншы қалауым: еріксіздерге сана бер, тәртіпсіз, қылмыскерге ой бер. Жетінші қалауым: адам жасын 200 жылға ұзарт, – дегенім сол еді, дүние мен ойлағандай болып шыға келмесі бар ма?!.
Егер мен алтын балық ұстап алсам осылайша оған қолқа салар едім. Әй, бірақ, қайдам?!. Барлығы бір Жаратушының ғана қолында екеніне сіз де, біз де күмән келтірмейміз, сірә!..
Достарыңызбен бөлісу: |