Егер Сержанның 11 доллары қалса, оның қанша ақша жұмсағанын есептеңіз. A $29 b $28 c $20 d $17



бет2/3
Дата03.03.2023
өлшемі2,57 Mb.
#170999
1   2   3
Байланысты:
Ақбота 8 сынып жауаптарымен Даму

(сурет 1)

546 және 117 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші 39-ға тең. Бауыржанның 391 дана iPhone 13, 221 дана Xbox Series X консольдері және 187 дана Playstation 5 консольдері бар. Ол мүмкіндігінше аз қорап қолданбақшы, әр қорапта iPhone, Xbox және Playstation секілді заттардың саны бірдей болуы керек.


(сурет 2)
Әр қорапта қанша Playstation 5 консолі бар?

A) 13
B) 17
C) 11
D) 15
17)X зауыты белгілі бір мөлшерде темір пластиналарды өндіруге 80 минут жұмсайды. Ал, Y зауыты дәл сол мөлшердегі темір пластиналарды шығару үшін 100 минут жұмсайды. Неғұрлым тиімді зауыт баяу зауытқа қарағанда минутына 5 темір пластина көп шығарады.
Екі зауыт қосылып, бір күнде неше темір пластина шығара алады?



A) 64 800
B) 32 400
C) 36 000
D) 7 200
18)Мұғалім тест жауаптарын жинап, оларды тексеру үшін оптикалық бағалау парақтарын сканерлейді.
Оптикалық бағалау парақтарын оқу үшін құрылғыға 4 секунд қажет. Дегенмен кейде парақтар сканерде кептеліп қалуы мүмкін, бұл құрылғының жауапты оқу уақытын 20 секундқа дейін арттырады. Машинада тұрып қалу мүмкіндігі 15:1 болса, мұғалімге 7000 емтихан тексеру үшін қанша уақыт қажет?
*

A) 14 сағат
B) 31,1 сағат
C) 39,4 сағат
D) 10,4 сағат
19)Мектептегі жарыс кезінде Соник 10 секундта бүкіл жолды 5 рет айналып өтті. Оның жылдамдығы 321 м/с болғанына бәрі таң қалды.
Төмендегі диаграммада D = 2R. R жолының дөңгелек бөлігінің радиусы неге тең? π = 3,14 мәнін пайдаланыңыз.



A) 63,4 м
B) 61,4 м
C) 62,5 м
D) 60,1 м
20)Жарыста командалар жүгіретін жолдың 3 локациясы бар. Осы орындардың комбинацияларынан бірнеше маршруттар жасау мүмкін.
Жарысқа 26 команда қатысты, олар маршруттар бойынша мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Ең көп дегенде бір бағытта жүгіретін командалардың саны қанша?

A) 5
B) 4
C) 8
D) 9
21)Полифенолоксидаза – алма тілімдерінде байқалатын қараюға әкелетін реакцияларды катализдейтін фермент.
Алманың қараюын азайтудың келесі жалпы әдістерінің қайсысы ферменттік денатурация арқылы жұмыс істейді?



A) Лимон шырыны
B) Тұзды су
C) Бал
D) Тағамдық пленка
22)Алкандар CₙH₂ₙ₊₂ түріндегі молекулалар тобы болып саналады. Бұл алкан молекуласында n көміртегі атомына 2n+2 сутегі атомы бар дегенді білдіреді.
Мысалы, 3 көміртегі атомы бар алкан молекуласында 8 сутегі атомы болады. Cебебі, n = 3 көміртек атомымен қатар, 2*3+2=8 сутегі атомы барын көрсетеді.
5 көміртегі атомы бар алкан молекуласында қанша сутегі атомы бар?

A) 10
B) 5
C) 12
D) 7
23)Периодтық кестедегі d-блок элементтерін көбінесе өтпелі металдар деп атайды. 
d-блок элементтеріне қатысты қай мәлімдеме дұрыс емес?



A) Көптеген d-блок элементтері метал болғандықтан, химиялық реактивті емес.
B) d-блок деп аталу себебі, элементтердің d қабықшасының толтырылуында.
C) Егер d-блоктың элементтер қатарының валенттік қабықшасында N саны болса, онда бұл қатардағы толтырылатын d ішкі қабығында N-1 саны болады.
D) Көпшілік d-блок элементтерінің айнымалы тотығу дәрежесі болуы мүмкін.


24) Парацетамол (C₈H₉NO₂) - бұл жеңіл және орташа ауырсынуды емдеу үшін қолданылатын дәрі. Стандартты дозада парацетамол дене температурасын сәл ғана төмендетеді. Әрбір дәріде тек 0,5 грамм парацетамол бар екені белгілі.
Ем қабылдаушы екі парацетамол дәрісімен қатар, 200 миллилитр болатын бір стақан суда ерітіп ішті.
Концентрация = Еріген заттың моль саны / Еріткіштің көлемі.
Стақан ішіндегі парацетомолдың концентрациясы қандай?
*

A) 6.6*10⁻³ моль/л
B) 3.3*10⁻⁵ моль/л
C) 1.65*10⁻⁵ моль/л
D) 3.3*10⁻² моль/л
25) Лашын - жануарлар әлемінің ең жылдам өкілі. Ол жоғары биіктіктен 350 км/сағ-тан асатын жылдамдықпен сүңгіген секілді төмен қарай ұша алады. Оған қоса, осы секілді жоғары жылдамдықта су бетіндегі балықтарды аулауға қабілетті. Балық лашын құстарын әсіресе суық қыста қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Шүйілгіш бомбалаушы (Пикирующий бомбардировщик) - бұл жұмыс әрекеті жағынан табиғатта кездесетін лашын құсына ұқсас, жоғары жылдамдықпен жоғарыдан төмен ұшуға қабілетті, дәл нысанаға шабуыл жасайтын әскери ұшақтың түрі. Шүйілгіш бомбалаушының қозғалтқышында жанып кеткен жанармай оған жоғары ұшуға мүмкіндік береді, содан кейін жоғары жылдамдықпен нысанаға тігінен дерлік сүңгуге болады.
Лашын үшін энергияны түрлендірудің қай түрі пайдалы, бірақ шүйілгіш бомбалаушы үшін қажет емес?

A) Химиялық потенциалдық энергия → Жылу энергиясы
B) Кинетикалық энергия → Жылу энергиясы
C) Кинетикалық энергия → Гравитациялық потенциалдық энергия
D) Гравитациялық потенциалдық энергия → Кинетикалық энергия
26) 1986 жылы болған Чернобыль апаты нәтижесінде қоршаған ортаға радиоактивті заттар жоғары мөлшерде бөлінді. 
Шөп радиацияның ағып кетуінен ластанған болса, көрсетілген азық-түлік желісіндегі келесі организмдердің қайсысында радиоактивті заттардың ең көп мөлшері оның дене ұлпаларынан табылады?

А) Жылан
B) Сұңқар
C) Қоян
D) Бақа
27)Заттар 3 агрегаттық күйге бөлінеді: қатты, сұйық және газ тәріздес. Қатты денелер тұрақты пішінге ие, ал сұйықтар мен газдар ыдыс пішінін қабылдайды. Сондай-ақ, қатты заттар сұйықтарға қарағанда тығыздау орналасады, ал сұйықтар газдарға қарағанда тығызырақ.
Мадина тәжірибе барысында десерт ыдысын А және В заттарымен толтырады. Ол ыдысты 45 градус бұрышқа еңкейтіп, А затының басқа пішінді қабылдағанын байқады.
Төмендегілердің қайсысы А және В заттарының агрегаттық күйлері болуы мүмкін?

A) A: бал; B: мұз
B) A: балмұздақ; B: шоколад
C) A: құлпынай кремі; B: үйеңкі сиропы
D) A: қауын шырыны; B: сүт
28)Төмендегі суретте ауыр жүкті көтеру үшін қолданылатын гидравликалық рычаг көрсетілген.
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

A) Рычагқа бекітілген поршен қандай қашықтыққа төмен түссе, жүкті көтеріп тұрған поршень дәл сондай қащықтыққа жоғары көтеріледі.
B) Жүкке әсер ететін күш рычагтағы күштен әрдайым үлкен болады.
C) Рычаг ұшындағы сұйықтыққа түсетін қысым жүктің ұшындағы сұйықтықтың қысымына тең.
D) Рычагтағы жұмыс сұйықтықтың жүктегі жұмысына тең.
29)Ержан екі кітапты пайдаланып эксперимент жасайды. Әуелі екі кітаптың арасына бірнеше парақ қалдырып, кітаптарды ажыратып алуға тырысады.
Ал екінші жағдайда, ол екі кітап беттерін бірінен соң бірін орналастырып ажыратпақшы болады.
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы эксперимент нәтижелерін сипаттайды?

A) Екі кітапты бір-бірінен ажырату екі жағдайда да бірдей қиын, өйткені бірдей екі кітап пайдаланылды.
B) 1-ші кітаптың салмағы 2-ші кітапқа басылғандықтан, екінші нұсқада екі кітапты ажырату қиынға соғады.
C) Екі кітапты бір-бірінен ажырату қиынырақ, өйткені бірінші нұсқада беттерге ауырлық күші көбірек әсер етеді.
D) Екінші нұсқада екі кітапты ажырату қиынырақ, өйткені екі кітаптың бір-біріне жапсырылған беттері қабаттасатын аумақтар арасындағы үйкеліс күшейеді.
30) Автотрофтар жеңіл немесе бейорганикалық реакциялар арқылы өздігінен тамақ өндіре алады. Дегенмен, гетеротрофтар өз бетінше тамақ таба алмайды да, өсімдіктермен және/немесе жануарлармен қоректенеді. Ақырында, сапротрофтар - тамақ алу мақсатында өлі организмдерді ыдырататын организмдер.
Төмендегілердің қайсысы сапротрофтарға жатады?



A) Адам
В) Брокколи
C) Бұғы
D) Корольдік устрица саңырауқұлағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет