Егіндікөл ауданы,
Егіндікөл ауылы, «БАЛБӨБЕК» МКҚМ
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Апсаматова Асия Нұрхамитқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Айгөлек» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»
Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка,Математика.
Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»
Мақсаты:1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.
2. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.
3. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді,түрлі- түсті шараларды түстерге ажырату ,доптарды діл көздеп нысанаға лақтыру, аяқ іздермен тепе- теңдікті сақтап жүруді үйрету.
Қажетті құралдар:Доптар,тұрлі- түсті шаралар,шығыршық,іздер,ойынға қажетті заттар т.б
Әдіс-тәсілдері: жүгіру, нысананы көздеу , шапшаң қимылдар жасау.
Ұйымдастыру кезеңі
Бір қатар сапқа тұрады
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Еліміздің көгінде,
Шамшырақ болып жанамыз.
-Жарайсыңдар,балалар!
Біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым» -деп аталады.
Осы кезде кенеттен біреу есік қағады.
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы? Кім есікті кім қағып тұр ? қане көрейік.
Келіп тұрған дәрігер АЙБОЛИТ екен.
Айболит: Салеметсіңдер ме ,балалар?
Балалар: амандасады.
Тәрбиеші: Дәрігер , сіз жай келдіңіз бе?
Айболит: Менің мынау кішкентай көжегім ауырып қалды. Со үшін дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек жіне де,емдейін десем анау жағалаудың ар жағында дәрі- дәрімек салынған сөмкем қалып қойды. Сол сөмкемді алып беруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Балалар: ия.
Айболит: Олай болса мына тапсырмаларды орындаңдар.
Осы кезде , дәрігер Айболитке телефон қоңырау шалынады.
АЛЛО ДӘРІГЕР АЙБОЛИТ ТЕЗ ЖЕТІҢІЗ БІЗДЕ БЕГЕМОТ АУЫРЫП ҚАЛДЫ.
Айболит: Ал, балалар естідіңдер ме? Менің жылдам кетуім керек. Тапсырмаларды орындаған соң хабаласыңдар. Айболит кетіп қалады.
Тәрбиеші: олай болса қазір біз қоржынды ашып кезекпен асық таңдап алып , сол асық бойынша тапсырмаларды орындаймыз асықта ір –түрлі түсті геометриялық пішіндер жапсырылып тұрады пішіндердің атауын тауып, оларды орыс тіліне аударып, берілген тапсырмаларды орындаймыз.
1 асық «Шарларды түсіне қарай себеттерге жина»
2 асық «Допты нысанаға сал»
Сергіту сәті
«Аяқпенен топ-топ-топ» музыкамен орындалады.
3 асық «Көңілді кедергілер» кедергілерден өту.
4 асық «Іздермен жүр»
5 асық «Дұрыс ата»
Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек.
Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: шапшаң қимылдар жасауды;
Түсінеді: ойынның шарттарын;
Қолданады: допты нысанаға дұрыс көздеп лақтыруды,іздермен жүру дағдыларын.
Егіндікөл ауданы МКҚК «Балбөбек» балалар бақшасы.
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:»Мен және менің денсаулығым»
Өткізген: Апсаматова Әсия Нұрхамитқызы
2017-2018 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |