Әгп кафедрасының сениор-лекторы Махмутов Б. Л


Еңбек қызметінде тұлғаның келесі даму бағыттары жүзеге асады



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#125731
1   2
Байланысты:
Презентация №12 Әлеуметтану

Еңбек қызметінде тұлғаның келесі даму бағыттары жүзеге асады:


Биологиялық даму;

Әлеуметтік даму;

Интеллектуалды даму.

Адамның барлық белсенділік себептерінің жинақталған әсері еңбек нәтижесінің өндірістік дамуы тек қана оның техникалық жабдықталуына байланысты емес, сонымен қатар, әлеуметтік даму көрсеткіштерінің есепке алуының кұлдырауына байланысты екенін айғақтады: жеке түлғаның ізгілікті потенциалына, еңбек ұжымының атмосферасына, адамдық қарым-катынас формаларына жене т.б. Бұл жұмысты орындаған адамның жалпы жағдайда қанағаттануын қамтамасыз ететін әлеуметтік - психологиялық баланска әкеліп соғады.

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігін білетін деңгейге жетті. Дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Қазіргі постиндустриялды қоғамның негізгі салалары: білім, ғылым және қызмет керсету. Өнеркәсіп үшінші орында қалды, бірінші кезекте - ақпаратты өңдеу. Еңбек материалдь реттеуді қажет етпейді. Постиндустриалды қоғамда еңбекке ынтаны еңбекке қозғайтын ішкі себептер алмастырады (мысалы, берілген жүмысқа қызығушылық). Еңбектің енімділік шегі өте жоғары. Капиталистерде жоғары пайда, ал жұмысшыларда жақсы еңбек ақы.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жатыр. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын ығыстырды. Америкалық социолог Р. Робертсон (R. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) атты мақаласында қолданды.

(R. Robertson)

Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолданылады:

  • постиндустриалды дəуір
  • ақпараттық революция ғасыры
  • техножаһандану жəне т.б.

  • Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.

    Жаһандану мəніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік өмір жəне т.б. ұйымдастыруға қатысты.

    Дүниежүзілік қауымдастық үйлесімділікке жетудің жолдарын, жаһанданумен тудырылған мəселелердің дұрыс шешімдерін табуы тиіс.

    Ақпарат аясындағы жаһандану толықтай аяқталды, жер бетінде телефон, радио, тіпті интернет орнатылмаған нүкте жоқ десе де болады. Ақпараттың жаһандануы əкелген игілік еш құпия, əсіресе саяси құпия қалмады, ал бұл адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастағандығын, сенімсіздіктің азайғандығын білдіреді. Бұл жəне жаһандану - қоса алғанда, ұлы жетістік.

    Жаһандану дүниежүзілік дамудың заманауи сатысының орталық бағыты бола отыра, интегра- циялық үрдістермен немесе интеграциямен ілесе жүреді.


Жаһандануға қатысты қарастыру тəсілдерінің бірі оны адамдардың қарқынды өзара əрекеттесуі жүзеге асырылып жатқан кеңістікті тарихи тұрғыдан үздіксіз кеңейтуді болжайтыны кездейсоқ емес. Дегенмен интеграция жаһандану үрдісінің неғұрлым маңызды бөлігі бола тұра, əйтсе де тек бөлігі болып табылады. Интеграция жөнінде айта келе, ең алдымен, оның мемлекеттік қатысушылардың жақындасуын меңзейтіндігін есте сақтау қажет. Мемлекеттік емес акторлар, əдетте интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында қарастырылмайды немесе зерттеушілер назарының артқы шебінде қалып жатады. Бұл тұрғыда қандай да бір елдің жаһанданулық емес, интеграциялық үрдістерге енуі жөніндегі ойлар неғұрлым дəл болады, себебі шартты түрде алғанда, мемлекет толықтай мемлекетаралық келісімдерге қол қою негізінде интеграцияланады. Ал жаһандану, біріншіден, мұндай келісімдерді тұспалдамайды, екіншіден, бір мемлекеттің түрлі аймақтары үшін əрқилы өтуі мүмкін.

Мемлекетаралық ықпалдасу тəжірибесі баяғыдан бері қалыптасқан. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кең ауқымда ықпалдасу тұрақты нысанға ие бола бастады. Бұл, ең алдымен, ықпалдасуды қарқындатумен, оның аяларының кеңеюімен жəне нағыз интеграциялық үрдістердің дамуымен байланысты, аталған үрдістер мемлекетаралық құрылымдар мен институттарды құруды талап етті. Сондықтан интеграцияны сипаттайтын тағы бір маңызды сəт ретінде жай ықпалдасу емес, мемлекетаралық өзара əрекеттесу механизмдерін құру, басқаша айтқанда ықпалдасуды институт- тандыруды атауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда интеграция, біріншіден, шешім қабылдаудың мемлекетаралық механизмдерін қалыптастыруды болжайтын үкіметаралық ұйымдардың дамуымен өте тығыз байланысты болады. Бірлескен институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады. Екіншіден, интеграция екі көзқарас тұрғысынан: мемлекеттердің өзара əрекеттесуінің үрдісі жəне нəтижесі ретінде қарастырылады .


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Лебедева М.М. Мировая политика. - М., 2003. – С.99.

2. https://el.kz/news/archive/a-paratty-_-o-am_zh-ne_internet\



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет