3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.
Достарыңызбен бөлісу: |