Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


хан) •"Тоқтарбайдың жылқыда, Тоқсан құлы бар еді. Тоқсанының бастығы…" - кім? (Естеміс)



бет7/14
Дата18.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#197574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Көк кітап-1-1

хан)
•"Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді.
Тоқсанының бастығы…" - кім? (Естеміс)
• Тоқсан құлдың бастығы, Қобыланды батырды баулыған ер: (Естеміс)
• Қобыландыны Қызылбастың еліне, Құртқа қызға жібергісі келмей, тоқтау салған адам: (Естеміс)
•"Қобыланды батыр" жырындағы айтылатын Қызылбас елі: (Иран елі )
•Қызылбасты елінен шыққан Қазан ер қай батырлар жырының кейіпкері? ("Қобыланды батыр" жыры)
•"Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Қақырғанда қан ішті,
Түкіргенде жын ішті…" - деген үзінді қай жырдан? ("Қобыланды батыр")
• "Қазақтың ері келді, " - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек
берген хан: (Көктім Аймақ)
• "Қобыланды батыр" жырынан алынған:
"Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді,
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтап сөгілді.
Сол уақыттар болғанда
Артық туған Қобыланды,
Найзасын ырғап ендірді, " - деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: (Қобыланды мен Қазан)
• Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды неше күнде алған? (12 күнде)
• "Қобыланды батыр" жырында Қазан деген ердің Ноғайлы жерінен басып
алған екі қаласы: (Қырлы қала, Сырлы қала); (Қырлы қала (оған бектерін
орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған).
• "Қобыланды батыр" жырындағы Ноғайлының жерін, Сырлы, Қырлы
қалаларын тартып алған батыр: (Қазан)
• Қобыландыны алғаш жекпе-жекке шақырған батыр: (Қызыл ер)
• Бір аяқпен күреске түспекші болған батыр сабақ: (Қызыл ер)
"Ай, Қобыланды құрдасжан,
Қайратыңды көп көрдім, " - деп сөз арнаған кейіпкер: (Қараман)
• *** "Қазанға кетіп барамын,
Жүрмейсің бе, құрдасым,
Осы қылған сапарға" сөзінің иесі: (*Қараман)
• "Қобыланды батыр" жырындағы Қараман батырдың әкесінің аты: (Сейіл)
• "Қобыланды батыр" жырында "Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?!" - деп, жорыққа шығатын батыр: (Қараман)
• "Қобыланды батыр" жырында батырға:
"Осы бүгін естідім,
Жақын жерде бір шаһар,
Көбікті дейтін ханы бар.
Жүрсең, соған барайық.
Жылқысын айдап алайық,
Қазаннан алған бұл малды
Баға тұрсын халайық, " - деген сөзді айтқан адам: (Қараман)
"Мінетін атым қолында,
Барар-бармас жолымды,
Хабар салып алайын
Үйдегі Құртқа біледі, " - деп Қобыланды батыр кімге айтқан? (Қараманға)
• "Қобыланды батыр" жырындағы:
"Қатынға ақыл салған соң,
Қатынның тілін алған соң,
Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам
Арыстан туған, құрдасжан,
Ол - қатын емей немене?" - деген Қараман сөзінің себебі: ("Тайбурылдың сапарға шығуы әлі де қырық үш күндік кемдігі бар" деген Құртқаның сөзін естіп, Қобыландының сапарға шықпайтынын естіген соң)
• Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі байқалатын жер: (Қырлы қала
мен Сырлы қалаға жетерде)
"Тайбурыл атты құтыртып,
Оған келді сыдыртып…" - деген жолдар алынған жыр: («Қобыланды батыр»)"
"… Қобыланды гулеп жөнелді,
Көп қиятқа қарамай.
Қалың қият - көп қосын,
Бәрі қалды артында,
Бірі еруге жарамай, " - деген жыр жолдарындағы "көп қият, қалың қияттың" кімдер екені: (Қараман мен оның қосыны)
• "Қобыланды батыр" жырында Қобыландының:
Сейілдің ұлы Қараман
Көмек берер демеймін.
Әйел де болсаң, қатар ең,
Мұңымды саған саламын.
Қош. Қарлыға, аман бол,
Қалмақ алған халқыма
Көмегім жоқ артымда
Жалғыз кетіп барамын, - деуінің себебі: (Қараманның еліне қашып кетуі)
•"Қобыланды батыр" жырындағы Қараман бейнесіне төмендегі мақалдардың қайсысы сәйкес келетіні: (Ер сасқанда белгілі)
• Қобыландыны қапыда, қулықпен ұстап алатын кейіпкер: (Көбікті)
• Ұйқыдағы Қобыландыны «тоғыз қабат тор салып» байлап алып кеткен қалмақ ханы: (Көбікті)
• "Қобыланды батыр" жырында Қараман мен Қобыланданы қолға түсіріп,
аяқ-қолына кісен салған батырдың аты: (Көбікті)
• "Қобыланды батыр" жырында Көбікті киген сауыттың осал жерін айтып,
Қобыландыға көмектескен адам: (Қарлыға)
• "Қобыланды батыр" жырында Көбікті ханның қолына түскен Қараман мен
Қобыландының еркіндікке шығуына көмектескен кейіпкер: (Қарлыға)
•"Қобыланды батыр" жырында:
"Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың,
Жата алмады үйінде, " - деген үзіндіде Қобыландыға ғашық болған қыз: (Қарлыға)
• "Өшті болған әкеңнен өшімді алмай мен қашпан," - деген сөз айтылды: (Қарлығаға)
"Байлаулы жатқан қос батыр,
Есермісің, сермісің?
Бекер жатқан ермісің?!" - деп "Қобыланды батыр" жырында Қарлыға кімдерге қаратып айтқан? (Қараман мен Қобыландаға)
• "Қобыланды батыр" жырында Қобыландыға қалмақ ханы Алшағырдың қорлығынан құтылуға көмектескен батырлар: (Қараман, Қарлыға, Орақ)
• Қобыланды батыр жоқта елін шауып кеткен қалмақтың ханы: (Алшағыр)
• Жырда Қобыланды батырдың мына сөзі кімге айтылған?
Алды-артыңды қармай шық,
Арманда қапы қалмай шық. (Алшағырға)
"Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі…" Үзіндідегі көркемдік тәсіл: (Әсірелеу (гипербола)
"Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады,
Құлан менен құлжаның
Үзатпай алдын тосады. " ("Қобыланды батыр") - деген өлең тармақтарындағы буын саны: (7-8 буынды)
"Құбылып Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі," - деген жыр жолдарының буын, бунақ, шумақ түрлері: (7-8 буынды, 2 бунақты жыр түріндегі шұбыртналы ұйқас)
• "Қарақыпшақ Қобыланды" драмасын жазған: (М. Әуезов)
• Тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысында ескерткіш қойылған батыр: (Қобыланды батыр)
• *** "Қобыланды батыр" жырының кейіпкерлері: (*Алшағыр; *Көктім Аймақ; *Қызыл ер)
• *** "Қобыланды батыр", "Алпамыс батыр" жырларына ортақ кейіпкер(лер): (*Аналық; *Қарлығаш)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет