Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих, археология және этнология кафедрасы
050114 – Тарих мамандығының студенттеріне арналған
«Ежелгі әлем мәдениеті»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
_________ А.А. Ақышев
2010 ж. «___»__________
|
Құрастырушы: _________ аға оқытушы Е.К. Рахимов
Тарих, археология және этнология кафедрасы
050114 – Тарих мамандығының студенттеріне арналған
«Ежелгі әлем мәдениеті»
Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» ____2010 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2010 ж. «___»___________кафедра отырысында ұсынылған, №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ С.Н. Мамытова 2010 ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2010 ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Қ.Қ. Батталов. 2010 ж. «_____»___________
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аға оқытушы, тарих магистрі Рахимов Ернұр Кендібайұлы (дәрістер, тәж. сабақ, СӨЖМ)
Тарих, археология және этнология кафедрасы, Ломов көш., 64 үй. Бас оқу корпусы, 431 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: 673685, ішкі 13-26
2 Пән туралы мәліметтер
«Ежелгі әлем мәдениеті» пәні - мемлекеттің өркениет жолымен дамуының анықтаушы факторларының бірі өткен уақыт мәдениеттері дамуының деңгейі болатыны сөзсіз. Сондықтан болашақ тарихшы мамандардың әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуының маңызы зор. Ежелгі әлем елдері дамуының бастауы болған рухани, материалдық құндылықтар жетістіктерінен деректер беретін әдебиеттер білімі пәнді түсінуге мүмкіндік береді. Ежелгі әлем мәдениеті пәні алғашқы мәдениеттер дамуының өзекті мәселелерінен студенттерді хабардар етіп, шығармашылық ой өрісін жетілдіреді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
барлы-ғы
|
Дәріс
|
практи-ка
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖМ
|
Бар-лығы
|
1
|
1
|
0,5
|
0,5
|
-
|
-
|
-
|
30
|
15
|
емтихан
|
4 Пәннің мақсаты мен міндеті
4.1 Пәннің мақсаты - Жоғарғы оқу орындарында тарихшы мамандарды дайындау әлемдік өркениет дамуының сатысын көрсететін ұғымдардың игерілуінсіз мүмкін емес. Сондықтан студенттер үшін Ежелгі әлем мәдениеті пәнін игеру міндетті. Осы пәннің меңгерілуі:
- ежелгі өркениеттердің мәдени жетістіктері туралы түсініктер мен білімді,
- өткен уақыт пен қазіргі заманның байланысын түсініп, болашаққа ой жіберу мүмкіндіктерін,
- тоқтаусыз өзіндік білімін жетілдіруді, тұлғалық жеке дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырады.
Пәннің міндеттері:
Ежелгі әлем елдері мәдениетінің қалыптасуын және дамуы сатыларын білу;
ең үлкен танымдық қызығушылық туындататын пән құрлымымен, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнымен танысу;
шығармашылық қызметке қызығушылық қабілетін дамытып, өз білімін жетілдіру сұраныстарын қанағаттандыру.
-Ежелгі әлем мәдениеті пәнінің негіздік құрылымын, әлемдік мәдениет пен өркениеттің тарихи дамуын бейнелейтін нұсқа мен өзекті мәселелерді;
- ежелгі мәдениеттердің қалыптасу ерекшеліктерін, оның тұрғындарының аңыздық, діни, ғылыми білімдерінің бастауларын; Материалдық құндылықтары, бейнелеу өнері жетістіктері, сәулет өнері туындылары туралы; әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, наным – сенімдері туралы білетін боласыз.
- ежелгі әлем елдеріне деген пікіріңізді шыңдап, оған деген көзқарасыңызды жетілдіріп, өзіндік жеке ой қалыптастыруды жүзеге асырасыз;
- ежелгі әлем мәдениетін зерттеуге атсалысып, оның мәдени жетістіктерін әлемге паш еткен ғалымдардың көзқарастарымен, пікір, пайымдауларымен танысасыз;
- сол тарихи дәуір адамдарының бағытты білім бастаулары, олардың ғаламдық діни түсінігі, адам өмірінің мәні, оның материалдық – рухани құндылықтары туралы пікір қалыптастыратын мүмкіндікті жүзеге асыра аласыз;
- ежелгі әлем мәдениетін зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен, негізгі идеяларымен танысып, түпдеректік мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз;
- адамзат қауымдастығының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұраларының алғашқы үлгілерімен танысу сізге өз ортаңызда басқалармен сұхбаттың жаңа үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді.
4.2 Пререквизиттер. Бұл пән тарих мамандығының екінші курс студенттеріне міндетті түрде жүргізілуі керек, себебі бұл пән – «Мәдениеттану», «Ежелгі Қазақстан тарихы», «Ежелгі дүние тарихы» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.
4.3 Постреквизиттер. Осы пән сонымен «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану» пәндерімен жалғасып кетеді.
5. Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны
|
дәр
|
тәж
|
зерт
|
студ.
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
-
|
|
|
|
2,5
|
2
|
Ежелгі Египет мәдениеті
|
-
|
1
|
|
|
|
2,5
|
3
|
Қос өзен мәдениеті
|
1
|
-
|
|
|
|
2,5
|
4
|
Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері
|
-
|
1
|
|
|
|
2,5
|
5
|
Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
|
-
|
1
|
|
|
|
2,5
|
6
|
Ежелгі Иран мәдениеті
|
1
|
-
|
|
|
|
2,5
|
7
|
Ежелгі еврей халқының мәдениеті
|
1
|
-
|
|
|
|
2,5
|
8
|
Антика мәдениетіне кіріспе
|
1
|
0,5
|
|
|
|
2,5
|
9
|
Архаика мәдениеті
|
1
|
1
|
|
|
|
2,5
|
10
|
Грек классикасы және эллинизм мәдениеті
|
-
|
1
|
|
|
|
2,5
|
11
|
Ежелгі Рим мәдениеті
|
1
|
1
|
|
|
|
2,5
|
12
|
Ежелгі әлем мәдениетінің жалпы адамзаттық маңызы
|
0,5
|
1
|
|
|
|
2,5
|
Барлығы:
|
7,5
|
7,5
|
|
|
|
30
|
6. Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны
Тақырып 2. Ежелгі Египет мәдениеті
1 Ежелгі Египет өнері. Джосердің сатылы пирамидасы. Гизадағы пирамидалар кешені: б.д.д. Хеопстің, Хефреннің, Микериннің (ХХҮІІІ – ХХІІІ ғ.ғ.). Архитектор, астроном, дәрігер Имхотеп (Асклепий). Мүсіндеу өнерінің гүлденуі. Күн шіркеулері. Нахта, Мена, Рамос және басқалардың қабірлеріндегі жазбалар (б.д.д. 1408-1370 ж.ж.).
Нефертити бейнесі. Тутанхамон қабірі (б.д.д. ХІҮ ғ.).
2 Ежелгі Египеттегі ғылым бастауы, философиялық ойлар көрінісі. Сәулетті пирамидалар салу ғылым жетістігінің көрінісі ретінде. Қолданбалы математиканың дамуы, теңдесі жоқ 36 математикалық мәтін. Египет күнтізбесі, Ніл өзенінің тасуы мен қайтуы мезгілдерінің анықталуы.
3 Ежелгі діни мәтіндер (“Пирамидалар мәтіндері”). “Гераклеопольдық патшаның өз ұлы Мерикараға өсиеттері”.
4 Философия бастаулары: “Әміршінің өз құлымен әңгімесі”, “Арфистің өлеңі”, “Көңілі қалғанның өз жанымен айтысы”, күдік, скептиктік, болашаққа сенімсіздік.
5 Күн сағаттарын және су сағаттарын жасау. Құдайлар дәріптелген гимндер, лирикалық поэзия. Эдфу храмындағы кітапхана.
Тақырып 4. Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері
1 Ежелгі Үнді өнері. Уақыт бойынша алғанда Инд өзені аймағында пайда болған хараптық өркениет дәуіріне жататын алғашқы сәулет және бейнелеу өнері ескерткіштері.
2 Қыш жазулар. Тік бұрышты жоспарлы салынған қалалар. Жан-жануарлар кескінделген мөрлер.
3 Ганга өзені аймағындағы алғашқы қалалар (б.д.д. 1500 – 1000 ж.ж.). Қала бекіністері. Терракоталар, бедерленген ақшалар.
4 Тас сәулет өнері (б.д.д. Ү ғ.).
5 Ежелгі Үндінің мүсіншілер мектептері.
6 Батыс Гатадағы алғашқы үңгірлік монастырлар. Маурийлік терракота, әйел бейнесін көрсететін мүсіндер.
7 Шунга стилінің дамуы (б.д.д.ІІІ ғ.). Матхурлық мектеп.
8 Аджантадағы қабырғалық ежелгі бейнелеу.
Тақырып 5. Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
1 Қытайдың алғашқы қауымдық сенімдері. Ата-баба, Аспанға ғибадат, табыну. Қытай аңыздары.
2 Табиғаттың алғашқы бес элементі (ағаш, жер, су, от және металл) туралы ілім және қарама- қарсы күштер инь – ян. Конфуцилік, даолық, легистік, моистік философиялық ағымдардың қалыптасып, дамуы.
3 Иероглифтердің пайда болып, олардың санының көбеюі. Жазу өнерін жетілдіру. Математикалық білім мен техникалық өнертапқыштықтың жоғарғы деңгейі, кітап шығару, шойын балқыту. Жұлдыздар каталогінің жасалуы. Жыл ұзақтығының 365, 25 тәулікке дейін нақтылануы.
4 Цинь дәуірінде Қытайға будда дінінің енуі. Қытай білімінің негізі – “у цзин”(бес кітапша) және “сы шу” (төрт кітапша). Конфуций және даостық этикалық идеал. Отбасы және тәрбие.
Тақырып 8. Антика мәдениетіне кіріспе
Антика мәдениеті және оның кезеңге бөліну мәселелері. Антика мәдениетінің негізгі кезеңдері: грек колонизациясы кезеңі ( б.э.д. VІІІ-VІ ғғ.), эллинизм кезеңі (б.э.д. ІV-ІІІ ғғ.), римдіктердің жаулап алу кезеңі (б.э.д. ІІ-І ғғ.). Ежелгі Грек және Ежелгі Рим мәдениетінің динамикасының негізгі этаптары.
Крит-микен және гомерлік мәдениет антика мәдениетінің қалыптасуының басы ретінде Крит-микен мәдениеті ахейлік тайпалардың шығармашылық әрекеті ретінде. Криттің архитектурасы, мүсіншілігі. Ахей қалалары – Микен, Тиринф, Пилос. Микендік басилевсылар мен лавагеттер. Әскери-бюрократиялық құрама. Крит өркениеті. Микен мәдениетінің қалыптасуы. Жоғарғы қала. Микен өнері.
Гомер мәдениеті – Ежелгі Грек тарихындағы жаңа кезең. Гомер кезеңінің материалды мәдениеті. Гомер кезеңінің архитектурасы және өнері. «Илиада» және «Одиссея» – ежелгі гректердің ұлы эпикалық поэмалары. Көркем кәсібінің гүлденуі. Керамика. Грек мифологиясы. Грек мифологиясының демонизмы, зооморфизмы, антропоморфизмы. Гомер мәдениетінің түстік рәміздері.
Тақырып 9. Архаика мәдениеті
Грек мүсіншілігі. Құдайлардың, кейіпкерлердің және жауынгерлердің (куросов), корлардың бейнелері. Музыка, құмыра жазуының дамуы. Грек жазуының пайда болуы. Медицина және астрономия. Тарих және жағрафия. Натурфилософияның пайда болуы. Архаикалық кезеңнің лирикалық поэзиясы және театры.
Тақырып 10. Грек классикасы және эллинизм мәдениеті
Афиндік демократия және оның өзгешелігі. Афин азаматы туралы ұғымы. Афиндық экклесия (азаматтардың халықтық жиналысы). Ареопаг. Афиндық гелиэя (суд присяжных). Перикл (б.э.д. 444-429 жж.) және афиндық интеллектуалды элита.
Классика кезеңіндегі архитектура: Парфенон, Пропилен. Мүсіншілік. Фидий, Пракситель, Мирон, Поликлет, Скопастың шығармашылығы. Классика кезеңінің трагедиясы. Ежелгі грек трагедиясының катарсистік мінезі. Ежелгі грек трагедиясының ұлы жаратушылары: Эсхил, Софокл, Еврипид. Лисипптің шығармашылығының гүлденуі. Тарихтың дамуы. Философияның гүлденуі. Махаббат феномены. Өлім және оған қатынас.
Гректердің дүниетанымдық кеңістігінің кеңуі. Эллинизм кезнінің архитектурасы. Мозаика, сәндік мүсіншілік, әшекейленген керамика. Мүсіншілік. «Лаокоон». Эллинизм кезеңінің ғылымы. Эллинистік әдебиетінің жанрлары: мінез-құлықтар комедиясы, эпиграмма, элегия. Парк өнері және ойын-сауық ғимараттары. Қалалардың дамуы. Александрийлік кітапхана. Пайдея. Антикалық білім.
Тақырып 11. Ежелгі Рим мәдениеті
Антикалық көркем мәдениет. Антикалық мәдениет антика әлемінің өзгеше өнері ретінде: геометрика, архитектуралық форманың көлемі мен салмағы, фактура және түс, тектоника. Архитектуралық композицияның құралдары: ритм, пропорция, масштабтылық, симметрия. Архитектуралық ордердің мағынасы. Витрувийдің «Архитектура туралы он кітап» трактаты. Ежелгі Рим архитектурасы. Керамика өнері. Антикалық керамика. Құмыра жазу стилі.
Тақырып 12. Ежелгі әлем мәдениетінің жалпы адамзаттық маңызы
Ежелгі әлем мәдениеті – бүкіл адамзаттық мәдениеттің іргетасы. Көне өркениеттердегі мәдени және техникалық жетістіктер, олардың адами қоғамның дамуына ықпалы. Демократия – антик дәуірінің перзенті. Рим құқығы – қазіргі құқық жүйесін қалыптастырудағы ролі.
7. Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру нысаны
|
Бақылау түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
Конспект
|
Сабаққа қатысу
|
6
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық
|
Жұмыс дәптері
|
Тәжірибелік сабақтарға қатысу
|
12
|
3
|
Қосымша тақырыптармен өздік жұмыс
|
Реферат
|
Баяндама
|
9
|
4
|
Межелік бақылауға дайындық
|
Бақылау жұмысы
|
МБ 1,2
|
3
|
БАРЛЫҒЫ
|
30
|
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі
1. Әлемдік мәдениет тарихындағы ежелгі Шығыс. Ежелгі өркениеттер бастаулары. Ежелгі Египетің материалдық мәдениеті мәдениеті жетістіктері.
Ежелгі Египеттің рухани мәдениеті: діні, ғылымы, өнері салалары.
[4- 12-15бб.; 8- 15-18бб.; 12- 16-20бб. ]
2. Ежелгі өркениеттер бастаулары.
[8- 49-50бб.; 9- 80-99бб.; 12 - 26-35бб.]
3. Ежелгі қосөзендік Шумер - Аккад мәдениетінің жетістіктері.
[3- 52-59бб.; 4- 45-49бб.; 13- 26-29бб.; 15- 30-35бб.]
4. Үнді жеріндегі ежелгі мәдениет орталықтары. Ежелгі үнділіктердің рухани мәдениеті жетістіктері. [5- 47-49бб.; 6- 88-90бб.; 8- 25-28бб.]
5. Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуы. Материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі Қытай философиясы және білі беру және тәрбие жүйесі.
[11- 66-38бб.; 7- 13-25бб.]
6. Ежелгі Иран мәдениеті. [ 17- 48-52бб.; 5- 35-38бб.]
7. Ежелгі Израиль мәдениеті. [18- 56-58бб.; 1- 35-38бб.]
8. Ежелгі Орта Азия мәдениеті (Соғды, Бактрия, Хорезм)
9. Ежелгі Корея мәдениеті
10. Ежелгі Жапония мәдениеті
11. Малай архипелагының ежелгі мәдениеті
12. Ежелгі кельт мәдениеті
13. Ежелгі Колумбке дейінгі Америка мәдениеті: майя,ацтектер
14. Ежелгі Перу мәдениеті: инктер
9. Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:
Багдасарьян Н.Г. Мәдениеттану. А.: Қазақ университеті, 2006
Наурызбаева Ә. Мәдениет және ориентализм. А.: Жазушы, 2006
Вигасин А.А. История Древнего Востока. Учебное пособие. М.: Дрофа, 2006
Маркова А.Н. Культурология. История мировой культуры. М.: Юнити, 2006
Петкова С.М. Справочник по мировой культуре и искусству. Ростов-на-Дону: Феникс, 2006
Қосымша:
Ғабитов Т. Мәдениеттану. 3-басылым. А.: Раритет, 2004
Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.: Раритет, 2000
Мәдениеттану негіздері. Оқу құралы. А.: Дәнекер, 2001
Өмірбекова М.Ш. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. А.: Зият Пресс, 2004
Нысанбаев Ә. Түркістан: Халықаралық энциклопедия. А.: Қазақ энциклопедиясы, 2000
Арын Е.М. Шығыс және Батыс мәдениеттерінің тарихи, ғылыми, пәлсапалық мәні, олардың сабақтастығы. Павлодар: С.Торайғыров ат. ПМУ, 2007
Ежелгі дүние тарихы пәнінің бағдарламасы. А.: Мектеп, 1991
Веркутте Ж. В поисках потерянного Египта. Пер. С франц. М.: Астрель АСТ, 2005
Вигасин А.А. Хрестоматия по истории Древнего Востока. М.: Восточная литература, 1997
Кузищин В.И. История Древнего Востока. М.: Высшая школа, 2003
История Древнего мира [электронный ресурс]. Загадки Сфинкса: МедиаХауз, 2000 – 1СD.
Египет: тайны фараонов [Видеозапись]. Пирамида. Хоум Видео. – 2000.
1 ВК.
Курс Саясаты
Әрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты талқылауында белсенділік танытып, өз курстастарыныздың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді. Сабақта өзі-өзін ұстауға шара қолданылыды, тіпті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау, сағыз шайнамауға, музыка тыңдамауға өтінемін.
Сабақ босатқандарға мынадай айыптық санкция белгіленеді: белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатыспағандығы үшін 1 балл алынып тасталынады.
Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 5 балл қойылады, сонымен қатар тәжірибелік сабақта болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қалғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды студент қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 5 баллдың орнына 3 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 5 балл қойамын. Студенттердің өздік жұмысы орындалса 1 балл, орындалмаған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.
Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайындығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ қою мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.
Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан студент марапатына 1 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген студенттің айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.
Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға ие боласыз.
Семестр барысы 2 межелік бақылаудан тұратын тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.
Емтихан студенттің алған билеті бойынша ауызша өтеді.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
«Ежелгі әлем мәдениеті» пәнінен СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөнінде 050114 – Тарих мамандығы бойынша
1 рейтинг (4 семестр)
|
Апталар
|
1 сабақ үшін макс. балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Бар-лығы
|
Максималды балл
|
25
|
25
|
25
|
25
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ДҮТ 1,2
|
ДҮТ3,4
|
ДҮТ 5,6
|
ДҮТ 7,8
|
32
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ПҮТ 1,2
|
ПҮТ 3,4
|
ПҮТ 5,6
|
ПҮТ 7,8
|
40
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
Материалды өздігінен меңгеру
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ӨОҮТ
1
|
ӨОҮТ2
|
ӨОҮТ3
|
ӨОҮТ4
|
ӨОҮТ5
|
ӨОҮТ6
|
ӨОҮТ7
|
ӨОҮТ8
|
28
|
Бақылау нысаны
|
|
КТ
|
КТ
|
Т1
|
КТ
|
КТ
|
Т2
|
КТ
|
КТ
|
Макс.балл
|
7
|
7
|
7
|
7
|
7
|
2 рейтинг (4 семестр)
|
Апталар
|
1 сабақ үшін макс. балл
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Бар-лығы
|
Максималды балл
|
26
|
26
|
26
|
22
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ДҮТ 9,10
|
ДҮТ 11,12
|
ДҮТ 13,14
|
ДҮТ 15
|
28
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
8
|
8
|
8
|
8
|
4
|
Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ПҮТ 9,10
|
ПҮТ 11,12
|
ПҮТ 13,14
|
ПҮТ 15
|
35
|
Бақылау нысаны
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс.балл
|
10
|
10
|
10
|
10
|
5
|
Материалды өздігінен меңгеру
|
СӨЖ түрі/есеп беру нысаны
|
|
ӨОҮТ
9
|
ӨОҮТ10
|
ӨОҮТ
11
|
ӨОҮТ12
|
ӨОҮТ
13
|
ӨОҮТ
14
|
ӨОҮТ15
|
28
|
Бақылау нысаны
|
|
КТ
|
КТ
|
Т1
|
КТ
|
Т2
|
КТ
|
КТ
|
Макс.балл
|
7
|
7
|
7
|
7
|
7
|
Реферат жазып коргау
|
|
|
|
|
|
9
|
9
|
Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; КТ – конспект тексеру; 1Т –№1 тест.
Достарыңызбен бөлісу: |