Ежелгі грек философтарының дәйексөздері



бет1/2
Дата11.05.2022
өлшемі30,7 Kb.
#142056
  1   2
Байланысты:
токтагулова
1611770133, Документ, Документ, Документ, ашық сабақ, 8 сынып ҚМЖ 3 тоқсан 43 сабақ, өзін-өзі тану 46-90

Ежелгі грек философтарының дәйексөздері

Ежелгі Грецияда әрқашан 7 дана адам негізін қалаушы болып саналды, ал бұл атаулардың тізімі кейде өзгерді. Антикалық дәуірдің ең атақты өкілдері: Аристотель, Питтак, Фалес Милетский, Биант Приенский, Солон Афины, Пифагор. Көбінесе ежелгі грек философтарының дәйексөздерін мифологияға немесе дінге жатқызуға болмайды, бұл кішігірім мәлімдемелерде келтірілген таза дүниелік даналық.

Ежелгі грек философтарының дәйексөздері

Ләззатпен жасалған жұмыс кемелдікке әкеледі - Аристотель.

Ақылдының ісі – қиыншылықты келер алдында алдын ала білу, батылдың ісі – қиыншылық жеткенде оны шешу.

C сөзсіз және құдайлар дауласпайды.

Бизнесті ойластырып, ол туралы айтпаңыз: егер ол сәтсіздікке ұшыраса, олар оған күледі.

Он есе нашар істегеннен гөрі, жұмыстың кішкене бөлігін мінсіз орындаған дұрыс.» - Аристотель

Ешқашан білмеген нәрсені істеме, бірақ білу керек нәрсенің бәрін үйрен.» - Пифагор

Азға қанағаттанбаған адам ештеңеге де қанағаттанбайды.» – Эпикур

Бөтен елге барып, бұрылмаңыз - Пифагор.

Барлық жерде және барлық жерде жақсылық екі шарттың сақталуына байланысты: түпкілікті мақсаттарды дұрыс орнату және түпкілікті мақсатқа апаратын тиісті құралдарды іздеу.

Өлім болмай қоймайтынын бәрі біледі, бірақ ол жақын болмағандықтан, бұл туралы ешкім ойламайды.

Бүгін өмір сүр, өткенді ұмыт - ежелгі грек мақалы.

Кішкентай мүмкіндіктер көбінесе үлкен бастамалардың бастамасы болып табылады - Демосфен.

Ешкім қызғанбайтынның тағдыры қызғанышсыз.



Бақытты өмір сүрудің ұлы ғылымы тек қазіргі уақытта өмір сүру - Пифагор.

Бірінші және ең жақсы жеңіс - бұл өзін-өзі жеңу - Платон.

Өздерінің апаттарында адамдар тағдырды, құдайларды және басқа кез келген нәрсені кінәлауға бейім, бірақ өздерін емес - Платон.

Мен өзімді жаман сезінсем де, бірақ бұл себеп емес,


Басқаларға қайғы-қасірет әкелу.

Әрбір адам өзін қызықтыратын себеппен дәл сонша құнды - Эпикур.


Бақытсызға үйрету оңай.

Адам қарсылық көрсеткен жерде оның түрмесі – Эпиктет.


Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың ыдырап, Дешті Қыпшақтың орнына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, шөбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық» қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті арқау еткен қанатты сөздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа дейін қолданады.
ХІ ғасырда қазіргі Жамбыл облысы жерінде өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік» деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сөйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», - дегендей ұлағатты, өсиетті сөздер қалдырған.
Ортағасырдағы ірі ойшылдардың бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ол ХІІ ғасырда қазіргі Шымкент облысы Сайрам жерінде дүниеге келіп, саналы өмірін Түркістан шахарында өткізген. Оның басты кітабы – «Диуани хиқмет» («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, өмірден көрген азабын, шеккен қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің, қазылардың харамдық істерін әшкерелеп, сынайды, фәнидің жалғандығын айтады. Дін адамдарының Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіліп, өзін олардан аулақ ұстап, Алла Тағалаға адал берілгендігін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден қояды. 
Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің бір ерекшелігі – оның данышпандықты жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі мен кешірімділігі. Мәселен, Абайдың қарасөздерін алайықшы. Олар үлкен философиялық мәні бар еңбектер. Сөйлемдері қысқа, сөздері нақты. Сондықтанда қалың көпшілік оларды жақсы түсінеді.
Абай - әлемдік тұлға. Ол өзінің сезімдерімен ғана оқырманға әсер етіп қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының өне бойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандылыққа қарсы бітпес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.
Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.
Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы хабарбар етті. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны даындаған облыстық басқарманы халық тағдырына немқұрайлылығы үшін сынға алады, халыққа тиімді өзгерістерді талап етеді. Ш. Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшелігін ескеру реформа дайындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты.
Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы пікірін тереңдете түсіп, реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады.
Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе – Шоқанның прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады.
Пікрімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқа да ойларын келтіре алар едік. Мысалы, «Жонғария очерктерінде» Құлжада көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, Еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.
Қазақ даласында құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерді меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін би атанғысы келген адам халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің білімділігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі халықтың арасында тез таралып, танылады. Үкім шығару мәселесінде би мен соттың функциясы бір болғанымен, араларында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Бидің балалары заңнан тәлімі бар болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қалады.
Сол сияқты:
Бидің санына шек қойылмайтын болса, әрбәр округте мировой судья бірнешеу болады.
Биді ресми түрде ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де, Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сиятқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Ал мировой судьяның сайлауында арнаулы тәртіп, парық бар.
Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады, оның беделі жойылғанда билік құруына құқы болмайды. Би қазынадан да, халықтан да ешқандай пұл алмайды, бірақ, биден биақы алады, ал, мировой судьяға земствоның алым-салығынан белгілі мөлшерде қаражат бөлінеді.
Билердің мәжілісі мезгілсіз, кейдейсоқ оқиғалар мен ахуалдардың себебі бойынша шақырылады.
Әрине, билердің қанаушы тап мүддесін көздейтіні, халықты езуге мүдделі болғаны талас тудырмайтын жайт. Бірақ, Шоқанды өз заманы тұрғысынан алсақ, ол мәселе дұрыс шешілген деген ойға келеміз. Шынында да, халыққа бала кезінен таныс, беделі бар билер сотын сақтап қалуда белгілі бір тәртіп бар. Шоқан бітімгершілік соттың әділетсіздікке баратынын соның басқалай былықтарын да жақсы білген. Отаршыл Ресейдің отаршыл сотынан әділет күту қиын болғандықтан, Шоқанның билер сотын сақтап қалуға ұмтылуы көңілге қонады.
Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жанаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық правоны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың озық мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы етіп барлық қазақ ауылдарында орыс-қырғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. Өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын «айрықша мәнді оқиға» деп атап, оны «қырғыздардың нақты білімінің бастамасы» деп санады.
Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін «Қырғыз хрестоматиясының» бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар – қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар – ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.

. Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндерді интеграциялау мысалдары.


Мақсаттары: Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы басқа оқу пәндерінің мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;
Адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек, өйткені ол өзгермейді. Қандай ұрыс – керіс, жанжал қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңу керек және де мұғалімнің мынандай заңдарын өзіме керек еттім: Баланы сүйю, түсіне білу, шабыттандыра білу.
Мұғалімге мынандай парыздарды білу міндет: Баланың бойындағы шексіз кемелдену мүмкіндігіне сенім, өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға сену, тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.
Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық.
Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – анамен педагогтың міндеті сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету.
Мейірімді мінезі болмаған адам түкке де тұрмайды, ол талмен тең болады. Мінез өмірді мәңгі етеді, ол өлімді де жеңеді.
Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл — ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.
«Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.
Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан,тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор деп есептеймін. Сондықтан ұстаз да өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді дегендей өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен ықпалдастыру түрлерінен мысал келтіріп отырмын
.
Пәндер бойынша интеграция
1 мысал
Қазақ тілі
Қазақ тілінен 7 септік тақырыбымен таныстыру барысында, яғни Атау, Ілік, Барыс, табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес септіктері әр түрлі болғанымен бәрін бір сөзбен «Септіктер» деп атаймыз.Ендеше балалар бізде осы септіктер секілді бойымызда 7 қасиет бар.
Көру – әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау.
Есту-әлемдегі керемет дыбыстарды есту.
Дәм сезу- ең дәмді мен ащының дәмін тату.
Сезіну –ізгілікті жүрекпен ұғыну.
Ұстау – екі қолмен жақсылық жасау.
Аялау- қолда бардың қадірін білу
Махаббат- сүйіспеншілік.
Адам бойындағы осы қасиеттер бізге алланың жасаған сыйы. Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бір де-бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек «Адам» деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін жақсы пейілмен іске асыра алады.
2 мысал
Дүниетану
«Жыл мезгілдері » тақырыбын өткенде «Қыс», «Жаз» мезгілінде болатын табиғаттағы өзгерістерді адам бойындағы қасиеттерімен байланыстырып жазу. «Қыс» — қатал, суық, ешкімді аямайды, боран.
«Жаз» — мейірімді, жайдарлы, жылы, ашық
Сіздерге жылдың қай мезгілдері ұнайды? – деп сұрай отырып, ендеше біз мейірімділік, шыдамдылық, сабырлылық құндылығына тән сипаттар арқылы жан-жағымыздағы адамдарға күн нұрының жылуындай жақсы қасиеттерімізді тарата білейік деймін.
4 мысал
Математика
Математика пәнінен «Теңдіктер мен теңсіздіктер» тақырыбына байланысты есептер шығару.
Арман мен Нұржан базардан бірнеше қап астық әкелді. Арман әкелген астықты бір-біріне қиянат жасамай теңдей бөлісті. Астық әрқайсысына теңдей тиесілі болды. Бірақ, бір қап артық қалды. Арман 1 қап астықты сүйіспеншілікпен Нұржанға берді. Нұржан ризашылығын білдіріп 1 қап астықтың жартысын Арманға берді. Арман мен Нұржанда қанша қап астық болды?
Міне балалар адам баласының бойында ізгілік қасиеттері көп болса, оның адамгершілігі де көп болғаны. Егер тәрбиесі дұрыс қалыптаспаса бір-біріне қиянат жасаған болар еді.
4 мысал
Математика
5 санының құрамын өткенде 5 санының құрамын тақтаға жазады. Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыра отырып 5 құндылықпен таныстырамын. Сүйіспеншілік, Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Ақиқат – өзін-өзі танудың мақсаты, сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы, дұрыс әрекет – өмір, ішкі тыныштық және қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі деп білемін. Сондықтан 5 құндылық сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген адам осы құндылықтарды іс-жүзінде қолданып, оларды адам ниетімен және ақ пейілмен таратса сол адамды білімді адам деп атауға болады.
5 мысал
Дүниетану
Дүниетану пәнініен «Өсімдік мүшелері» тақырыбында Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады. Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырса гүлдеп жайқалып өседі. Сол сияқты балаға жас кезінде риясыз сүйіспеншілікпен дұрыс тәрбие берсе еліне қызмет ететін , бойында адамгершілік қасиеті мол нағыз азамат болып өседі.
1.Қазақ тілі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру: Мысалы Синоним сөздер
• Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ дыбысталуы басқа – басқа сөздерді синоним дейміз.
• Мысалы: әдепті, тәртіпті, ақылды, білімді, сыпайы…..
• Түйін: «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», деген мақалдың мәнін ашатын болсақ, егерде бала өз ісінде дұрыс әрекет жасайтын болса, атқаратын істеріне сүйіспеншілікпен қарап, әрдайым өзін тек қана тыныштықта ұстайтын болса, ешкімге ешқашан да қиянат жасамайтын болса онда сол баладан дұрыс әдепті, тәртіпті адам шығатынымен түйіндеу.
2.Дүниетану пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым – қатынас жасай алуы;
Мысалы: “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” деген мақалдың мәнін ашу.
• Түйін: егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз деп балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға, ішкі тыныштықтарын сақтай білуге үйрету арқылы түйіндеу.
3.Дене тәрбиесі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру Денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
Мысалы: «Шынықсаң, шымыр боласың»
• Түйін: Осы мақалдың мәнін ашатын болсақ, баланың салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен дұрыс әрекеті арқылы жақсы жетістіктерге жете алатынынакөзін жеткізу арқылы түйіндеу.
4. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мысалы: “Тауық пен балапандар”
Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 2-еуі,
Артта қалды 2-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан?
“Торғай екеш торғай да- өз балапанын қорғайды”. Тауық-ол ана, өзінің балапандарын қорғап, үнемі көз алдында болғанын қалайды. Бізді анамыз қалай өсіріп, біз қуансақ қуанып, біз мұңайсақ мұңайып жанымызда болса, тауықта өз балапандарының көз алдында болмағанына мазасызданды.
Түйін: Адам бойындағы мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық болса және ол қасиеттерге дұрыс әрекет жасай білсек әрқашанда бір –біріне деген сүйіспеншілік туындайды
5. Қарым –қатынас туралы. Мысалы: “Нан-ардақты асыл ас”
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп,алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
“Нанда анамның иісі бар»
Нан біздің алдымызға келу үшін, қаншама адам еңбектенеді. Қаншама қиын жолмен келген асты, тастауға, басуға, ойнауға болмайды. Ендеше ауыр жолмен келген нанды құрметтеп, қастерлеп, үлкендердің еңбегін
бағалап жүрейік.
Түйін: Нанның қадірін білу және адамның еңбегін бағалау.
География және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары — жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су – түссіз, мөлдір, иісі – дәмі жоқ, ұдайы ағыпжатады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылық
тар көп болады.
«Өз өмірің өз қолыңда» -демекші әркім өз тағдырын өз қолымен жасайды.
 Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек.
Жүсіп Баласағұн




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет