ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІ •
1382 ж. Тоқтамыс Алтын Орданың бұрынғы күшін
қалпына келтіру үшін Мәскеуге шабуыл жасап, қаланы
өртеп жібереді
1376 ж. Сауран түбіндегі шайқас: Тоқтамыс хан Ақ
Ордаға шабуыл жасайды және Темір Мәлік ханнан
жеңіледі
1379 ж. Темір Мәлік пен Тоқтамыс екінші рет
шайқасады. Тоқтамыс жеңеді де, Сығанақты біржола
қолына алады
1365 ж. 22 маусымда Батпақ жерінде («Батпақ
шайқасы») Ілиясы Қожа мен Әмір Темірдің әскері
кездесіп, шайқасады. Әмір Темір жеңіліп, қашып кетеді
1372-1390 жж. Әмір Темір Моғолстанға 10 рет шабуыл
жасайды
1395 ж. Терек өзенінің жағасында
Әмір Темір қайта
жеңіске жетеді де, Тоқтамыс жазаланады
1456-1457 жж. Сығанақ түбінде Әбілқайыр хан
ойраттарды басқарған Үз Темірден жеңіліп, Шығыс
Дешті қыпшаққа шегінеді
1391 ж. Құндызша жерінде Әмір Темір мен Тоқтамыс
арасында шайқаста Темір жеңеді