Ежелгі Үндістан Жоспар: Үндістан тарихының зерттелуі Табиғат жағдайы



бет1/6
Дата24.02.2023
өлшемі42,57 Kb.
#170075
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ежелгі Үндістан




Ежелгі Үндістан
Жоспар:
1. Үндістан тарихының зерттелуі
2. Табиғат жағдайы
3. Халқы
4. Б. э. Дейінгі ХV – VI ғасырдағы Үндістан
5. Маурья державасының құрылуы
6. Үндістан жеріндегі діни ағымдар
7. Үндістан мәдениеті
1. Үндістан тарихының зерттелуі. Үндістанның орта ғасырлар кезінде тілі мен мәдениеті толық өзгерген Египеттен және Алдыңғы Азияның бірқатар елдерінен айырмасы, ол өткенінің барлығын ұмыттырып жіберетіндей күрт өзгерістерге ұшыраған жоқ. Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, оқылып және айтылып отырды. «Арийлар жаулап алғаннан кейінгі» Үндістанның тарихы бізге негізінен поэтикалықшығармалар арқылы белгілі болып отыр. Алайда Үндістан мыңдаған жылдар бойында Европа үшін сыры мәлімсіздеу ел болып келді. Б. э. XVIII ғасырында Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу де осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі У. Джонс үндінің ежелгі жазба ескерткіштерін санскриттен ағылшын тіліне аударды.
Б. э. ХІХ ғасырында Ф. Бопп негізін қалаған үнді-европалық тіл білімі дамуына байланысты тіл мамандары Үндістандағы тілдерді шұғыл зерттеп игере бастады.
Ежелгі үнді әдебиетін зерттеуге орыс филологтары И. П. Минаев, К. А. Коссович және басқалары елеулі үлес қосты. Санскритте жазылған ескерткіштерді басып шығару, аудару және зерттеу Үндістанның өте ертедегі тарихымен танысу үшін жағдайлар туғызды. Алайда бұл елдің тарихи ерекшелігі дұрыс түсінуге буржуазиялық ғылымға тән бірқатар әдейі бұрмаланған көзқарастардың тууы кедергі жасады. Үнді-Иран тілдерінің европалық тілдермен сөзсіз байланыстылығы осы тілдерде сөйлейтін халықтарды жоғарғы нәсіл ретінде Үндістанның ежелгі тұрғындарына қарама-қарсы қоюға себеп болды. Сөйтіп, Батыс Европа мен АҚШ-тағы қазіргі нәсілшілер ежелгі және орта ғасырлық Үндістанның билеуші топтары арасында қалыптасқан қате қағиданы толық қабылданды. Бұлар үнді-иран тайпаларына қолданылған «арий» («асыл текті») деген «құрметті» атақты Европа халықтарына таңуы арқылы тіпті олардан да асып түсті. «Арий нәсілі» жөніндегі ғылымға жат және реакциялық теория осылайша пайда болды және дамытылды. Әсіресе оны көп уағыздаған – неміс нәсілшілерінің өкілі С. Х. Чемберлен еді. Бұл мәселеде тілдің антропологиялық ерекшеліктермен әрқашан дәл келе бермеуі және бұл соңғысы мәдени деңгейді ешқандай да анықтай алмайтыны жөніндегі факті бұрмаланды. «Арийлік теорияға» жоғарыда айтылған, Пенджап пенСиндте жүргізілген қазба жұмыстары біржолата соққы берді. Үндістанның өткен тарихын зерттеуге зиянды әсер еткен екінші жай – бұл елдің даму жолы өзге елдерге мүлде ұқсамайтын айрықша жол деген теріс концепция болды. Жергілікті ерекшеліктерге шектен тыс мән беріліп, Үндістанның өткен жолы бүкіл адамзат тарихына қарсы қойылды. Осы тұрғыдан келгенде Үндістанның осы заманғы буржуазиялық тарихшылар тарихи дамудың жалпы заңдарының өз елдеріне де ортақекенін мойындағысы келмей, көп қателіктер жіберді. Үнді қоғамын зерттеу ісіне К. Маркс үлкен көңіл бөлген. Ол өзінің «Индиядағы британ өктемдігі» атты еңбегінде үнділердің селолық қауымдарының классикалық сипаттамасын береді, олардың неліктен берік және орнықты болғандығының себептерін көрсете отырып, түбінде бәрібір ыдырауға тиіс екенін айтады. Ол «осы кішкентай қауымдардың өзінде касталық айырмашылықтармен құлдықтың таңбасы болды» және «олар қаншалықты жанашырлықтай мүсәпір болып көрінгенмен, әрқашанда шығыс деспотизмінің берік негізі болып...» келгенін атап өтті.
Үндістанның мәдениетінің тарихы үшін С. Ф. Ольденбургтың, Ф. И. Шербатскийдің және басқаларының еңбектерінің маңызы зор. Үндістанның бүгінгі таңдағы прогресшіл ғалымдары өз елдерінің тарихын түсіндіруге марксизм-ленинизм классиктерінің қағидаларына сүйенеді. Әсіресе Д. Р. Чанананың «Ежелгі Үндістандағы құлдық» атты монографиясын атап айту жөн, ол өзінің бұл еңбегімен осы елдегі құл иеленушілік жоққа шығарғысы келетін теорияларға шешуші түрде соққы берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет