Ежелгі Түркі мәдениеті. Орындаған : Айтбай Гүлназым



бет3/5
Дата08.02.2023
өлшемі28,76 Kb.
#168063
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com

Кейін ғылымда «руникалық жазу» атты термин пайда болды. Осы мәліметтер баспасөз бетіне жарияланғаннан кейін, тұңғыш рет Финляндия археологиялық қоғамы 1875 ж. және 1889 ж. Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосуретті атлас жариялаған. Ал 1889 ж. орыс ғалымы Н.М. Ядринцев бастаған ғылыми экспедиция Минусинск ойпаты Енисей өзенінің аңғарымен жағалай отырып, Монғолия жеріндегі Орхон өзеніне дейін барып қайтты. Осы экспедиция нәтижесінде биіктігі 3,5 метр Күлтегін жазуы табылды. 1890 ж. Ядринцевтің ізімен финдердің Гейкель бастаған үшінші экспедициясы және орыстардың 1891 ж. Радлов бастаған екінші экспедициясы (құрамында Ядринцевте бар) зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. 1892 ж. екі экспедицияның да қорытынды нәтижелері шығарылып, Гелсингфорс және Санкт-Петербург қалаларында арнайы мәжіліс өткізілді. Осыдан соң-ақ бүкіл дүние жүзі ғалымдарының алдында шешімін күткен жаңа проблема қойылды. Ол «руникалық» таңбаларды оқу еді. Осы кезде Дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімінің профессоры, түрколог ғалым В.Томсен 1893 ж. өзінің «Тәнірі», «Түрік», «Дулыға» деген сөздерді оқығаны жөнінде мәлімдеме жасады. Осы оқудың нәтижесінде тұңғыш рет құпия жазуды оқудың құпия кілтін тапты. Сонымен бірге Радловта КТЕ-нің 16 таңбасын ажыратқанын мәлімдеді. 1894 ж. Радлов орыс тіліне аударып, мәтіннің нұсқасын, латын тіліндегі транскрипциясын қоса жариялады. Ал Томсен болса 1895 ж. өз тіліне аударып шықты. Кейіннен орыс ғалымдары С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский КТЕ-нің зерттелуін тарихи, әдеби тұрғыдан қарастырды. Ал 1965 ж. И.Стеблева «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінің орыс тіліндегі поэзиялық аудармаларын жасады. 1981 ж. М. Жолдасбеков қазақ тіліндегі поэзиялық аудармаларын жазып шықты. Соңғы жылдары қазақ ғалымдары Ғ. Айдаров, С. Аманжолов т.б. ғалымдар ескерткіштердің тілін жан-жақты зерттеген, зерттеп келеді.


  • Кейін ғылымда «руникалық жазу» атты термин пайда болды. Осы мәліметтер баспасөз бетіне жарияланғаннан кейін, тұңғыш рет Финляндия археологиялық қоғамы 1875 ж. және 1889 ж. Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосуретті атлас жариялаған. Ал 1889 ж. орыс ғалымы Н.М. Ядринцев бастаған ғылыми экспедиция Минусинск ойпаты Енисей өзенінің аңғарымен жағалай отырып, Монғолия жеріндегі Орхон өзеніне дейін барып қайтты. Осы экспедиция нәтижесінде биіктігі 3,5 метр Күлтегін жазуы табылды. 1890 ж. Ядринцевтің ізімен финдердің Гейкель бастаған үшінші экспедициясы және орыстардың 1891 ж. Радлов бастаған екінші экспедициясы (құрамында Ядринцевте бар) зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. 1892 ж. екі экспедицияның да қорытынды нәтижелері шығарылып, Гелсингфорс және Санкт-Петербург қалаларында арнайы мәжіліс өткізілді. Осыдан соң-ақ бүкіл дүние жүзі ғалымдарының алдында шешімін күткен жаңа проблема қойылды. Ол «руникалық» таңбаларды оқу еді. Осы кезде Дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімінің профессоры, түрколог ғалым В.Томсен 1893 ж. өзінің «Тәнірі», «Түрік», «Дулыға» деген сөздерді оқығаны жөнінде мәлімдеме жасады. Осы оқудың нәтижесінде тұңғыш рет құпия жазуды оқудың құпия кілтін тапты. Сонымен бірге Радловта КТЕ-нің 16 таңбасын ажыратқанын мәлімдеді. 1894 ж. Радлов орыс тіліне аударып, мәтіннің нұсқасын, латын тіліндегі транскрипциясын қоса жариялады. Ал Томсен болса 1895 ж. өз тіліне аударып шықты. Кейіннен орыс ғалымдары С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский КТЕ-нің зерттелуін тарихи, әдеби тұрғыдан қарастырды. Ал 1965 ж. И.Стеблева «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінің орыс тіліндегі поэзиялық аудармаларын жасады. 1981 ж. М. Жолдасбеков қазақ тіліндегі поэзиялық аудармаларын жазып шықты. Соңғы жылдары қазақ ғалымдары Ғ. Айдаров, С. Аманжолов т.б. ғалымдар ескерткіштердің тілін жан-жақты зерттеген, зерттеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет