көне түркі
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездесед
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Ежелгі түріктер мәдениетінің соғдылардың қатысуымен қалыптасқандығы туралы пікірін Я.А.Шер де ұстанады. Көне түрік тас мүсіндері мен балбал тастарын қамтыған алғаш арнаулы зерттеу болып саналатын, оның «Көне түріктердің Жетісудағы тас мүсіндері» атты монографиясында түп дерек ретінде алынған тас мүсіндер арқылы түріктердің дүниетанымы зерттеледі
Я.Шер А.Д.Грач, Л.Р.Кызласов, Л.Йисл сияқты археологтардың бақылауларын жүйелеп, тас мүсіндердің жалпы сипаттамасын, таралуы мен сыныпталуын қарастырады. Нәтижесінде мынандай қорытындыларға келеді. Орхон кешендерінің құрылысы төмендегідей элементтерден тұрады:
1) орталық бөлігі – алтарь орналасқан храм;
2) ескерткіштің құрылуына себепші адамның мүсіні (храм ішінде орналасқан);
3) алтарьді айналдыра қоршаған мүсіндер галереясы және шығысқа қарай созылған балбал тастар тізбегі, арасында сүйкімсіз стелалар да кездеседі.
Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей ұлгіде жүйелесек:
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастр діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды;
Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай кесенелері т.б.
Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген;
Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Евразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну – методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді.
Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.