Әйтеке би ауданы әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы №01 «Әйтеке би ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың



бет2/4
Дата27.02.2020
өлшемі269 Kb.
#57721
1   2   3   4

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрайымы хатшысы

Л.И Соболева А.Ермағамбет
Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызында №4000 болып тіркелді.

Комсомол селосы 8 тамыз 2014 жыл

174


Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай

туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Өрт немесе табиғи зілзаланың кесірінен болған өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшері қосымшаға, сәйкес бекітілсін.

2. Ай сайын:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мұгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін;

2) аудандық білім бөлімі ұсынған тізімдерге сәйкес ұйден оқытылатын және тәрбиеленетін мұгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат сессиясының

төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Ермағамбет
Әйтеке би аудандық мәслихатының

2014 жылғы 8 тамызындағы № 174

шешіміне қосымша
Мүқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері
Өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан болған өмірлік қиын жағдайлар туындағанда немесе залал келтірілгендерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шекті деңгейінде 150,0 мың теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардан басқа санаттарына шекті деңгейінде 80,0 мың теңге;

зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;

мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;

саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға шекті деңгейінде 50,0 мың теңге;

көп балалы отбасыларға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;

жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;

аз қамтылған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;

онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға шекті деңгейінде 80,0 мың теңге.



Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызында №4005 болып тіркелді.
Комсомол селосы 8 тамыз 2014 жыл

172


Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126

«2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126 «2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3737 тіркелген, 2014 жылғы 23, 30 қаңтардағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №3, №4 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«3 873 715,7» саңдар «3 892 165,1» саңдарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттердің түсімдері бойынша

«3 223 715,7» саңдар «3 242 165,1» саңдарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«4 100 669,9» саңдар «4 118 937,3» саңдарымен ауыстырылсын;

2) 9 тармағында:

4 абзац бөлігінде:

«116 800,0» саңдар «118 600,0» саңдарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

ауданға бас жоспарын жасақтауға – 16734,0 мың теңге;

3) 10 тармағында:

4 абзац бөлігінде:

«2 800,0» саңдар «2 715,4» саңдарымен ауыстырылсын;

4) көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімінің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының

төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Ермағамбет
Ақтөбе облысы әділет басқармасында 2014 жылғы 13 маусымда №3945 болып тіркелді.
Комсомол селосы 28 мамыр 2014 жыл
163
Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126

«2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126 «2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3737 тіркелген, 2014 жылғы 23, 30 қаңтардағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №3, №4 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«3 783 418,7» саңдар «3 873 715,7» саңдарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша

«567 654,0» саңдар «568 130,0» саңдарымен ауыстырылсын;

салықтық емес түсімдер бойынша

«76 346,0» саңдар «75 870,0» саңдарымен ауыстырылсын;

трансферттердің түсімдері бойынша

«3 133 418,7» саңдар «3 223 715,7» саңдарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«4 010 372,9» саңдар «4 100 669,9» саңдарымен ауыстырылсын;

2) 9 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«11 286,0» саңдар «48 768,0» саңдарымен ауыстырылсын;

3 абзац бөлігінде:

«5 250,0» саңдар «6 080,0» саңдарымен ауыстырылсын;

4 абзац бөлігінде:

«115 000,0» саңдар «116 800,0» саңдарымен ауыстырылсын;

3) 10 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«492 148,7» саңдар «530 534,7» саңдарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

ведомстволық бағыныстағы білім беру мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына – 11799,0 мың теңге;

4) көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімінің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрайымы хатшысы



М.Көптлеуова А.Ермағамбет
Ақтөбе облысы әділет басқармасында 2014 жылғы 13 маусымда №3946 болып тіркелді.
Комсомол селосы 28 мамыр 2014 жыл
164
Әйтеке би ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Еңбек Кодексінің 238 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би ауданында ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласы мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрайымы: хатшысы:



М.КӨПТЛЕУОВА А. ЕРМАҒАМБЕТ

Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 4 мамыр №3885 болып тіркелді.
Комсомол селосы 15 апреля 2014 жыл

147



Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы


М. Көптлеуова А. Ермағамбет
Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 4 мамырында №3884 болып тіркелді.
Комсомол селосы 15 апреля 2014 жыл

149


2014 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы


М. Көптлеуова А. Ермағамбет
Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 4 мамырында №3886 болып тіркелді.
Комсомол селосы 15 апреля 2014 жыл

146



Әйтеке би аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8, 9 бабтарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Әйтеке би аудандық мәслихатының Регламенті бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы


М. Көптлеуова А. Ермағамбет
Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 29 сәуір №3862 болып тіркелді.
Комсомол селосы 15 апреля 2014 жыл
152
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы хатшысы


М.Көптлеуова А.Ермағамбет
Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 29 сәуір №3861 болып тіркелді.
Комсомол селосы 16 апреля 2014 жыл
161
Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126

«2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №126 «2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3737 тіркелген, 2014 жылғы 23, 30 қаңтардағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №3, №4 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«3 660 599,7» саңдар «3 783 418,7» саңдарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттердің түсімдері бойынша

«3 010 599,7» саңдар «3 133 418,7» саңдарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«3 887 553,9» саңдар «4 010 372,9» саңдарымен ауыстырылсын;

2) келесі мазмұндағы 5-1 тармақшасымен толықтырылсын:

5-1.Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 12-1 бабына сәйкес, 2014 жылдын 1 сәуірден бастап, мемелекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгіленгены еске және басшылыққа алынсын».

3) 7 тармағында:

5 абзац бөлігінде:

«242 089,0» саңдар «261 383,0» саңдарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 150,0 мың теңге;

2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мемелекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы төлеуге – 100 675,0 мың тенге;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге – 2700,0 мың теңге;

4) қөрсетілген шешімнің 1, 5 және 6 қосымшалары осы шешімнің 1,5 және 6 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қантардаң бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы хатшысы


М.Көптлеуова А.Ермағамбет
Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 12 наурызында №3812 болып тіркелді.
Комсомол селосы 24 ақпан 2014 жыл

138


Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы: хатшысы:

И.Е Ақжанов А.Ермағамбет


Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 12 наурызында №3811 болып тіркелді.
Комсомол селосы 24 ақпан 2014 жыл

137


Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 126

«2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 126 «2014 - 2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3737 тіркелген, 2014 жылғы 23, 30 қаңтардағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №3, №4 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«3 557 215,0» сандар «3 660 599,7» сандарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттердің түсімдері бойынша

«2 907 215,0» сандар «3 010 599,7» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«3 557 215,0» сандар «3 887 553,9» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшасында:

бюджет тапшылығы (профицит)

«- 33 775,0» сандар «-260 729,2» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

«33 775,0» сандар «260 729,2» сандарымен ауыстырылсын;

2) 9 тармағы:

келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға – 2000,0 мың теңге;

3) 10 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«403 594,0» сандар «492 148,7» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруга – 2800,0 мың теңге;

автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге -10030,0 мың теңге;

4) көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5) Осы шешім 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы: хатшысы:

И.Е Ақжанов А.Ермағамбет



Облыстық әділет басқармасында 2014 жылғы 14 қантарында №3737 болып тіркелді.
Комсомол селосы 24 желтоқсан 2013 жыл
126

«2014 -2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.2014-2016 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосышаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) Кірістер 3 612 481,0 мың теңге,

оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша 567 654,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 76 346,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер бойынша 6 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша 2 962 481,0 мың теңге;

2) шығындар 3 612 481,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру 33 775,0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 38 892,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 5 117,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалынатын

операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы(профицит) - 33775,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 33775,0 мың теңге.

(профицитін пайдалану)

2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

мүлiкке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

акциздер;

табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер;

кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар;

мемлекеттік баж;

мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігіндегі түсімдер;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер

ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша

түсімдері;

мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)

ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын

айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

басқа да салықтық емес түсiмдер;

жерді сату.

3. Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

4. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте орта білім беруде жан басына қаржыландыруды ендіру бойынша апробациялауды жүргізу үшін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес орта білім беретін ұйымдарда білім беру үдерісін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды берумен байланысты республикалық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер жалпы сомасы 207924,0 мың теңге көзделсін.

5. Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 10 бабына сәйкес:

2014 жылдың 1 қантарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 19 966 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды

және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл

санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1852 теңге;

6. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілген субвенциялар көлемі 2 031 924,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

7. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында мемлекеттiк білім беру тапсырмасын жүзеге асыруға – 18308,0 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға– 16315,0 мың теңге;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде физика, химия, биологиялық кабинеттер құруға - 8194,0 мың теңге;

бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды анықтап қабылдауға – 242089,0 мың теңге;

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 39266,0 мың теңге;

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға -16000, 0 мың теңге;

елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 45145,0 мың теңге;

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер түскені ескерілсін:

елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 11286,0 мың теңге;

коммуналдық шаруашылығын дамытуға -5250,0 мың теңге;

мәдениет объектілерін дамытуға– 115000,0 мың теңге.

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

11. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге -403594,0 мың теңге;

алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан

алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге – 10110,0 мың теңге.

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

12. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2014 жылға арналған резерві сомасы 13 000,0 мың теңге болып бекітілсін.

13. 2014 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

14. 2014 жылға арналған қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының каржыландыру көлемі 5, 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

15. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы: хатшысы:
И.Ақжанов А.Ермағамбет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет