«Әке -асқар тау» әкелерге арналған тренинг Мақсаты



бет2/2
Дата21.05.2024
өлшемі20,42 Kb.
#202665
1   2
Байланысты:
Әке асқар тау

Ескеру мен шектеулер.
Баламен қарым-қатынастағы қателіктер Баланың астар санасында қабылдануы: Дұрысы:
Жылама!Жаман балалар ғана
жылайды! Мен әлсіз,жаман баламын! Жарайды,кішкене жылап ал,жеңілденіп қаласың!
Шешесіне ұқсағанын қарашы! Шешемді жек көреді! Сенің анаң ең жақсы адам,ақылды ..
Ой,ақымағымай! Менің ақымақтығымды жақсы көреді! Балам менің ақылды,әдемі(мақтауға тұрарлық істерін айту)
Тыңдамасаң,ауырып қаласың! Ауырмау үшін өз бетіңмен ештеңе істемеу керек Неден ауырғанынының себебін түсіндіріп айту керек.
Ана көршінің баласын қарашы… Мен одан кеммін Балаңызды мақтан тұтатыныңызды айтыңыз
Сенің ақылың жететін іс емес Менің қолымнан ештеңе келмейді Менің ойымша ондайды сен де жасай аласың!
Үлкендердің ісіне
араласпай,жайыңа отыр! Мен түкке тұрмайтын байқұспын.Менің ойым ешкімге қызық емес. Араластыруға болатын іс болса:»Қане,сенің ойың қалай?»-деп сұрау
Әйтеуір бәрін былықтырасың да
жүресің! Келесі жолы өздері істесін, енді ештеңе істемеймін! Әрбір адамның қателесуге құқы бар.Ештеңе етпейді, келесіде байқап істе.
Мадақтау-жазалау жаттығу
Мақсаты:Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы:қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,ал екінші жағына,сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып,ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
2 «Балаңыз туралы не білесіз?» ойын
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Доп беру арқылы ата-ана қойылған сұрақтарға ойланбастан жауап береді.
1.Балаңыздың ең жақын досы кім?
2.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
3.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады.
4.Балаңыздың тәрбиешісі кім?
5.Балаңыз қай топқа барады?
6.Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?
7.Балаңыз кімді үлгі тұтады?
8.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?
« Әкелерге өсиет» жадынымасы.
1.Баланы кемсітпеңіз.
2.Әдепке үйрете адамсынбаңыз
3.Барлық жағынан оған беделді болыңыз.
4.Баланы әрқашан мұқият тыңдаңыз.
5.Онымен араласуда оның бойында жағымсыздық пен жек көрушілікті тудыратын сөздерден аулақ болыңыз.
6.Уәделерді қорқытумен алмаңыз.
7.Бетінен қақпаңыз.
8.Балаға тұлға ретінде қараңыз
9.Қатал және мейірімді бола біліңіз,
себебі,»Әкенің қаталдығы-тамаша дәрі: онда ащыдан гөрі тәттісі көбірек »
Рефлексия: Бүгінгі тренингті қорыта келе,тренингтен алған әсеріңізбен бөлісуге шақырамын.
Қорытындылау:» Әке-асқар тау» демекші ,өз отбасыңыздың асқар тауы болып отбасыңызға,балаларыңызға,бауырларыңызға үнемі көңіл бөліп , мейірімділігіңіз бен қайырымдылығыңызды аямаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет