Әкеге сағыныш Ардақты әкемізді еске аламыз



Дата11.03.2020
өлшемі12,65 Kb.
#59939
Байланысты:
Әкеге сағыныш

Әкеге сағыныш

Ардақты әкемізді еске аламыз,

Ақыл айтар болған біздің данамыз.

Сенің жоғың егілтеді жүректі,

Кең пейілді, аппақ көңіл панамыз.
Басқа салса көнеміз де тағдырға,

Айналдың –ау дәл бүгінде ақ жырға.

Дұға тілеп еске алатын өзіңді,

Бала-шағаң, туыстарың бар мұнда.


Махаббат, Жанат, Мақпал атты қыздарың,

Сені ойлап жүректері сыздады.

Тұрар ұлың көрсете алмай қызығын,

Көзде жасы, жаны ауырып мұздады.


Немерең бар ата дейтін өзіңді,

Сағынады айтқан әрбір сөзіңді.

Атасының жүзін көрмей сағына,

Желеу етіп жүр бүгінде төзімді.


Анамыз да сізді ойлап егіліп,

Оразақынын жоқтап жүр езіліп.

Орта жаста ерте кеткен асылым,

Орны толмас өкінішің сезіліп.


Аға,бауыр, қарындасың өзіңнің,

Қарашығы біздер сенің көзіңнің.

Әкетайым-қамқоршымыз ақылгөй,

Жадымызда әр мәнісі сөзіңнің.


Тірі болсаң толар ең алпыс үшке,

Сұм ажал ол «сұрқия тартыс күш» пе?

Ортамызда күліп-ойнап жүрер ең,

Кіріп жүрмей бейнеңіз әр қыс түске.


Жақсы адамдар Аллаға керек екен,

Ізгілігі олардың ерек екен.

Өлшеулі өміріңіз неге қысқа,

Жүректе орыныңыз бөлек екен.


Есіміңді қайталатып әр ақ таң,

Орын берсін Аллаһ сізге жәннаттан.



Қорғап, қолдап әруағыңмен ұрпағыңды,

Сақтап жүрші, сақтай көрші жаратқан!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет