фолликулярлы ангина// Науқас оң жақ тамағындағы ауырсынуына және оң жақ құлаққа ауырсынудың берілуіне, бас ауруға және қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Үйінде антибиотикпен емделген. Жалпы жағдайы жақсарылған. 5 күннен кейін дене температурасы 39 градусқа дейін жоғарылаған, тамағының оң жағында жұтынғанда қатты ауырсыну пайда болған. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аузын қиындықпен ашады, дауысы өзгерген, мінгірлеп сөйлейді. Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға және жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Тілшік ісінген және солға ығысқан. Қандай диагноз қоюға болады? //
паратонзиллярлы абсцесс// Ер адам 35 жаста құлағының кенеттен естімей қалуына шағымданады, ауруын байланыстырады құлаққа бөгде дененің енуімен. Отоскопияда: сыртқы есту жолында қоныздың бөлшектері анықталады (қанаты).Қандай диагноз қоюға болады?//
сыртқы есту жолының бөгде денесі// Ауру 16 жаста 1 күн бұрын сол жақ мұрын қанатына шыққан шиқанның іріңдігін сығып шығарған. Содан соң жалпы жағдайы нашарлаған. Қалтырау көп мөлшерде тері ағу, гектикалық температура, қатты бас ауырсыну пайда болған. Шиқан орналасқан мұрын қанатының айналасының жұмсақ ткандары ісінген және инфильтрацияланған, сол жақтағы қабыну процессі ұртқа және еріндерге таралған.Мұрын шиқанының қандай асқыну туралы ойлауға болады?//
кавернозды синустың тромбозы// Мұрын және мұрынның қосалқы қуыстар аурулары қайсысы бас ішілік асқынуларға себепші//
мұрын фурункуласы// Ауру 45 жаста мұрынның оң жақ бөлігінен іріңді бөліністер бөлінетініне шағымданады. Мұрынмен тыныс алу қиындаған 2 апта бойы ауырған. 5жыл бұрын өршу сатысында бірінші рет қосымша мұрын қойнауларының қабыну диагнозы қойылған. Риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы ісіңкі, инфильтрацияланған, сол жақ мұрынның ортаңғы және төменгі гипертрофияланған, оң жақ мұрынның ортаңғы және төменгі жолында іріңді бөліністер көрінеді. Оң жоғарғы жақ сүйектің проекциясының пальпациясында ауырсыну бар. Рентегнограммада оң жақ гаймор қуысында интенсивті қараю байқалған.Қандай диагноз дұрыс?//