Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. Осы сандарды табыңыз



Дата22.04.2024
өлшемі17,09 Kb.
#201148
Байланысты:
мат сауаттыл


  1. Кәсіпорын өз өнімдерінің төрттен үшін экспортқа жіберді, ал осы өнімнің бесінші бөлігін өз жұмысшыларына таратып берді. Кәсіпорынның қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?

  2. 2011 жылғы Азиада қазақстандық команда 53 – алтын мен күміс, 49-қола мен алтын және 38-күміс пен қола медаль жеңіп алды. Барлығы неше медаль жеңіп алған ?

  3. Мұғалім 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауап үшін 4 балл және қате жауап үшін (-1) балл алады. Оқушы барлық сұраққа жауап берді және 60 балл алды. Оқушы қанша сұраққа дұрыс жауап берді ?

  4. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 30маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 1 шілде күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз.

  5. Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. Осы сандарды табыңыз.

  6. 20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасын 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек.Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.

  7. 10 м3 ауа 13 кг тартады. Ұзындығы 4,2 м, ені 3,5 м және биіктігі 2,6 м болатын бөлмедегі ауа қанша тартады?

  8. Ізделінді сан 400-ден артық, ал 500-ден кем. Оның цифрларының қосындысы 9-ға тең және сол цифрлармен кері тәртіпте жазылған санның бөлігіне тең екендігі белгілі. Ізделінді санды табыңыз.

  9. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр пойыздың жылдамдығын табыңыз.

  10. Жер 3 күнде жыртылды. Бірінші күні барлық жердің 56%-ін, екінші күні қалғанының 75%-ін, үшінші күні 330 га жер жыртылды. Жердің ауданы қанша?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет